Самболат посл дип docx


Әдебиеттік оқу сабақтарында табиғат лирикасын оқытудың әдіс-



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Самболат посл дип docx

 
2.2 Әдебиеттік оқу сабақтарында табиғат лирикасын оқытудың әдіс-
тәсілдері
Лирикалық шығармаларда оқытудағы негізгі мақсат – ақынның
туындысын оқыту, білім негізін сол арқылы беру, жас ұрпақты отансүйгіштікке
және эстетикалық мұраттарға тәрбилеу болып табылады.
Лириканың ішкі құрылымы мен стильдік бітіміне үңілу міндетін орындау
мәтінді талдау барысында пәрменді сипат алады.
Лирика – оқушының көз алдына елестету қабілетін, қиялын дамытады.
Лирикадағы сөз адамның сезім дүниесін оятады, өмірге құлшындырып, сенімін
тұрақтандырады. Ал мұғалімнің міндеті- оқушының образды ойлау қабілетін
қалыптастыру.
Лириканы оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бастауыш сыныптарда
лирикалық шығармаларды оқытуда мұқияттылықты қажет ететін бір жәйт бар.
Ол - лирикалық шығарманы жол қуалап оқыту, оны қара сөзге көшіру арқылы
түсіндіруге құмар болмау. Мұның өзі поэтикалық сөздің тұтастығын бұзады,
нәрін жояды.
Мәселен, 2- сынып оқулығында Сағи Жиенбаевтың «Көңілді көктем»
атты өлеңі берілген [35]:
Қандай көктем көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел, балалар, әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Осы өлеңдегі көктемнің келбетін қара сөзге көшіріп айтса, өлеңнің әсері
әлсіреген болады. Ал өлең күйінде түсіндірілсе, онда поэзиялық тұтастығы
толық сақталары сөзсіз.
40


Бастауыш сыныптарды лириканы оқытуды сірескен сұрақтармен жалаң
түсініктер жүргізу ешқашан жақсы әсер қалдырмайды. Лириканы оқытудың
басты ұстанымы - тарихилық ұстанымы, сондықтан лириканы оқытуда
шығарманың көркем тұтастығын сақтау көзделеді.
«Лирика-сезім мектебі»,-деп тегін айтылмаған. Сондықтан шығарманың
эмоциялық байлығын меңгерту басты талап. Бұл ретте оқытудың әдістемелік
ұстанымдарына айрықша көңіл бөлу керек. Ол үшін лириканы оқытудағы
басты шарт – ақынның өзекті ойын мәнерлеп оқу, жаттату, тақпақтату арқылы
оқушының ынта-ықыласын сол шығармаға аудару. 
Ол мынадай мәселелерге көңіл бөлуді қажет етеді:
1.Қандай әдіс-тәсілді қолдану керек?
2.Басты назар неге аударылуы керек?
3.Өтілетін тақырыпты қалай бастаған жөн?
Лирикалық шығарманы әр қырынан қарастыру үстінде жеке сипаттары
мен тәсілдерін көркемдік тұтастығынан айырылып қалмау жағын ойластыру
керек.
Сабақта орындалатын жұмыстың, оқу тәсілдерінің сипаты мен
амалдарына көбірек көңіл аударғанымыз жөн. Әдебиеттік оқу дұрыс
ұйымдастырылған мектептерде оқушылардың бірсыпырасы ақын болуды
армандап, поэзияны жақсы көретін «ақынжанды» адам болып шығатыны
байқалады.
Кез-келген сабақ әдістеме қағидаларын меңгеруге педогогтық ізденгіштік,
ақыл ойының арқасында ғана жемісті бола алады.
Бастауыш сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытқанда
асығыстықты, үстірт оқуды қаламайды. Оқушының оны құлшынып және
түсініп меңгеруіне, іштей жинақталуына мүмкіндік жасалуы керек. Лириканы
оқыту үстінде «көрнекілік» делініп жүрген ақынның сөзі жазылған үн таспалар,
ақын лирикасын орындаған шеберлер сөзін, әндер тыңдату т.б. кейде сезім
тұтастығына әсер етіп, оқушы ойын бөледі. Лириканы оқып, табиғат сұлулығын
танытуда сақтандыратын бір-екі жайт бар. Біріншісі- мұғалім өз түсінігін, өз
оқуын қуаттап, оқушына өз ыңғайына бейімдеуге тырысады.
Баланың өзіндік іс- әрекетіне, ой пікір еркіндігіне мүмкіндігінше ерік
берген дұрыс. Қазіргі кезде тұлға қалыптастыруда ой еркіндігі қажет.
Бастауыш сыныптардың өзінде лирика табиғаты ашылуы қажет. Ондағы
мәселе – баланы поэтикалық сөзге, оқи білуге құмарттыруда, поэтикалық
сөздерден қол үзуге, оны көңілден қалыс қалдыруға болмайды. Мұны ұққан
оқушы әдемі, келісті, мәдениетті сөйлеуге үйренеді, оның ойында сөз
дарақылығында жол қалмайды.
Лириканың басты бір ерекшелігі – ондағы сөздің көркемдік және суреттеу
құралдарының байлығы.
Келесі әдіс - бұл лирикалық өлеңдерде көп кездесетін көркем сөз тіркесін
мәнерлеп оқу әдісі. Өлеңнің әрбір қатарында (тармағы) өлеңді оқу барысында
дауыс құйылысы арқылы белгілі бір кідіріспен (паузамен) оқылатын жеке сөз
тіркестері (бунақ) болады. Әр қатардағы, яғни тармақтағы осы бунақ кідірісін
41


дұрыс қойып оқығанда ғана мәнерлеп оқудың мағыналық, психологиялық
кідірістері дұрыс жасалынып, оқу әсерлі де, мәнерлі шығады. Кідірістерге
байланысты мынаны ескеріп отыру керек. Шумақ пен шумақ арасында да,
тармақ арасындағыдай кідіріс жасалынады, өйткені күрделі бірнеше сөйлемнен
тұратын ой аяқталады. Терең демалып тыныс алу үшін, екінші шумақты дұрыс
әсерлі оқу үшін бала назарын әсерленуін кемітпеу қажет. Оқу барысында
балаларды көзбен басқарып кімге қалай әсер етіп тұрғанын бақылау үшін де
ұзақтау кідіріс жасалады. Мұндай кідірістерді бунақ кідірісі, тармақ кідірісі,
шумақ кідірісі деп те бөлуге болады.
Бастауыш сынып оқушылары арасында өлең мәтіндерін оқуда өлең
ерекше оқылатын дейтін болар, әндетіп оқитындары да, сөз буынын созып
оқитындары да бар. Тіпті оқи алмайтындары да кездеседі. Сондықтан мұғалім
оқу үлгісін өзі көрсетіп, үлгі бола алады. Қазақ сыныптары үшін балалар
әдебиетінің фоне-хрестоматиясы жоқ.
Театр әртістерінің күй табаққа жазылған бірлі-жарым өлең оқу үлгісін
тыңдатуы, өздері де содан үйренуі қажет- ақ.
Балалардың өлең оқуын таспаға жазып алып, қайтадан өздеріне тыңдату
арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып балаларын
психологиялық ерекшіліктерін бір сөзді қайта-қайта оқығанына немесе тастап
кеткендігіне күлетін болса, оны түзетуге ұмтылады, екінші рет қайталамауға
тырысады. Өйткені бала үлкендерден емес, өз қатарластарынан ұялады, біріне-
бірі қарап теңеледі. Сол себепті мұғалім техникалық құралды көбірек
пайдалануға, бірігіп теледидар мен радиодан балаларға арналған хабарды
тыңдауға, концерттерге қатысуға, оны өзі бірігіп тыңдауға аса назар аударса,
нұр үстіне нұр болар еді.
Лирикалық өлең жырлардың тағы бір ерекшілігі көлемі жағынан келіп, ой
тұжырымдалып айтылатындықтан сөздің мәнді және мағыналық қасиеті,
салмағы арта түседі. Абайдың өлеңге деп қоятын шарты көбінесе осы
лирикалық өлеңдерге тән қасиет.
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан- жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжіреп күннің көзі.
Осы сияқты жалынды сезіммен келістіріп оқуға, ақынның тіліне талдау
жасай білуге оқушыларды төселдіру мектепте лириканы өтудегі басты шарт
болып табылады.
Бастауыш сыныптардың «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында Абайдың
табиғат лирикасына жазылған өлеңдері біршама қамтылған. Әсіресе, жылдың
төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері күшті ақындық шеберлікпен, зор
мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар. Бұлардың композициялық
құрылысында да өзіндік өзгешілік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үшін де
алдымен ақындық бояу арқылы оқушының көз алдына түрлі-түсті табиғат
көріністері келеді. Аталған шығармаларды қазіргі мектеп алдына қойылып
отырған дамыта оқыту приципіне сай шығармашылық сипатта оқушы санасына
42


жеткізудің әдіс-тәсілдеріне тоқталайық. Қандай шығармашылық жұмыстар
болмасын, тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады.
Шығармашылық жұмыс атқару үшін ең алдымен оқушы берілген мәтінді
саналы ұғынуы қажет. 
Саналы ұғынуды профессор С.Рахметова атап көрсеткендей, ең алдымен,
мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындаудан бастап, мәтінге
байланысты сөздік жұмысын жүргізу, шығарманы оқу, оқылған шығарманың
мазмұнын айту, шығарманың жоспарын жасау жұмыстарын сатылап жүргізу
деп түсіну қажет
34.
Абайдың табиғат лирикасын бастауышта саналы ұғындыру барысындағы
ұстаздың кіріспе әңгімесі бастауыш сынып оқушыларының жасына, ой-өрісі,
қабылдауына сай Абайдың әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алатын орнын,
оның шыққан тегі, тәрбие, білім, өнеге алған жерлері, ақынның алдында
қалдырған мол мұрасы, ұрпағына айтар өсиеті жайында болып келеді.
Табиғат, Абайша айтқанда, «Алланың махаббатпен жаратқаны» Абайдың
табиғат лирикасы – оқушыны сұлулыққа тәрбиелеу жолы. Ақын адам
сұлулығын табиғат сұлулығымен бірлікте алады. Мысалы, «Жаз» өлеңінде
жазғы табиғат сұлулығын сыңғырлай күліп үй тіккен қыз келіншектер іс-
әрекеті, қалжыңы деп сұлулық ажырамас бірлікте сипатталады. Ақын табиғат
лирикасында қазақ елінің өмір шындығын әсерлі тартымды сурет арқылы
бейнелеп берудің тамаша озық үлгісін жасаған: «Қыс» өлеңінде: «Шидем мен
тон қабаттап киген малшы. Бет қарауға шыдамай теріс айналды», «Шұрқырап
жатқан жылқының, Шалғыннан жоны қылтылдап», «Жазғытұры» өлеңіндегі:
«Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу» деген жолдардағы шидем мен тон
киген малшының бейнесі, жылқының биік шалғыннан жоны қылтылдап
көрінуі, боздаған түйемен қойдың дауысы – ешбір қоспасы жоқ өмір
шындығы, қазақ ауылының өмір-тұрмысы, оған табиғаттың тигізетін әсері.
Мұндай суретті көркем сөзбен кестелеп көрсетудегі ақын мұраты – ата-
дәстүрді паш ету, жастарды еңбекке шақыру. Байқап қарасақ, ұйқасқан
сөздердің бірдей бір буынды: шу-ду-су; Екі буынды сызы-жүзі – кезі, үш
буынды: болғанда-толғанда-қонғанда, қылтылдап-ыңқылдап-бұлтылдап-
сымпылдап болып келуі табиғат сұлулығын сөзбен мүсіндеудегі ақынның
бейнелеу әдісін, теңдесі жоқ суретшілік шеберлігін жақсы танытады. Міне,
Абайдың табиғат лирикасын оқытқанда ұстаз жоғарыда аталған мәселелерге
ерекше көңіл бөліп, тәптіштеп түсіндіргенде ғана Абай өлеңдеріндегі ерекше
үйлесімдер оқушы сезіміне әсер ете алады. Осылай түсіндірілген шығармадан
кейін оқушы шығармашылық үдеріске оңай енеді. Шығармашылық үдеріске
енудің алғашқы баспалдағы - оқушының танымдық ізденістеріне жол ашу.
Сөзімізді нақтылайтын болсақ, Абайдың «Күз» өлеңі бірнеше рет қайталанып
оқылғаннан кейін: 1) Ақын қандай күзді суреттеген? 2) Өлеңдегі күз көрінісін
ерекше ашып тұрған көркем сөздерді ата. 3) Өлеңнен күзгі адам, жан-
жануарлар тіршілігі туралы айтылған жолдарды тауып оқы – деген сұрақ -
тапсырмаларға жауап алынады, содан кейін ғана барып, шығармашылық
43


жұмыс ретінде Абайдың «Күзі» мен Т.Жароковтың «Ауыл күзін» салыстыру
тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет