мұғалім
жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді ӛздігінен
игеруіне бағыттап, жағдай жасауы қажет.
Әлемдік педагогика оқуды саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары
ойлана бастаған. Бұл кезеңде кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке
даралау және саралау саласында белсенді жұмыстар жүргізген. Ӛткен ғасырдың
басында оқыту үдерісіндегі даралау әдістерін іздеу АҚШ-да кең етек алған.
Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім саласындағы жеке даралау саралау
бағытындағы зерттеулер бір уақытта басталғанымен, қазіргі таңда батыстық
педагогиканың бұл бағытта үлкен практикалық және теориялық тәжірибесі
басым. С.Бабаев «Бастауыш сынып педагогикасы» атты оқу құралында:
Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерін,
белсенділігін бейімділігін
және дарынын дамытуға аса қолайлы мүмкіндіктер түзуге жәрдем береді.
Мұндай тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті тӛмен оқушылар үшін
қажет – деп кӛрсеткен [3, 82б.]. Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған
әрекет. Ол ӛз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз
қарастырып отырған саралап оқытудың теориялық негізін Л.Выготский,
А.Леонтьев, Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш
мектеп кезеңіндегі саралауға байланысты мұғалім әрекеттерін В.Давыдов,
Л.Занков, Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған.
Саралаудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдағы теориялық
негіздерін ескерсек оқуды саралау қазіргі таңдағы білім беру саласындағы
ӛзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ӛзекті
дейтін себебіміз әр баланың
ӛзіндік даму ерекшелігі бар. Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы
бірдей әдіспен оқыта алмаймыз. Әр баланың ерекшелігін ескере отыра, оның
қажеттілігін қанағаттандыратындай әдістемемен оқыту қажет. Бұл әдістемелік
құралдың мақсаты педагог қызметкерлердің сабақты жоспарлау үшін
саралаудың педагогикалық негіздерін білу мен түсіну және оқыту үдерісінде
оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін
қолдану дағдыларын дамыту болып табылады. Қазіргі таңда білім берудің
жаңартылған мазмұны жағдайында мұғалімдердің тәжірибесінде кӛптеген
ӛзгерістер орын алуда. Бұл ӛзгерістер мұғалім
тәжірибесін дамытуға
бағытталған. Осылайша жоспарлау және оқытуда саралаудың маңыздылығы
артуда. Саралап оқыту (дифференциация) латын тіліндегі «difference» сӛзінен
бастау алған және біртұтас затты түрлі бӛліктерге, нұсқаларға, сатыларға бӛліп
жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде «differentiation»
айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. Саралап оқыту дегеніміз:
мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ
ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді топ)
жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;
оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік
беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі.
оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу;
оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге
дейін ӛзгерістер енгізу;
оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және
сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету;
оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;
оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.
Саралап оқытуда басшылыққа алатын саралау қағидаттары:
Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының білім деңгейіне қарамастан ӛзін
таныта
білу мүмкіндігіне шектеу қоймау;
Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген ӛзіне сенімділігі,
мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына
сенім артуы;
Толеранттылық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін, қабілетін ескеріп,
ӛзіндік дамуына қолайлы орта жасау.
Сабақта саралау әдісінің ӛзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ
жоспарын тиімді құрастыру мәселесін алға қоямыз. Саралап оқытудың
қағидаттарын ескере отырып, үнемі қолдау кӛрсету, жан-жақты дамыту,
зерттеуге бағыттау арқылы ӛз пәніміздің тиісті оқу мақсатын меңгертіп қана
қоймай, зерттеушілік
дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін шыңдауға
мүмкіндік аламыз
Достарыңызбен бөлісу: