Самболат посл дип docx



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Самболат посл дип docx

6. Өз бетімен жұмыс.
Абайға арнап дәптер басталады. Оны "Абайтану" дәптері деп аталады.
Сондықтан бұл дәптерді Абай шығармаларын өткен кезде пайдаланып
отырамыз. Оқушылар тақтада жазулы тұрған сұрактарға жауап береді.
Жауабын мәтіннен алады.
Сұрақтар:
1. Жердің әсемдігі
2. Жылқының үні
З. Шөптің биіктігі
4. Ат, айғыр, биенің тойынғаны
5. Құлын- тайдың ойнақтауы
6.Құстардың ұшу кезіндегі дыбысы
7. Сазгерлік өнер Абай атамыздың әнін "Желсіз түнде жарық ай"
үйренеміз.
8.Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
9.Үйге тапсырма:"Жаз" өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап келу.
Жоғарыдағы озат тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, өзімнің
өткізген сабағымның үлгі жоспарын ұсынып отырмын.
54


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі, оның шығармалары
туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету,
есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы
туған елінің табиғатын сүйе білуге, табиғаттың әсемдігін сезіне білуге, оған
қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абай суреті, Қыс мезгілінің суреті, сызбалар, үнтаспа.
Әдістері: Сұрақ-жауап, кубизм, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау 
технологиясының стратегиялары, топпен жұмыс.
 Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды жаңа сабақты қабылдауға әзірлеу.
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілі 4-ке бөлінеді.
- Жыл мезгілдерін ата.
- Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз.
- Кімге қай мезгіл ұнайды?
(Балалар өздеріне ұнататыны туралы әңгімелейді).
Үнтаспадан Қадыр Мырзалиевтің «Жапалақ қар» өлең шумағы
тыңдалады.
Жапалақ қар себелеп
Аспан астын қаптаған.
Секілді көп көбелек
Қонарға жер таппаған.
Өсті, міне, қыс түсті
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті-үсті
Балалар жүр далақтап.
Май тоңғысыз күн қандай
Жаз өтті деу қиын-ақ.
Күн әзілдеп тұрғандай
Қыс киімін киіп ап.
- Балалар, тыңдаған өлең шумағы жылдың қай мезгілі туралы және
авторы кім?
- «Қар» өлеңін тыңдадық.
- Ал, сендер қыс мезгілін қалай суреттейсіңдер?
- Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсан айында жапалақтап
қар жауады. Күн суытады, аяз болады. Боран соғады.
55


- Жақсы, сендер қыс мезгілі туралы ұғымдарың баршылық екен. Бүгін біз 
Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысып, қыс мезгілі туралы
ұғымымызды тереңдете түсеміз.
Өлеңді оқымас бұрын Абай Құнанбаев туралы білетінімізді есімізге
түсірейік. (Тақтаға Абай Құнанбаев портреті ілінеді).
- Кәне, кім Абай аталарыңның өмірі туралы айтады?
- Абай Құнанбаев – ұлы ақын. Ол Семей өңірінде Шыңғыстау маңында
туған. Ол кішкентай кезінен бастап өлең, ертегі, аңыздарды тыңдап өсті. Абай
жастарды өнер- білімге шақырды. Сондай-ақ табиғаттың әсем сырларын,
ондағы құбылыстарды жырға қосты.
- Өте жақсы, енді Абай аталарыңның табиғат тақырыбына жазған
өлеңдерін естеріңе түсіріңдер?
- Абай Құнанбаевтың «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз», «Қыс» деген
өлеңдері жыл мезгілдеріне арналған.
- Сонымен, бүгін біз Абай атамыздың «Қыс» өлеңімен танысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет