Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет49/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222
Жинак республ docx

Менің іс-әрекетімдегі мақсатым: ӛз білім алушыларымның жұмысына
сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруді жүйелі қолдану. Қойған 
мақсатыма сәйкес биылғы 2018-2019 оқу жылында ӛзім сабақ беретін 5-8 
сыныптармен оқу үдерісінде жаңартылған білім мазмұны аясында тиімді кері 
байланыс беруді жүргізуге аса жауапкершілікпен кірістім.Менің түйгенім ең 
алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алуы 
қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- ӛрісінің дамуы оқу 
үдерісі кезінде болады, ол оқушының ӛз бетімен толықтыруы мен ӛзін-ӛзі 
дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана 
белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау 
қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс. 
Кері байланыс дегеніміз не ? Кері байланыс сабақтың қандай 
кезеңінде жҥргізіледі? 
Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру,үн 
қату,пікір білдіру .Кері байланыс сабақтың ӛн бойында қолданылады, 
мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз ӛзара әрекет етуін жүзеге 
асыруға,нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп ,сабақты әрі қарай жоспарлауға 
мүмкіндік береді.Кері байланыс кезінде мұғалімдер мынадай жайттарды 
назарда ұстауы керек: 
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып,
«олай емес», «дұрыс емес» деген сӛздерді қолданбауы; 
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік
тұстарын жӛндеудің жолдарына ұсыныс беруі; 
• кері әсер ететін сӛздерді, білім алушыларды кекету,
келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға
ақылың қалай жетті» деген сияқты сӛздерді мүлдем қолданбауы 
ұсынылады. 
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай ӛткені және қандай 
нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді.Яғни, 
оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы хабардар етеді.Кері 
байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың ӛз 
бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Кері 
байланыс мақсаты-еске түсіру, ӛзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, 
талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез 
келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын 
және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын 
алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының 
үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі 
оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.Бұдан келіп шығатын 
қорытынды кері байланыс тұлғаға емес,тұлғаның іс-әрекетіне берілетіндігін 
есте ұстау. Кері байланысты жасағанда: кері байланыста жұмысымызды 


жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың 
субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не 
жасалу керектігін кӛрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың 
қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді. 
Берілген кері байланысыңыз ӛзіңізге де,оқушыға да тиімді болуы үшін мына 
үш сұрақтарды негізге алғаныңыз дұрыс: 
Мҧғалім
• Оқушылар оқытудың қай сатысында? 
• Олар білім алуда неге талпынады,даму бағыттары қандай? / Оқушы неден 
қателесті? 
• Бұған жетуге кӛмектесу үшін не істеу керек?
Білім алушы
• Мен оқытудың қай сатысында тұрмын?
• Нәтижеге қалай қол жеткіземін?/ Мен неден қателестім? 
• Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім қажет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет