Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет183/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиет 
1.Asher,J (1986) The Total Physical Response Method For Second Language 
Learning / Екінші тілде оқытудағы «Тыңдау – Кӛру - Орындау» тәсілі/. 
2.Berg.C.(1999). The effects of trained peer response on ESL students revision types 
and writing quality /Екінші тілді үйренуші оқушының жазылым түрлері мен 
сапасын қайта қараудағы білікті әріптесінің жауабының әсері/. Jounal of Second 
Language Writing 8 
3.Black, B. and Eaton, R.(2011), Developing teaching and learning: The textbook for 
the Cambridge International Certificate for teachers and trainers /Оқу мен оқыту 
деңгейін дамыту. Мұғалімдер мен тренерлерді Кембридж халықаралық 
сертификатын алу үшін даярлауға арналған оқулық/. 
4.Rata.E (2012).The politics of knowledge in education/Білім берудегі білім 
саясаты/ 
5.Burkill.B.and Eaton.R.(2011).Developing teaching and learning: The textbook for 
the Cambridge International Certificate for teachers and trainers /Оқу мен оқыту 
деңгейін дамыту. Мұғалімдер мен тренерлері Кембридж халықаралық 
сертификатын алу үшін даярлауға арналған оқулық/.Cambridge: Cambridge 
University Press 
ОҚУШЫЛАРҒА САРАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН БЕРУ АРҚЫЛЫ ОҚУ 
ДАҒДЫЛАРЫ МЕН БІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Шертаева Гҥлсара Жақсылыққызы 
Шымкент қаласы 
№ 52 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
 
Аннотация 
Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын 
ӛзгерту, білім сапасын арттыру қажеттелігі туындап отыр. Осыған байланысты 
білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып, кӛп нұсқалы білім алу жүйесіне бет 
бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке 
танымдық ерекшелігін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру. Оқу 
материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық 
әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді 
баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес
оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде ӛз бетінше 
білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды 
білдіреді. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың 


алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен 
қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, ӛз бетінше ақыл-ой еңбегінің 
қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуімен байланысты. 
Білімділік мақсат: тақырып бойынша ғылыми-теориялық зерттеу негізінде 
тұжырымдар жасау, оның қорытындысын саралау, білімді меңгертуде дамыта 
оқытудың соны әдістерін анықтау, сабақ беру барысында талдау, саралау, 
болжау әдістерін тиімді қолдану. 
Білім сапасын арттыру: білім беруде теория мен практика үндестігін сақтау, 
оқыту бағдарламасына сәйкес қажетті оқу материалдарымен қамтамасыз ету, 
білім беруде пайдаланылатын соны техникалық оқу құралдарымен толық 
жабдықтау. 
Оқушылардың білім алуын басты қағидат ретінде ұстана отырып, мұғалімнің 
оқу-әдістемелік шеберлігін жетілдіру, оқушылардың білім алу іс-әрекетін 
тиімді ұйымдастыру. Мектепте оқыту теориясын практикамен ұштастыра жан 
бітіретін мұғалімнің әдістемелік білім-білік дағдыларын іс-әрекет обьектісіне 
айналдыру қажет. 
Сабақ ӛту барысында мұғалім оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын 
оята отырып, олардың енжар қалмай, белсенді түрде сабақты меңгеруге 
талпынысын ояту. Білім берушінің теория мен практиканы ұштастыра отырып 
берілген білімнің сапас іс-әрекеттерді баса назарда ұстауы қажет. 
Сабақ мынадай кезеңдерден тұрады: білім берудің мақсаты, білім беруді жүзеге 
асыруда ғылыми-әдістемелік әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау. 
Білімді меңгертуді іске асыру, оның орындалуын бақылау, орындау 
барысындағы қажеттіліктерді тиімді шешу арқылы оқушылардың білімін 
бағалау. Оқушылардың білімін бағалауда қателерін түзету, іс-тәжірибе түрінде 
дәлелдеп кӛрсету, түсіндіру жұмыстары баса назарда болуы қажет. 
Оқушылардың ӛтілген сабақты жете меңгеруі үшін олар сабақты түсіндіру 
барысында бар ынта-шынтасымен тыңдауы керек, терия мен практиканың 
ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет, білім беруші оқушының жаңа 
сабақты меңгеруіне қызығушылықтарын оятатындай әдіс-тәсілдерді жас 
ерекшеліктеріне қарай таңдап алуы тиіс. 
Оқушыларға саналы да сапалы білім беру үшін мұғалім оқытудың активті-
интерактивті 
тәсілдерін, 
заманауи 
әдіс-тәсілдерді 
оқушының 
жас 
ерекшеліктеріне қарай таңдап ала отырып, оны жеткізудің тиімді жолдарын 
жіті меңгеруі керек. Оқушылар жаңа сабақты меңгергенде танымдық-
тағылымдық мәні бар дағдыларды анықтау барысында ғана ӛздігінен білім 
алуға деген нық қадаммен талпыныс жасауға итермелей алады. 
Білім берушінің басты назарға алатын негізгі міндеті болып саналатын 
оқушының білімін арттыру мәселелеріне мыналар жатады: 
Сабақтың ұйымдастыру кезеңіндегі берілетін білімнің негізгі мақсаттары мен 
міндеттерін айқындау. Ӛтілетін тақырып бойынша қандай іс-әрекеттер жасау 
керек, оны қалай іске асыру керек деген мәселеге қатысты іс-әрекеттерді 
нақтылау. Оқушылар жаңа білімді меңгеру барысында қандай бағытта жұмыс 
жасау қажеттіліктері анықталып, оларды іске асыратын қажетті материалдық 


жабдықтарды дайындау. Әрине, ол іс-әрекеттердің барлығы да оқушының жас 
ерекшеліктерін баса назарда ұстау қажет.
Оқушы ұсынылған кӛрнекіліктер негізінде жаңа тақырыпты байыппен бақылап, 
байқап, тапсырмаларды орындағаннан кейін меңгерілген білімді бӛліп алуға 
болады. Ережеге негізінде орындалған жаттығулардың сәйкестілік жолын, 
орындалу ерекшеліктерін, ереже бойынша қандай нәтиже шыққандығын 
айқындайды. 
Мұғаліммен бірге орындалған жаттығуларды егжей-тегжейлі саралап, 
меңгерілген теория мен практиканың сәйкестілігі нақтыланады. 
Ұсынылған материалды рет-ретімен меңгеру барысында оқушылардың 
қызығушылығы, меңгеруі, есте сақтай отырып ары қарай алып кету 
қағидаттарының амал-әрекеттері белсендіріледі. Сол себепті де жаңа сабақты 
түсіндіру барысында оқушының қаншалықты меңгергендігі берік білімнің 
тетігі болып табылады.
Жаңа сабақты ӛту кезінде ең алдымен оқушының сабаққа деген 
қызығушылықтарын арттыру жолдары басты назарда болуы қажет. Себебі, біз 
қызығушылық тудыру арқылы оқушыны шығармащылық ізденіс жұмыстарына 
бағыттай аламыз. Мұндай кӛрсеткішке қол жеткізу үшін оқушылардың білім 
деңгейі мен жаңашылдықты қабылдау дәрежесін бақылай отырып, соған сәйкес 
сабақта берілетін білімнің құрылымын нақтылап аламыз, белгілі бір бағытта 
оқушыны тиянақтылыққа, зейін сала отырып тыңдауға және оқушының ой-
түйсігіне сәйкес қарапайым тілде, нақты әрі ықшам түрде меңгеруін бақылауды 
негізгі ұстанымдардың бірі ретінде бекіту керек. Жаңа сабақта берілетін 
материал мен ӛтілген сабақтың мәліметтерін ӛзара байланыстыра отырып, миға 
шабу тәсілі негізінде сұрақтарды оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес қоя 
отырып, берілген білімнің есте қалу мүмкіндіктерін ұлғайту. Осы тұста, 
оқушыларды бір сарынды теориялық білім беру негізінде жалықтырып алмас 
үшін түрлі ойын түріндегі дидактикалық материалдарды орынды пайдалану 
арқылы оқушылардың ӛз бетімен шығармашылық жұмыс жасауына 
ынталандыру қажеттілігі айқындалады. 
Қазіргі таңда, білім беру жүйесінде тесттік бақылау жұмыстары кӛптеп 
пайдаланылуда. Бұл тесттік жүйе оқушының есте сақтау қабілетін нақты бір 
арнаға бағыттай отырып, біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, оқушылардың ӛз бетінше орындайтын виртуалды 
тапсырмалары арқылы да олардың жеке-дара іс-әрекеттерін, тығырықтан шығу 
жолдарын анықтау үшін ойлау қабілетін шығармашылық белсенділіктерімен 
байланыстыра отырып білімін арттыру. Виртуалды тапсырмалар арқылы 
оқушы білімінің тек сабақ уақытымен ғана шектеліп қалмай, сабақтан тыс 
уақытта да қызығушылығын ояту тӛңірегіндегі мәселелерді кӛтере отырып, 
белгілі бір шығармашылықпен айналысуына бағыт-бағдар беру қажет. Сол 
арқылы біз оқушылардың қаламынан туындаған тың туындыларды кӛре аламыз 
деген үміттеміз. 
Тапсырмаларды орындау жолдарын меңгеру үшін сӛйлемнің құрылымын, 
қалай байланысып тұрғандығын анықтау жолдарын үйрету қажет. Белгілі бір 
жаттығуды орындамас бұрын, оның орындалу тәртібіне, ережелеріне шолу 
жасау керек. Оқушылар кез келген жаттығуды орындауда ол сӛз құрамына 


талдау болса да, сӛйлем мүшесіне талдау болса да немесе фонетикалық, 
синтаксистік талдаулар болса да, оның орындалу жолдарын айқындап алып, 
ішінде ең тиімдісімен ғана жұмыс жасауға дағдыланған, ал оны іске асырудың 
басқа да жолдары барын іздестіріп, сол арқылы жұмыс жасауға талпынбайды 
да. Осы бағытта мұғалім түрлі әдіс-тәсілдер негізінде жаттығуды орындауға 
болатынын оқушыға түсіндіріп, оларды бағыттап отыру қажет. Кез келген сӛзді 
құрамына қарай талдау, оның іске асу түрлері мен қағидаттарын анықтап алу 
қажет. Қағидаттарды анықтау үшін оқушы ӛтілген тақырыптың теориялық 
жағын терең меңгеруі тиіс.
Ӛзіндік жұмыс оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, 
логикалық ойлау, шығармашылық қаблеттері мен қызығушылығын жетілдіру, 
білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, 
балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және ӛздеріне 
деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы 
ӛткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, 
баланың тереңде жатқан ойын дамытып, қабілеті әртүрлі балалардың 
ортасынан қаблеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты 
тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыруға негізделеді.
Оқушыға ӛзіндік жауап жұмысын жазуға итермелеу оларға ӛздерінің мықты 
тұстарын және білім алудағы ыңғайлы тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақтарда оқушыларға тапсырма түрлерін таңдауды ұсыну тиімді. Егер 
оқушылар түсініктермен жұмыс істеп жатқан болса, оларға, мысалы, білімді 
ӛзіндік қабылдауына визуалды интерпретация, кӛрініс не сӛз сӛйлеуге сценарий 
жазу немесе бірқатар сұрақтарға жауап беру деген сияқты тапсырмалардың 
біреуін таңдауға мүмкіндік беру. Оқушылардың шағын топтарымен жұмыс 
істеу - бұл мұғалімдерге әрбір оқушының нақты қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға және мақсатты кері байланыс беруге мүмкіндік беретін 
дифференциация стратегиясы 
Заманауи білім беру жүйесінде жас ұрпақты білім алуға қызығушылығын оята 
отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің ӛзекті мәселелерінің 
бірі болып отыр. Бұл мәселені шешуде ана тілінің алар орны ерекше. Білім 
нәрін ана тілімен сусындандыра отырып, білім алушының пәнге деген 
қызығушылығын, ынта-жігерін ояту негізінде заманауи білім беру. Пән 
бойынша берілетін мәліметтерді шынайы ӛмірмен байланыстыра отырып 
түсіндіру, мысалдар келтіру оң нәтиже берері хақ. Бұл нәтижеге жету үшін 
сабақ ӛту барысында әрбір оқушының қызығушылығын, кӛзқарасын, ӛзіндік 
ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс бағытта қолдана білу қажет.
Қорыта айтқанда, болашақтың бәсекесіне қаблетті ХХІ-ғасыр шәкіртін 
тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай әр 
ұстаз - ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, 
жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, гуманист, 
белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары мәдениетті, 
жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары деңгейлі жеке тұлғаны 
қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенім білдіремін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет