Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады


Патриотизм (грек. patris – Отан) – адамның Отанына, туған еліне, оның  тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі



Pdf көрінісі
бет189/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   195
кітап тарбие туралы

Патриотизм (грек. patris – Отан) – адамның Отанына, туған еліне, оның 
тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. 
Педагогикалық кеңес – білім беру мекемесінің тұрақты жұмыс істейтін 
коллегиялық органы. Оның құрамында мектеп директоры (төраға), оның орын-


309
Глосcарий
басарлары, мұғалімдер, кітапханашы, мектеп дәрігері, ата-аналар комитетінің 
төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің бекіткен шешімі білім мекемесінің 
барлық қызметкерлері үшін міндетті. Педагогикалық кеңес оқу жылының 
басында және әрбір оқу тоқсанының соңында бір рет отырыс өткізеді.
Педагогикалық консилиум – эксперттік бағалаудың түрі, ол белгілі
бір бағдарлама және бірыңғайдағы белгілермен оқушылардың тәрбиесі мен 
жетістігі дәрежесін ұжымдық талқылау негізінде қабылданады. Баланың
қалыптасуындағы кемшіліктерді анықтап, оны жоюдың құралдары туралы
ұжымдық пікірді белгілеуге болады. 
Педология – балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында психологиялық, 
анатомия-физиологиялық, биологиялық және әлеуметтік әдістерді жалпылама 
пайдалануға талпынатын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасындағы 
(С. Холл, П.П. Блонский және т.б.) педагогика мен психологиядағы ағымында 
ғылыми материал жинақтаған, алайда КСРО-да буржуазиялық ғылым ретін-
де қате бағаланды және тыйым салынды (БКП(б) ОК-нің 1936 жылғы «Нар-
компрос жүйесіндегі педагогикалық бұрмаланушылықтар туралы» қаулысы), 
нәтижесінде педагогикалық жас ерекшеліктер психология, психодиагности-
каның табиғи даму барысына кері әсер етті. Қазақстанда педологияның негізін 
салушы профессор Х. Досмұхамедов болатын.
Портфолио – АҚШ-та кең тараған білімді бағалаудың жүйесі. Мәні – 
оқушының оқу-танымдық әрекетінің үлгілерінің және өнімдерінің сыртқы
көздерден (мұғалімдерден, сыныптастарынан, ата-аналардан, ұжымнан т.б.) 
алынған сәйкес келетін ақпараттардың материалдарын жинау, әдістемелік 
талдау ұйымдастырылады. Әрбір оқушының білім деңгейін жан-жақты
сандық және сапалық жағынан бағалайды, оқыту процесі одан әрі түзеті-
леді. Мақсаты – оқушының неге қабілетті екенін барынша көрсету.
Сынып жетекшісі – КСРО мектептерінде 1934 жылы енгізілді. 1) педа-
гогикалық қызметкер, оның лауазымды міндеті: бала тұлғасының дара дамуы 
және қалыптасуына қажет қолайлы жағдай жасауға ықпал ету; 2) мектептегі 
баланың білімі мен тәрбиесіне жауапты және әр бала үшін қолайлы орта және 
моральдық-психологиялық климат туғызатын мұғалім.
Негізгі функционалдық міндеті: балалардың өз арасында, мұғалімдермен, 
ата-аналар мен қарым-қатынасы кезінде туындаған проблемаларды шешуде 
көмек көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет