Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет73/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   222
Жинак республ docx

Біз не ҥшін саралаймыз
- Екі бала бірдей емес;
- Барлық балалар бірдей түрде үйренбейді;
- Бір бала үшін жақсы орта басқа бала үшін жақсы орта болмауы мүмкін.
Басқаша айтар болсақ, «бес саусақ бірдей емес» дейді қазақ мәтелі. Сыныптағы 
балалардың қажеттіліктері әр түрлі, сондықтан да саралауымыз қажет.
Саралау ерекшеліктер қайдан шығады?
- Балалардың бұрынғы білімдерінен;
- Бұрынғы тәжірибелерінен;
- Нақты мәдени құндылықтар мен нормаларынан;
- Танымдық дамуындағы биологиялық айырмашылықтарынан;
- Жетілу деңгейлерінен;
- Мектепті және оқуды мәдени түрде қабылдауларынан.


Міне, осындай ерекшеліктерді кӛре, ескере отырып, оқушылардың әр 
түрлі қажеттіліктеріне, ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне қарай саралауды 
жүзеге арсыру қажет.
Сынып ішіндегі саралаудың мынадай түрлері бар: қабілеттері бойынша 
саралау, деңгейлік саралау, қызығушылықтары бойынша саралау. Әдетте, 
оқушылардың жеке ӛзіндік ерекшеліктері бойынша ішкі саралау олардың 
әрқайысына жеке қарауға негізделеді, яғни, олардың психофизиологиялық 
ерекшеліктері (есте сақтау қабілеті, ойлау ерекшеліктері, темперамент және т.б) 
ескеріледі.
Кэрол Анн Томлинсонның зерттеуі бойынша, мұғалімдер саралап оқытуды 
тӛмендегідей тӛрт жолмен жүргізе алады [2].
Мазмұн бойынша саралау:
Бұл оқушылардың нені оқуы (зерделеуі, үйренуі) керектігі немесе оқушының 
ақпаратқа қалай қол жеткізе алатынын білу. Мұғалім оқу мазмұнын Блум 
таксономиясы (тӛменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне дейін 
зияткерлік деңгейлер жіктемесі) бойынша әр түрлі деңгейді қамтитын 
оқушылар тобына әр түрлі оқу әдістерін ұйымдастыруы керек.
Үдеріс бойынша саралау:
Бұл мазмұнды түсіну немесе меңгеру үшін оқушы қатысатын іс-әрекеттер. 
Оқушылар мазмұнды жақсы түсіну үшін орындайтын жаттығулар мен 
практикалық жұмыстар және іс-әрекеттер. Үдерісте оқушыларды ақпаратты 
қабылдау қабілеттеріне қарай визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету, 
аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату, кинестетиктерге тапсырмаларды 
ӛздеріне жасап кӛруге мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет