жағдайды жан-жақты талдау. Бұл міндетке сайлау алдынан 3-6 ай бұрын
кіріседі. Осы
жиналған ақпараттар талданып, соның незінде сайлау
кампаниясының стратегиясын дайындауға қажетті нақты ұсыныстар
дайындалады. Екінші кезең - басталған сайлау
кампаниясын ақпараттық-
сараптамалық қолдаумен қамтамасыз ету. Бұл жерде сайлау кампаниясын
ұйымдастырушылар мен сайлаушылар арасындағы тұрақты кері байланысты
қалыптастыру маңызды. Тиімді кері байланыс басқару субъектісіне өзінің
әрекеттерін
түзетуге
мүмкіндік
береді.
Сайлау
кампаниясын
ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі
жолдар мен құралдар
арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы
статистикалық мәліметтері, тұрғындардың
демографиялық құрамы туралы,
өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу;
тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен
жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау,
бұл өз
кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың
әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен
бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.
Достарыңызбен бөлісу: