Пайдаланылған ресурстар:
1. Дулама Мария Элиза. Кластеры как форма организации мышления. //lib.
1september/ruhtm
2. Gardner, Howard (1983), Frames of Mind: The Theory of Multiple
Intelligences, Basic Books, ISBN 978-0133306149
2.Жампеисова М.М. Технология модульного обучения. Актобе, 1999, С.129
3. Загашев И.О., Заир-Бек С.И., Муштавинская И.В. Учим детей мыслить
критически.- СПб: Изд-во «Альянс-Дельта», 2003.
4. Загашев И.О. Новые педагогические технологии в школьной библиотеке:
образовательная технология развития критического мышления средствами
чтения и письма // lib. 1september/ru. 2004/17/15. htm-35к.
5. Кобдикова Ж. Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап
деңгейлеп окыту). 2002, 27 б.
САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ТҤРЛЕРІ, ТИІМДІЛІГІ
Балабекова Канзат Исаққызы
№42 Хамза атындағы ЖОМ, Шымкент қаласы
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған
кӛкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін
жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау. Осыған
сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, ӛзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман
талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.
Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр
мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап
оқытудың
теориялық
негізін
Л.Выготский,
А.Леонтьев,
Б.Ананьев,
С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі
саралауға
байланысты
мұғалім
әрекеттерін
В.Давыдов,
Л.Занков,
Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған [1].
Бүгінде білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында мұғалімдердің
тәжірибесінде кӛптеген ӛзгерістер орын алуда. Бұл ӛзгерістер мұғалім
тәжірибесін дамытуға бағытталған. Осылайша жоспарлау және оқытуда
саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту (дифференциация) латын
тіліндегі «difference» сӛзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бӛліктерге,
нұсқаларға, сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде
«differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді.
Саралап оқыту дегеніміз - мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын
белгілі бір ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен
(гомогенді топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі. Ол оқу
үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік беретіндей
етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі. Оқушылардың
оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеуді, олардың тиімді оқуына
мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге дейін ӛзгерістер енгізуді жүзеге
асырады. Оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізе отырып, дағды, білім,
түсінік және сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін
кӛрсетеді. Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оған сәйкес
жоспарлайды және олардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не
оқушы топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс береді.
Саралап оқытудың негізгі түрлерінің бірі даралап оқыту болып табылады,
сондықтан авторлардың кӛпшілігі «саралап оқыту» туралы түсінікті «даралап
оқыту» (оқушының белгілі бір ерекшеліктерін, қасиеттерін ескеру) ұғымымен
тығыз байланыста қарастырады, бірақ әртүрлі анықтама береді (тәсілі, түрі,
кешені, топтастырылуы, құралдарына қарай және т.б.).
Оқытудағы саралау мәселесі ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қолға алына
бастаған. Бұл кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке даралау
және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізілген.
Дайындық деңгейі бойынша саралау - оқушылардың нақты білімдерді,
түсініктерді және дағдыларды меңгеруінің ағымдағы деңгейі деген ұғымды
білдіреді. Ол дегеніміз - тиісті күрделілік деңгейін қамтамасыз ету үшін
тапсырманың күрделілік дәрежесін реттеу, мұғалім немесе тең нұсқаулықты
қосу немесе алып тастау, манипуляцияларды қолдану, тапсырма үшін
үлгілердің болмауы, оқушының тәжірибесіне немесе оның дағдыларына
негізделе отырып тапсырманы артығымен немесе кемімен таныс етіп жасау,
шағын топтардың қажеттіліктеріне әртүрлі тікелей оқыту.
Ал қызығушылық бойынша саралау - бұл оқушының назарын, қызығушылығын
және үрдіске араласуын тарту. Бұл бойынша ортақ қызығушылықтар
саласында тәлімгер болу үшін, алдын ала білімі бар ересектерді немесе
құрдастарды пайдаланады. Оқушыларға тақырыпты немесе ӛрнектерді оқып-
үйрену үшін әртүрлі мүмкіндіктер беріледі. Материалдар мен
технологиялардың кең спектріне кең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-
ақ, оқушыларға тапсырмалар мен ӛнімдерді, оның ішінде оқушы әзірлеген
нұсқаларды таңдауға ұсынады. Оқушылардың қызығушылықтары
саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен қағидаттарды зерттеуді немесе
қолдануды ынталандырады.
Оқыту стилі бойынша саралау дегеніміз- контентті қабылдау, зерделеу немесе
білдіру үшін ерекшелік дегенді береді. Оқу ортасы бойынша саралау басты
деңгейде келесілерден құралады: бӛлмеде тыныш және алаңдатпай жұмыс
істеуге болатын орындар, мәдениеттер мен үй жағдайларының алуан түрлілігін
кӛрсететін материалдарды ұсыну, жеке қажеттіліктерге сәйкес келетін ӛзіндік
жұмыстың нақты басшылық қағидаттарын белгілеу, мұғалімдер басқа
оқушылармен жұмыс істейтін және оларға дереу кӛмектесе алмайтын кезде
оқушыларға кӛмек алуға мүмкіндік беретін рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ
оқушыларға кейбір оқушыларға қозғалу керек, басқаларға тыныш отыру керек
екенін түсінуге кӛмектесу.
Кэрол Анн Томлинсонның зерттеуі бойынша мұғалімдер саралап оқытуды
тӛмендегідей тӛрт жолмен жүргізе алады [2].
Мазмұн бойынша саралау: Бұл оқушылардың нені оқуы (зерделеуі, үйренуі)
керектігі немесе оқушының ақпаратқа қалай қол жеткізе алатынын
білу. Мұғалім оқу мазмұнын Блум таксономиясы (тӛменгі ойлау деңгейінен
жоғары ойлау деңгейіне дейін зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша
әртүрлі деңгейді қамтитын оқушылар тобына әртүрлі оқу әдістерін
ұйымдастыруы керек.
Үдеріс бойынша саралау: Бұл мазмұнды түсіну немесе меңгеру үшін оқушы
қатысатын іс-әрекеттер. Оқушылар мазмұнды жақсы түсіну үшін орындайтын
жаттығулар мен практикалық жұмыстар және іс-әрекеттер. Үдерісте
оқушыларды ақпаратты қабылдау қабілеттеріне қарай визуалдарды оқулықпен
қамтамасыз ету, аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату, кинестетиктерге
тапсырмаларды ӛздеріне жасап кӛруге мүмкіндік беру.
Нәтиже бойынша саралау. Нәтиже дегеніміз- сабақтың соңында мазмұн
бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім білімді
игерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы
орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Бірақ жалғыз «дұрыс»
жауаптың бағытында жұмыс жасаудан гӛрі оқушылар ӛздерінің мықты және
әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру
туралы ойланғандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға
бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайысының ӛздерінен не
күтетіндігін түсінгендеріне кӛз жеткізулеріне әрекет жасайды.
Оқу ортасы бойынша: мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын
қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар
саралаудың айқын және жасырын түрлері де анықталған.
Айқын саралау балалар ӛздерінің сараланып жатқанын білетін, кӛзге кӛрінетін
саралау түрі. Мысалы:
- жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар;
- жоғары деңгейдегі оқушылар үшін күрдегенген тапсырмалар;
- әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар;
- әр оқушыға жеке тәсіл;
- жеке шығармашылық жұмыс;
- сабаққа оқушының қосымша озық материалдар дайындауы;
- шешімдер үлгілерін, теориялық анықтамаларды, қосалқы мәселелерді
пайдаланып, тапсырмаларды орындау т.б.
Айқын саралау кезінде қиын балармен жұмыс істеудің, үлгерімі тӛмен
оқушыларға кӛмектесуге, үлгерімі жоғары оқушыларға кӛңіл бӛлудің
мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ, мықты оқушылар ӛз қабілеттерін
кӛрсетуіне, үлгерімі тӛмен оқушылар ӛз жетістіктерін сынауына да мүмкіндік
туады.
Жасырын саралау дегеніміз - «оқуды жекешелендіру» немесе оқушыларды
деңгейімен «топтастыру» мен «жеке жұмысты» тең деңгейді қолдану дегенді
білдірмейді. Жасырын саралау бұл оқыту үдерісінде оқушылардың жекелеген
ерекшеліктерін, оқыту түрлері мен әдіс-тәсілдерін есепке алу, қажеттіліктеріне
сәйкес тапсырмаларды таңдау құқығын беру.
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі тәсілдерін
қарастыруға болады: тапсырма, дереккӛздер, қарқын, жіктеу, бағалау, диалог
және қолдау кӛрсету, қорытынды.
Сабақты жоспарлауда және оқытуда жалпы ортақ қабылданған саралаудың осы
тәсілдерін барынша орынды қолдануға машықтанған жӛн. Себебі, саралаудың
осындай тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылар арасындағы ауқымды
ерекшеліктерін ескеруге болады. Психолог Н.А.Менчинская «Оқыту тиімділігі
оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар
тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне байланысты», - деген . Демек,
оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, жаттығуларды беру
барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Бұл
турасында ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай деген: «Оқушылар биіктен
кӛрінуі үшін алдыңғыларға жетіп, соңғыларды тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз
ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен
жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі керек.
Жоспарлау және оқыту барысында тапсырманы саралаудың маңыздылығы
басым. Саралаудың бұл тәсілі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар
ойластыруды кӛздейді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үдерісін жандандыруға үлкен үлес
қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
жаңаша ӛзгерген мақсатпен оқушылардың ӛздігінен танып, іздену іс-
әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы
тұрады және ӛз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік,
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты –
сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бӛлуді болдырмау.
Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бӛлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы ӛзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза ӛзіндік шығармашылығын
байқатады [3].
Қорыта келгенде, жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын іске асыруда қолданылатын тәсілдердің
бірі – саралап оқыту.
Саралау –мұғалімнің белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруда қолданылатын
ресурстардың ішінен ең қажеттісін, маңыздысын, ӛзектісін, тиімдісін таңдап
алу, саралап алу, екіншіден, жоспарланған шараны жүзеге асыру кезіндегі
оқушының әрекетін саралау, сол арқылы күтілетін нәтижеге бағыттау болып
табылады.
«Саралау қай кезде жүзеге асырылады?» деген сұраққа келсек, саралау сабақты
жоспарлаудан басталады. Яғни, сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсатын оқу
бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспардан дұрыс, нақты таңдау, оқу
мақсатының нақты, шынайы, қолжетімді, ӛлшенген, уақыты шектеулі болуы,
яғни, СМАРТ-қа негізделуі керек. Оқу мақсатынан сабақ мақсатын нақтылау:
оқушылардың барлығы, кӛпшілігі, кейбіреуі орындай алатын мақсаттарды
анықтау. Ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтау: Блум таксономиясына
негізделген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Оқу мақсатына
сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру. Бағалау критерийлеріне сәйкес
тапсырмаларды саралап алу. Тапсырмаларды саралауда оқушылардың жас
ерекшелігі, қажеттілігі, қабілеті, деңгейлері ескерілуі тиіс. Тапсырмаларға
сәйкес дескрипторды дұрыс, дәл, нақты құрастыру. Сабақ соңындағы
оқушының рефлексиясын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс, сабақ үдерісінде
қолданылатын ақпараттық – коммуникациялық құралдар, ресурстар,
қалыптастырушы бағалау жүргізу тәсілдері – барлығы жоспар жасау
барысында мұқият сараланып, жан-жақты талдаудан ӛткізілуі керек. Қысқа
мерзімді сабақ жоспарын жасауда сабақ үдерісі кезіндегі мұғалім мен
оқушының әрбір әрекетіне жете мән беру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |