Самболат посл дип docx



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Самболат посл дип docx

Өлең жанрын оқытудағы әдіс-тәсілдер
Ақпаратты-дамытушы әдісті нәтиже оқушылардың өзіндік танымдық
еңбегінің арқасында алынады. Мұнда баяндау логикасы индуктивті де,
дедуктивті де жолмен дамиды. Ақпаратты-дамытушы әдістерге мұғалімнің
ауызша баяндауы, әңгіме, оқулықпен жұмыс жасауы кіреді.
Алғашқы екі әдіс дайындық жұмысы кезінде үш түрлі жолмен іске
асырылады:
1. Мұғалім мен оқушылардың әңгімелесуі;
2. Мұғалімнің өз әңгімелеуі (өте қысқа түрде);
3. Оқушылардың әңгімесі.
Дайындық кезеңіндегі жұмыс көпшілік жағдайда мұғалім мен
оқушылардың әңгімелесуі арқылы іске асырылады. Мысалы, Ыбырайдың «Кел,
балалар, оқылық!» өлеңін оқыту алдында:
47



Балалар, Ыбырай аталарыңның өткен сыныпта қандай шығармаларын
оқып едіңдер? Не білесіңдер, естеріңе түсіріп көріңдерші? - т.с.с. сұрақтар қою
арқылы оқушылар әңгімеге тартылады.
Ал мұғалімнің өз әңгімелеуі өте қысқа түрде мынадай жағдайларда іске
асуы мүмкін:
1. мәтінде әңгіме болып отырған кезең, қоғам өмірі туралы түсінік беру;
2. жазушының өмірбаяны жайында түсінік беру;
3. мәтін тұсында берілетін тақырыптық түсінік.
Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтелік.
1. Әрбір көркем шығарма белгілі бір дәуірдің өмір шындығын суреттейді.
Егер оқушыға осы шығармада суреттеліп отырған уақыт, заман, кезең туралы
мағлұмат берілмесе, онда мәтін түсінікті болмайды. Мысалы, әдебиеттік оқу
оқулықтарында «Өнер-білім бар жұрттар» т.б. шығармаларды оқығанда мәтінде
өмір сүріп отырған адам туралы және сол адамдар өмір сүрген заман жөнінде
мағлұмат берілмесе, мәтін түсініксіз болып қалар еді.
Пән мұғалімі Ыбырай шығармаларын оқуға дайындық жұмысын қалай
іске асыру жолдарын ойластырады, ол мәтінді оқудың қай түрімен іске асыру
керектігін, оқу сапаларын (дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқу) талапқа сай
деңгейде ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін іздестіреді. 
2. Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны туралы мағлұмат «Әдебиеттік оқу»
оқулығында Ыбырайдың портреті, туып-өскен уақыты, оның қазақтан шыққан
тұңғыш ұстаз екендігі, балаларды оқу-білімге шақырып, өлең, ертегі, әңгімелер
жазғандығы туралы қысқа ғана мәлімет берілген. Ал 4-сыныпта бұл деректер
күрделеніп, оқушы ұғымына сәйкес өңделіп отыр. «Ыбырай Алтынсарин (1841-
1889) қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданының жерінде туған. 1864 жылы
қазақ балаларына арналған мектепті ашушы. Қазақтың тұңғыш ағартушы-
педагогі, ақын, жазушы. «Қазақ хрестоматиясы» және басқа да еңбектер жазған.
Атақты «Жаз», «Өзен», «Кел, бала лар, оқылық!» сияқты өлеңдердің авторы.
Қазақ аңыздарының негізінде көркем шығармалар жазып, орыстың И.Крылов,
Л.Толстой сияқты жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған».
Міне, осы деректі 2-3 минуттық ауызша әңгімелеу әдісін қолданып айтып
беруге болады. Келесі шығармаларын (мысалы, «Бұл кім?») өткенде
өмірбаянды қайталай берудің қажеті жоқ.
3.Тақырыптық түсінік. Ыбырай Алтынсариннің шығармасын оқыту үшін
әуелі ондағы өмір көрінісі жайында кіріспе мағлұмат беріледі. Ол сол
шығарманың мазмұны мен идеясын түсініп оқуға жәрдемдеседі. Мұны
тақырыптық түсінік дейміз.
Тақырыптық түсінікте әңгімеленетін оқиғаға ұқсас оқушылардың көрген-
білгендерін естеріне түсіруге көмектесу, мәтінді түсінуге кедергі келтіретін
кейбір сөздер мен тіркестердің мағынасын ұғындыру т.с.с. кіріспе әңгіме
айтылады. Мысалы, мұғалім Ыбырайдың «Өзен» өлеңін оқытудағы кіріспе
әңгімесінде қандай өзен атауларын білетіндерін, көрген-көрмегендерін сұрақ-
жауап арқылы анықтай отырып, оның көл, теңізден айырмашылығын
оқушылардың көрген-білгендерін пайдалана отырып, әңгіме ұйымдастыру
48


жолымен ашылады. Осы кіріспе әңгімеде оқулықтың 219-бетіндегі сарқырап
ағып жатқан өзен суреті пайдаланылады. Мұндай көрнекіліктер арқылы
оқушылардың зейінін аударып отыру өлеңнің мәні мен мазмұнын түсінуге
біршама септігін тигізеді.
Мұғалім кіріспе әңгімеде өз сөзін түрлі көрнекі және техникалық
құралдардыы көрсету арқылы, сондай-ақ көркем сөздер пайдалану арқылы
жүргізуіне болады.
Проблемалы әңгімелеу әдіс орындаушылық іс-әрекеттен
шығармашылыққа өтудің тиімді жолы болып табылады. Оқытудың белгілі бір
кезеңінде оқушы проблемалық міндетті өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан
мұғалім осы проблеманы зерттеудің жолын көрсетеді. Мұнда оқушы
проблеманы шешуші емес, тек қана мұғалім баяндаған жолдарға бақылаушы
болады. Бірақ, олар танымдық қиындықтарды шешудің мәнін түсінеді.
Проблемалы баяндауда мұғалімнің іс-әрекеті оқушыға проблемалы
ситуация туғызатын проблемалы сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар
беру әдебиеттік оқу сабағында проблемалық жағдайды түрлі жолдармен
ұйымдастыруға болады. Атап айтқанда:

көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды қолдану;

қызықты дидактикалық ойындарды қолдану арқылы;

кейіпкерлерді салыстыру арқылы;

оқушыларда бар білімді топтастыруға көмектесетін сұрақтар қою
арқылы.
Мысалы, «Бұл кім?» өлеңінің кіріспе әңгімесінде «Бұл кім?»
дидактикалық ойынын ойнатуға болады. Ол үшін әкенің, атаның, әженің,
баланың, қыздың, ананың суреттері көрсетіледі. Ана суретінде бесік тербетіп
отырған сәтін бейнеленсе, сабақ мазмұнын аша түсері сөзсіз. Мұғалім: - Бұл
кім? - Оның ана екенін қалай білдің? - Ол не істеп отыр? деген сияқты
сұрақтарды қою арқылы оқушыларды ойлантуға, жұмбақ-міндет туғызуға
болады.
3-сыныпта берілген «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің кіріспе әңгімесін
салыстыру тәсілін пайдалану арқылы проблемалық жағдай тудыруға болады.
«Есте жоқ ерте заманда адамдар бір-біріне керней тартып, дабыл қағып, от
жағып, түрлі-түсті шүберек бұлғап хабар беретін еді. Қазір адамдар бір-біріне
қалай хабар береді?» деген сияқты мысалдарды салыстыру арқылы қазіргі
заман техника түрлеріне тоқталуға болады.
Сонымен өлең жанрын оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды
оқылатын өлеңнің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне
білуге дайындау, екіншіден, оқылатын мәтіннің мазмұнына қызықтыру,
үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп, мәтінмен
жұмыс жасауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Бұл айтылғандардан
шығатын қорытынды – дайындық жұмыстың да көздейтін мақсаты –
балалардың оқу дағдысын қалыптастырып, сол оқығандарын саналы қабылдау
барысында ойлау, шығармашылық әрекеттерінің алуан түрлерін іске асыруға
49


оқушыларды ынталандыру болып табылады. Дайындық жұмысы біткеннен
кейін мұғалім өлеңді өзі мәнерлеп оқып береді.
Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс бойынша оқушының
проблеманы өз бетінше шешуге бейімдеу үшін алдымен зерттеудің жеке
кезеңдерін орындауға үйрету керек. Мұғалім шығармашылық тапсырмалар
қарастырып, проблемалық міндетті жеке бөліктерге бөлшектейді, ал оқушы осы
бөліктердегі проблемаларды өзі шешеді. Нәтижесінде оқушы мәселені
мұғаліммен бірігіп талдайды және жаңа ұғымның мәнін түсінеді. Эвристикалық
әдіске эвристикалық әңгіме, пікірталас, талдау, салыстыру жатады.
Зерттеу әдісінің мақсаты – жаңа проблемаларды шешуде оқушының
шығармашылық іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру. Оқушы бұрын ғылым
шешкен, бірақ өзіне таныс емес проблеманы меңгереді.
Зерттеу әдісі білімді шығармашылықпен меңгеруді қарастырады. Оның
кемшілігі оқушы мен мұғалім салыстырмалы түрде көп уақыт және күш
жұмсайды. Сондай-ақ зерттеу әдісін қолдану педагогтан жоғары кәсіби
шеберлікті талап етеді. Зерттеу әдістерін бақылау, фактілерді жинау және
оларды талдау, тұжырымдау жатады.
Педагогика ғылымындағы соңғы көзқарастар бойынша әдістерді
топтастырып жібергенімен, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Тәжірибеде «таза» бір әдіс болмайды. Оқу іс-әрекетінің кез келген сәтінде бір
мезетте бірнеше әдіс үйлесімділікпен кіріктіріле қолданылады. Әдістер бірін-
бірі толықтырып, бірінен бірі шығып отырады. Белгілі педагог
Ю.К.Бабанскийдің пайымдауынша, оқу-тәрбие үдерісінде әдістер төмендегідей
қызмет атқарады екен:

білімділік;

дамытушылық;

тәрбиелік;

қозғаушы;

бақылау-түзетуші.
Алматы қаласындағы №173 лицейдің жоғары санатты бастауыш сынып
мұғалімі Садықова Бақыткүл өлең жанрын оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып, сабақ формаларын түрлендіре отырып жүргізеді. 
Өлеңдерді төмендегі оқу тәртібімен былайша өткізеді: 
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен дайындық
әңгіме өткізеді. Өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық
келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздермен сөз тіркестерінің мағынасы
түсіндіреді. 
2. Өлеңді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ
болмаса, алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Содан кейін өлеңді оқушылар
дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
3. Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге
бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады. 
4. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады. 
50


5. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық
жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу,
жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім, немесе
өлең тұтас оқытылады. 
Тәжірибелі ұстаз 2-сынып оқушыларымен «Көктем жыры» өлеңін өтуде
сызбаны пайдаланып, әңгімелету әдісімен оқушыларды сабаққа қатыстырып
отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет