Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет198/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияның элементтерін 
қолдану. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2015, №5, 14-22-б 
2. 
Инновациялық технологиялар арқылы функционалдық сауаттылықты 
кӛтерейік. Қазақстан мектебі.2014,№9, 17-19-б. 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ 
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Сункарова Каламкас Каныбековна 
№28 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Қай қашанда болмасын, қандай елде болмасын болашақ пен келешек 
деген ұғым қатар жүріп, қатар дамитыны белгілі. Сол қоғамның келешегінде 
ата –баба, болашағында ұрпақ деген атау жатыр. Бұл дегеніміз үлкен мән 
мағынаға ие атау. Бүгінгі болашақ бұл ертеңгі тарихтың ізін жалғар ұрпақ яғни 
алтын кӛпір. Еліміз тәуелсіздік алған 30 жылдан бері қаншама ӛзгеру, қаншама 
жаңару жатыр қай салада болсада. Оған бүгінгі осынау еліміз куә. Ел 
болашағының іргесін мығым етіп қалау үшін оның ұрпағын саналы, білімді етіп 
тәрбиелеу шарт. Осы тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім саласында болып 
жатқан ӛзгеріс бұл келешекке деген үміт пен сенім.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша жаппай ұстаздарымызды оқыту 
2015-2016 жылдар аралығында бастау алды. Бұл кезде бәрімізге таңсық , ерсі 
кӛрінген нәрсе бүгінгі күні үлкен мақсатымызға айналды. Бұл білімдегі тың 
ӛзгерістің бұрынғы біліммен айырмашылығы айтарлықтай кӛп деуге болады. 
Мысалы біз кішкене күнімізде кейбір пәндерден қаншама қиналып сол пәнді 
білмегеніміз үшін ӛз ортамыздан ұялып ӛстік. Ал сол матетамикадағы формула, 
химиядағы элементті біз осы күнде ӛз ӛмірімізде қолданып жүрміз ба? Әрине 
жоқ демек бұл бастапқы берілген білім жалпылама десек болар. Ал қазіргі 


қоғамда әрбір оқушы ӛз ойын айтуға, ӛз білімін кӛрсетуге, жеке тұлға екенін 
танытуға шектеу жоқ. Бұл дегеніміз біздің болашақта қаншама мықты 
мамандар жұмыс жасайды деп сенуге болады. Себебі қазіргі қоғам соны талап 
етуде. Мысалы қазақ тілінде бала сабақтан алған білімінен нәтиже кӛрсету үшін 
оған нақты алғышарттар дайындап қойған. Бала айтылым, тыңдалым, жазылым, 
оқылым дағдыларына мұғалім арқылы нақты дағдыланса ол ӛмірде сол алған 
білімін ӛз қажетіне жоғары деңгейде пайдалана алады деген сӛз. 21-ғасыр 
ақпараттық технологияның дамыған ғасыры деп жатырмыз ал біздің тәрбиелеп 
жатқан оқушыларымыз осыған барынша қабілетті болуы үшін біз оған ерік 
беруіміз қажет. Осы күндегі білімде саралау арқылы нәтижеге қол жеткіземіз. 
Бала ӛз қажетіне, мүмкіншілігіне қарай нақты пәнді таңдау арқылы сол пәнді 
мектеп бағдарламасында, тереңдетіп оқуға мүмкіндігі бар. Әрбір пәндегі 
берілген тақырыптар шеңбер тәрізді жүйеленген. Бұл да балаға жақсы 
мүмкіндік екені белгілі. Орыс тілі, ағылшын, қазақ тілі бұлардың 
тақырыптарында ӛзара сабақтастық жоғары дәрежеде қалыптасқан. Бұл 
нәтижеге жету жолындағы ең ұтымды тәсіл деуге болады. Қазіргі таңда 
ұстаздарымыз ӛз пәніне қызығушылығы жоқ баламен күнделікті жұмыс жасап 
отырғаннан қарағанда сол пәнді тереңірек білгісі келген баламен жұмыс жасау 
арқылы кӛптеген нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сабақ барысындағы саралауды 
бірнше бағытта қарастырып кӛруге болады. Ол дегеніміз қысқа мерзімде, орта 
мерзімде және ұзақ мерзімде жүзеге асу керек саралау мен нәтиже . Ең 
оңайынан бастай отырып берген білімнің нәтижесін алу.
Саралау мен жоспаралау тапсырмаларын мұғалім күнделікті қысқа 
мерзімді жоспар құру барысында назарға алуы керек. Ӛз оқушыларыңыздың 
деңгейлеріне қарай оларға арнайы тапсырмалар әзірлеу арқылы және сабақ 
мақсатын нақты айту арқылы сіз ӛз сабағыңызда нәтижеге жету жолында 
жұмысты жоспарлайсыз. Қазіргі білімдегі ең үлкен ӛзгеріс бағаның орнына 
баллдық жүйенің енгізілгені.Осы орайда бұлда жаман ӛзгеріс емес екенін 
байқауға балады. Сабақ барысында мақсат, тапсырма, дескриптор, бағалау міне 
осы үрдісдер сіздің сабағыңыздың нәтижелі болуының басты алғы шарттары.
Бүгінгі таңда ӛз қоғамының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени 
ӛміріне араласуға қабілетсіз болып отырған адамдар санының ұлғаюы бүкіл 
әлемде алаңдаушылық туғызуда. Осы тұрғыдан алғанда, білім – адам 
қабілеттіліктерін арттырып, оларға ӛмірге мән беретін, сән беретін 
еркіндіктерді пайдалануда мол мүмкіндік ұсынатын негізгі тетік ретінде 
қарастырылады. Біріншіден, мектепте меңгерілген негізгі дағдылар – оқи және 
жаза білу ӛз алдына жеке құндылықтар. Екіншіден, білімінің арқасында адам ӛз 
ӛмірін жақсарта алады.
Әлемдік педагогика оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары 
ойлана бастаған. Бұл кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке 
даралау және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізген. Ӛткен ғасырдың 
басында оқыту үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да кең етек алған. 
Қазақстан әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына қосылу үшін ең алдымен 
бүгінгі жасампаз ұрпақтың болашығымен жұмыс жасауы қажет. Қоғамға ең 
алдымен қажетті деген мамандықтар қатырын тізбектеп осыған орай мамандар 


дайындау қажет. Ол үшін ең алдымен мектеп бағдарламасындағы ӛзгерістермен 
танысып сол арадағы олқылықтармен жұмыс жасау қажет. Сол кезде ғана 
білімдегі нәтижелерді саралай алады деуге болады. Білім мен руханилық қатар 
жүретін құбылыс. Егер де білімде болсын, басқа да болсын нақты тәртіп 
болмаса ол теңізге қосылған тамышы іспетті. Сол үшін де кез келген нәрсенің 
себебі мен салдарын анықтау жолында күресу қажет екенін бүгінгі күнгі 
ұстаздарымыз түсінсе екен.
Қорыта келгенде, Абай атамыз айтқандай : 
Әсемпаз болма әрнеге, 
Ӛнерпаз болсаң, арқалан. 
Сен де –бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та, бар қалан. Демекші бүгінгі ұрпақтың кемел кірпішін қалаушы 
ұстаздарымыз мықты болса болашақ ұрпақтан кетігі табылар бала болуы 
мүмкін емес дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет