ӘОЖ 372.881.11
КБЖ 74.268.1
@Шымкент қаласының әдістемелік орталығы, 2022.
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Шымкент қаласы білім басқармасы
«Әдістемелік орталықтың» директоры, ф.ғ.к.
Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы
Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа
берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты
мақсаты - ой-ӛрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын,
дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті, жан - жақты қалыптасқан
жеке тұлға тәрбиелеу.
Мемлекет басшылары еліміздің дамыған, ӛркениетті елу елдің қатарына
қосылуы үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта
мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта
келіп, білім саласына нақты міндеттер жүктеді.
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңінде жұмыс жасап
келеді. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзырлығын
қалыптастыру. Құзырлық - ол тереңнен берілетін білім.
«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениетімен
шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т.Г.Браже.
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің ӛзі бір-
құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті.
Жаңа формация мұғалімінен тек ӛз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи
танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген
жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.
ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым
міндеттерінің бірі - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты ӛмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы
интеллектісін дамыту» деген сӛздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім
беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай
алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Яғни, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - құзіретті оқушы дайындап
шығару үшін, ең алдымен, мектепке шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі
қалыптасқан мұғалім даярлау қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу
процесін ұйымдастырушы технолог бола білу керек. Сонымен қатар оқушының
шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті
бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда
кӛп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық-комуникативтік
құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен
пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс
жүзінде кӛруге де кӛп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім ӛзінің
шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге
құзіретті.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім
қажет және ол қоғамның қандай қажетін ӛтей алады» деген сұраққа жауап
береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының
ӛзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі
тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-
қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға
болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы
алған білімнің кӛптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рӛлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты
зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау,
нәтижесінде еліміздің әлемдік ӛркениетке негізделген білім саясатының
стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған
жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару
жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша
кӛзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап
етеді.
Бүгінгі таңда білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі -
жүйелі оқу мақсатына жоспарланған қысқа мерзімді жоспарды құрылымдау,
белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра
отырып, сабақ үдерісінде білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Әлемнің
оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің тәжірибесіне назар аударсақ,
түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында
баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы
дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту
технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық
бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп
саралап оқыту, ӛздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік
технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп
жүзеге асырушы мұғалім.
Барлық мектептерде жоғары білім сапасына қол жеткізу үшін
мұғалімдердің педагогикалық шеберлігімен қатар, оны басқару ісін тиімді
ұйымдастыру, дұрыс бағыт-бағдар берілетін әдістемелік жұмыстарды жүргізу
дұрыс жолға қойылған, себебі қазір санның заманы ӛтіп, сапаның дәуірі туып
отыр. Жас ұрпаққа жан-жақты білім беруде сапа категориясын бірінші орында
қойып отырған мектеп ұжымында «Озат тәжірибе» мектебі, «Жас маман»
мектебі, «Шығармашылық топ» және пән бірлестіктері аталған мәселелерді
талқылап, зерттеп, шешу жолдарын анықтауда ұйымшылдықпен табысты еңбек
етуде. Бәрінің алдына қойған ӛзекті мәселесі: «Озық педагогикалық тәжірибені
қолдана отырып, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырып, нәтижелі білім
сапасына қол жеткізу». Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында білім беру
сапасына мектеп ұжымы ерекше мән беріп келеді. Сапалы білім беруді кӛздеген
ұжым оқушылардың мүмкіндіктерін алдын-ала болжауға, модельдеуге
ұмтылады. Ӛйткені, олар оқушының білім беру нарығында қабілетті болу үшін
ішкі тапсырыс талаптарына сәйкес болу керек екенін жақсы түсінеді. Соған
байланысты, мектеп деңгейінде сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді
қамтамасыз ету мақсатында «Әдістемелік орталық» әдістемелік жұмыстарды
бірнеше бағытта жүргізіп келеді.
«Әдістемелік
орталықта» пән мұғалімдерінің, жас мамандардың
әдістемелік кӛмек алуына педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне, бағыт-бағдар
алуына негізделіп «әдістемелік орталықтың» жұмыс істеу жоспары, «Ulagat»
педагогикалық қауымдастығының, «Жас маманға кӛмек», «Біздің жаңашыл
ұстаздар», «ІТ-ТІЛ» жобасы, оқыту семинарлары, форумдары мен ғылыми-
практикалық конференциялары ұйымдастырылып, ғылыми - әдістемелік
кӛмекші кітаптармен, ғылыми-әдістемелік баспасӛз материалдары арқылы
әдістемелік кӛмек берілуде.
Сондай-ақ, мектепті сабақтың оқу мақсатына қол жеткізуде нәтижеге
бағытталып, оқушылармен бірге пән мұғалімдерінің де қосымша оқу
ресірстарымен, платформалармен, электронды оқулықпен, интерактивті
тақтамен жұмыс істей алуына ерекше мән беріліп әр түрлі тақырыптағы сабаққа
қажетті аудио-видео таспалармен, дискілермен, электронды оқулықтармен
жабдықталған. Кез келген пән мұғалімі «Әдістемелік орталықтан» қажетті
материалдармен қаруланып, дәстүрлі пәндер шеңберінен шығып, оқушылардың
сұранысына, олардың ерекшелігіне, жеке басына бағытталған білім беру ісін
жоғары деңгейде жүргізуде әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |