3 лекция
Импульстің сақталу заңы
3.1.Материялық нүктелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.
3.2. Массалар центрі. Массалар центрінің қозғалыс теңдеуі.
3.3.Массасы айнымалы дене қозғалысы. Мещерский және Циолковский
теңдеулері.
3.1.Материялық нүктелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы.
Тұтас
дене деп қарастырылатын, материялық нүктелер мен денелердің
қосындысы механикалық жүйе деп аталады. Механикалық жүйедегі
материялық нүктелердің ӛзара әсерлесу күштері
ішкі күштер деп аталады.
Жүйенің материялық нүктелеріне сыртқы денелерің әсер ету күштері
сыртқы күштер деп аталады. Сыртқы күштер
әсер етпейтін денелердің
механикалық жүйесі тұйық жүйе (немесе оқшауланған жүйе) деп аталады.
Егер біз кӛп денелерден тұратын механикалық жүйеге ие болсақ, онда
Ньютонның үшінші заңына сәйкес осы денелердің ӛзара әсерлесу күштері
бір-біріне тең
және бағыттары қарама-қарсы, яғни ішкі күштердің
геометриялық қосындысы нӛлге тең болады. Тұйық жүйе үшін импульстің
(қозғалыс мӛлшерінің) сақталу заңы:
⃗
⃗⃗⃗⃗⃗
⃗⃗⃗⃗⃗
⃗⃗⃗⃗⃗ немесе ⃗ ∑
⃗⃗⃗⃗
Достарыңызбен бөлісу: