Лекция мазмұны: Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу


Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.04.2024
өлшемі261.63 Kb.
#499665
түріЛекция
1   2   3   4   5
TAUGIYHIKDJT19042024093616

Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті: 
1) баланың денсаулығы мен өмірін сақтау; 


2) баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, 
түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен 
қамтамасыз ету; 
3) мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету; 
4) баланың психикалық және дене дамуын түзету; 
5) әлеуметтік бейімдеу мен кіріктіруге ықпал ететін қызметтің 
компенсаторлық амалдарын қалыптастыру; 
6) мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 
7) тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, 
денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету; 
8) балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау 
мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек 
көрсету болып табылады. 
Арнайы білім беру түрлеріне
1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы 
ұйым; 
2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы 
ұйым; 
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы 
ұйым; 
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі 
арнайы ұйым; 
5) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы 
ұйым; 
6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі 
арнайы ұйым; 
7) көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп; 
8) есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп; 
9) сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектеп; 
10) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы мектеп; 
11) зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы мектеп; 
12) психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы мектеп; 


13) арнайы кешенді «мектеп – балабақша»; 
14) психологиялық-медициналық-педагогтік консультация; 
15) оңалту орталығы; 
16) психологиялық-педагогтік түзету кабинеті жатады. 
Арнайы мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі және жалпы орта 
білім беретін арнайы ұйымдарда топтар мен сыныптардың толымдылығы 
балалардың санаты мен олардың жасына қарай «Балалар 
мен 
жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық- 
эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 
қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім 
беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық 
қағидаларына сәйкес жүзеге асады. Балаларға ерте көмек көрсету жүйесінің 
даму тарихы және қазіргі жағдайы. Мүмкіндігі шектеулі ерте және мектеп 
жасына дейінгі баланың дамуы: заңдылықтары және болуы мүмкін 
ауытқулары. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде ерте және мектепке 
дейінгі балаларға психолого-педагогикалық көмекті ұйымдастыру. Ерте және 
мектепке дейінгі жастағы балаларға психолого-педагогикалық көмекті 
диагностикалық қамтамасыздандыру. Ерте және мектепке дейінгі жастағы 
балаларға психолого-педагогикалық көмектің технологиялары. Ерте және 
мектепке дейінгі жастағы балаларға психолого-педагогикалық көмектің жеке 
және топтық бағдарламаларын құрастыру. 
Арнайы білім беру сапасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізгі 
компоненттері. Арнайы білім мекемелер түлектерінің даярлығын бағалау 
дәлдігін жоғарылату үшін арнайы білім берудегі балалардың оқу 
жетістіктерін бағалауда қазіргі технологияларды қолдану. Мүмкіндігі 
шектеулі балалардың оқу жетістік деңгейі туралы метрикалық ақпаратты 
жинақтау әдістері мен оперативті өңдеуді ақпараттандыру. Балалардың әр 
түрлі іріктемелерінің нәтижелерін сәйкестендіру, бақылау және бағалауға 
квалиметрикалық тұғырды қамтамасыз ету, мәліметтерді оперативті 
талдауды жүргізу, олардың нәтижелерін оқыту сапасын жоғарылату үшін 
білім беру үрдісінде қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет