1. Физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Физикалық шамалардың ӛлшемділігі және ӛлшеу бірліктері



Pdf көрінісі
бет53/59
Дата25.04.2024
өлшемі2.69 Mb.
#499822
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Механика

Екінші постулат. Жарық жылдамдығы вакуумде жарық көзінің 
қозғалысына тәуелсіз және барлық бағыттарда да бірдей. Бұл жарық 
жылдамдығы вакуумде барлық санақ жүйелерінде бірдей дегенді білдіреді. 
Сонымен, жарық жылдамдығы табиғатта ерекше орын алады, бір санақ 
жүйесінен екіншісіне ӛткенде ӛзгеріп отыратын барлық жылдамдықтардай 
емес, жарық жылдамдығы инвариантты шама болып табылады. 
Жылдамдықтың мұндай түсінігі кеңістік пен уақыт жайлы кӛзқарастарды 
түпкілікті ӛзгертеді. 
Уақыттың баяулауы 
Келесi қарастыратын мәселе – түрліше санақ жүйелерінде уақыттың 
ӛтуін салыстыру. Уақыт сағаттармен ӛлшенедi, ал сағат қандай да бiр 
периодтық процесс пайдаланылатын кез келген құрал. Сондықтан да 
салыстырмалылық теориясыңда инерциялық санақ жүйелерінде барлық 
жағынан бiрдей болатын сағаттардың жүрістерiн салыстыру қабылданған. 
Бұл мәселенi шешудің ең қарапайым жолы: ойша қойылған (жалпы 
мүмкін болатын) тәжірибенің кӛмегіне сүйену. Бұл үшін жарық сағатын - 
екі ұшында айналар орналасқан және олардың арасында қысқа жарық 
импульсы «жүгipiп» жүретiн шыбықты алайық. Мұндай сағаттың периоды 
жарық импульсінің шыбықтың белгiлi бiр шетiне екі рет жетіп үлгеретiн 
уақыт интервалына тең болады. 
Одан әpi бiр-бiрiне қатысты V жылдамдықпен қозғалатын екі 
инерциялық К' және К санақ жүйелерiн алдық делiк. АВ жарық сағаты К' 
жүйеде тыныштықта және оның К- жүйеге қатысты қозғалысы бағытына 
перпендикуляр орналасқан болсын (1-сурет). Ендi осы сағаттың жүрісiн екі 
санақ жүйесiнде де: К' және К бақылайық. К' жүйеде 
сағат қозғалмайды, оның периоды:
(1) 
мұндағы, − айналардың ара қашықтығы, c -жарық 
жылдамдығы. 


Сағат К жүйеге қатысты қозғалыста болса да, айналардың арақашықтығы l
себебi денелердің кӛлденең ӛлшемдері барлық инерциялық санақ 
жүйелерінде бiрдей. Бірақ жарық импульсінің бұл жүйедегi жолы басқаша
сынық-сынық болады (1-сурет): жарық импульсі тӛменгі айнадан жоғары 
айнаға жетем дегенше, ол оңға қарай қайсыбiр қашықтыққа ығысып үлгередi 
және т.с.с. Сондықтан жарық импульсы тӛменгі айнаға қайтып оралу үшін К 
жүйеде үлкенiрек қашықтықты ӛтедi, бірақ сол c жылдамдықпен таралады. 
Демек сағат тыныштықта тұрғанғa қарағанда жарық бұған кӛбiрек уақыт 
жiбередi. Сондықтан қозғалыстағы сағаттың периоды ұзарады – ол К жүйеге 
қатысты баяуырақ жүреді. Қозғалыстағы сағаттың К жүйедегi периодын Δt 
арқылы белгiлейiк. АВ'А' тiкбұрышты үшбұрыштан (сурет)
екендігі шығады, бұдан: 


болатындықтан: 

(2) 
мұндағы,
,
– сағаттың К-жүйедегi жылдамдығы. Осыдан, Δt>Δt
0

яғни, бiр ғана сағат әртүрлі инерциялық санақ жүйелерінде түрліше жүреді; 
ол ӛзі салыстырмалы қозғалыста болатын санақ жүйесiнде ӛзі тыныштықта 
тұрған санақ жүйесiне қарағанда баяуырақ қозғалады. Басқаша сӛзбен 
айтканда, қозғалыстағы сағат тыныштықтағы сағатқа қарағанда 
баяуырақ қозғалады. Бұл құбылыс уақыттың баяулауы деп аталады. 
Уақыттың баяулау құбылысы таза кинематuкалық эффект болып 
табылады. Ол жарық жылдамдығы инварианттылығының мiндеттi салдары 
болып табылады және қозғалыстың әcepiнeн туатын ӛзгерiске сағaт 
қасиеттерiнің ешқандай қатысы жоқ екендiгiн кӛрсетедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет