Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

«Адам және қоғам» білім беру саласына 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және 
«Құқық негіздері» оқу пәндері кіреді.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері оқушылардың ойында әлемнің 
тарихи бейнесін қалыптастыру мақсатында оқу ортасын құруды, адамзаттың сан ғасырлар бойы 
қалыптастырған моральдық-адамгершілік құндылықтардың жиынтығын бойына сіңіруге деген 
ұмтылысты көздейді. Бұл оқу пәндері оқушылардың өткен тарихты ой елегінен өткізіп, ұғыну 
негізінде әртүрлі дереккөздерінен алынған оқу материалдарын талдау және жүйелеу арқылы 
тарихи ойлау дағдыларын дамытады.
«Құқық негіздері» пәні 9-сыныпта оқытылады. Бұл пәнді 9-сыныпта оқытудың екі себебі 
бар. Біріншіден, 10-сыныпта оқушыларға сабақтарды шамадан тыс жүктемеу үшін және сырттай 
бағалау жүргізілетін пәндерді оқуға қосымша уақыт қалу үшін жасалады. Екіншіден, «Құқық 
негіздері» міндетті пәні негізгі мектепте оқытылуы тиіс. Бұл оқу пәнінің мазмұны оқушылардың 


71 |
қоғамның арман-мұраты мен құндылықтары туралы түсініктерін дамытуға бағытталған, мысалы: 
адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, биліктің бөлінуі, заң-
дылық пен құқықтық тәртіп туралы түсініктер. Осы пәннің негізінде оқушылардың оқиғаларға 
жеке көзқарасын айқындау қабілеті қалыптасады және сол арқылы белсенді азаматтық ұстанымы 
мен патриоттық сезімі қалыптасады.
«Өнер» білім беру саласы негізгі мектепте осы жас тобындағы оқушылардың танымдық 
мүмкіндіктерін ескере отырып, музыка, бейнелеу өнері, дизайн және технология пәндерін кірік-
тіріп оқыту әлі де жалғасады. Бұл кіріктірілген курс өнер мен шығармашылықтың нақты түрлері 
бойынша практикалық тәжірибе негізінде эстетикалық талғам мен көркем мәдениетті дамытуға 
бағытталған.
«Дене шынықтыру» білім беру саласы оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау дағды-
ларын күнделікті өмірде қолдануға ынталандыруға бағытталған дене шынықтыру курсы арқылы 
жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет