Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі мазмұнында қамтылатын
негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін бағдарлама мазмұны
жеткіліксіз болады. Яғни ұстаз әдебиеттің бағдарламасымен үстірт танысып,
мойындап қана қоймай, әдістеме мазмұнының талап-тілектеріне сай сын
кӛзімен
тексеріп, зерттеп, шығармашылықпен меңгеруге міндетті. Тек сонда
ғана ол әрбір сыныпта оқып үйретуге тиісті әдеби материалдардың ауыр,
жеңілдігі, берілген сағат мӛлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-
теориялық білімнің кӛлемі мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл
дамыту жұмыстарының түрлері т.б. кӛптеген
мәселелер туралы ғылыми-
әдістемелік қорытындыға келе алады.
Нарық заманының әсерінен бе, кітаптың қымбаттауынан ба әлде ақын-
жазушыларымыз сұранысқа сай кітап жаза алмай жүр ме, әйтеуір не керек,
кітап оқуға құмарлық жойылып барады. Мүмкін, бұған ақпараттардың толассыз
тасқыны да себеп шығар әлде бала түгілі, ӛзі кітап оқымайтын ата-анадан
кӛреміз бе?
Біра бұлай бейғам отыра берсек, бар білгенімізден айырылып
қалмасымызға кім кепіл?! Ал кітап оқымаған ел жастарының ертеңі қандай
болмақ? Кітап оқылмай жүргені тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде етек алып
барады. Мысалы, бұрын Гомер мен Шекспирді, шығыстың ғашықтық
ғазалдарын немесе орыстың А.С.Пушкині мен В.Лермонтовын оқымайтын адам
аз болған. Ал бүгінде оларды білмек түгілі, ӛз
дәуірінің жазушысын
танымайтындар қаншама?! Ӛйткені бүгінгі оқырманның ықыласы интернет пен
небір сайттарға ауысып кеткен.
Баланың кӛркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының
тӛмендеуі мені мынадай сұрақтарға әкеп тіреді: «Олар неге кӛркем әдебиет
оқығысы келмейді? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жете
аламыз ба? Кӛркем әдебиетті оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың ӛткен
ӛміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге кӛркем әдебиетті кӛп оқыған,
ұлтымыздың барлық киелі қасиетін ӛз бойларына сіңірген тұлғалардың
арқасында қалыптасты емес пе?». Осы сұрақтар тӛңірегінде
сұхбат
жүргізгенімізде кейбір оқушыларымыз біздің пікірімізбен келіспеді. «Қазір
компьютер білсең болды, интернет арқылы қажетті мәліметтерді табуға
болады» деген ойларын айтты. Оқушыларымыздың пікірі біздің пікірімізді ой
таразысына сала отырып, компьютерді білудің де, кӛркем әдебиетті оқи білудің
де баланың тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадық.
Достарыңызбен бөлісу: