Гц дыбыс үшін
қаттылық 1 фонға тең болады. Мысалы, үлкен
жылдамдықтағы метро вагонындағы шу 90 фон болса, 1 м
қашықтағы
сыбырлау 20 фонға тең.
Дыбысты сезу тембрдің биіктігімен сипатталады. Жиілік артса,
дыбыстың биіктігі жоғарылайды. Нақты дыбыс әртүрлі жиліктердегі
гармоникалық тербелістердің қосындысынан тұрады. Яғни, ол
акустикалық
тұтас немесе сызықты спектрлермен сипатталады. Акустикалық спектрлердің
сипаттамасы және энергияның анықталған жиіліктер аралығында үлестірілуі
тембр деп аталатын дыбыстың сезгіштігін анықтайды. Мысалы, бір нотаны
алатын әртүрлі әншілердің акустикалық спектрлері бірдей емес (олардың
тембрлері әртүрлі). Кез келген серпімді ортада дыбыс жиілігімен тербелетін
дене оның кӛзі болады. (Домбырада оның шегі, үрмелі
құбыршада ауаның
кӛлемі). Дене тербелісін ӛзіне жақын орналасқан ортаның бӛлшектеріне беру
арқылы белгілі бір жылдамдықпен толқын таратады. (Толқынның жиілігі
кӛздің тербелу жиілігіне тең). Толқынның ортадағы таралу
жылдамдығы ,
оның тығыздығы мен серпімділік қасиеттеріне тәуелді: √
.
Газдардағы
дыбыстың таралу жылдамдығы мына формуламен есептеледі:
√
(3)
Мұндағы,
R универсал газ тұрақтысы,
М молярлық масса,
тұрақты
қысым
мен
кӛлемдегі
газдың
молярлық
жылу
сыйымдылықтарының қатынасы,
Т – температурасы. Формуладан газдардағы
дыбыс жылдамдығының қысымға тәуелсіз және температура ұлғайған сайын
артатындығы шығады.
Жиілігі
>20
кГц дыбысты (ультрадыбысты) құлақ естімейді.
Ультрадыбыстың жиілігі жоғары, толқын ұзындығы кіші болғандықтан, оны
жарық сияқты бағытталған толқын ретінде алуға болады.
Ультрадыбыс практикада және техникада (бағытталған су асты
сигнализациясында, су астындағы заттардың қашақтығын, теңіздің тереңдігін
анықтауда), ғылыми-зерттеу жұмыстарында (заттардағы ақауларды, анықтау,
әртүрлі үрдістерге кристализацияға, диффузияға, жылу және масса алмасуға
әсер ету), медицинада
диагностика жасауда, хирургияда қолданылады.
16>
Достарыңызбен бөлісу: