Зерттеу арқылы ҥш деңгейлі оқушыны анықтау
8 сыныбының психологиялық ахуалын білу мақсатында мектеп психологімен
тілдесіп, жалпы сыныптың әлеуеттік-психологиялық жағдайы жӛнінде мәлімет
алдық. Сыныптағы оқушыларда сыйластық орта қалыптасқан. Сыныптан ӛзіміз
бірнеше сауалнама алып, оқушылардың ойымен таныстық. Сауалнама алмас
бұрын сыныптан және ата-аналарынан оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекетін
зерттеу мақсатында суретке, бейнетаспаға және сауалнама алуға рұқсат алдық.
Сонымен бірге сынып мәдениеті туралы да сауалнама алдық.
Сауалнама алудағы мақсатымыз: сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-
қатынасы, ортада ӛзін еркін сезінуі, ынтымақтастық, ұйымшылдық қарым-
қатынастарын анықтау және нысанаға алған үш оқушымның пікірлерін білу
болды. Бұл сауалнамалардың қорытындысы тӛмендегідей кӛрсеткіш берді.
Кестені нысанаға алған үш оқушы бойынша жасадық. А.В.С.
1-кесте
р/
с
Аты
-
жӛні
Әдебиет,тарих,
география
пәндері
саған
ұнай ма?
Мұғалімні
ң
іс-
әрекетінің
мақсаты
саған
түсінікті
ме?
Сабақта
қатысып
отырамын,
егер:
Менің тапсырманы
таңдауыма
мүмкіндігім
бар.
Оны
мынадай
кӛрсеткіштер
бойынша
таңдаймын
1.
«А» Сабаққа
деген
қызығушылығы
м мұғалім мен
оқушы
арасындағы
қарым-
қатынасқа
байланысты
Түсінікті
Барлық
сыныппен
жұмыс
жүргізілгенде
,
топтық
түрдегі
жұмыстарда,
жұптық
жұмыстарда
Тапсырма қиын, сол
себепті де қызықты.
Мен
ӛз-ӛзімді
тексере аламын.
2.
«В» Сабаққа
деген
қызығушылығы
м мұғалім мен
оқушы
арасындағы
қарым-
қатынасқа
байланысты
Иә
Барлық
сыныппен
жұмыс
жүргізілгенде
Тапсырма
менің
қызығушылығымме
н сәйкес келеді
3.
«С» Сабақ
барысындағы
жұмыс
пәнге
деген
қызығушылықты
тудырады.
Иә
Барлық
сыныппен
жұмыс
жүргізілген
кезде
Тапсырма
менің
қызығушылығымме
н сәйкес келеді
Кестеден кӛріп отырғанымыздай, «В» деңгейлі оқушының сабаққа
қызығушылығы «А» деңгейлі оқушымен де, «С» деңгейлі оқушымен де үндес
келеді. «А» деңгейлі оқушының сабаққа қызығушылығы және ӛзіне қоятын
талабы жоғары екендігін кӛрсетіп тұр.
Ал социограмма сауалнамасының( қосымша 2) қорытындысы тӛмендегідей
болды:
2-кесте
Жақын
досым
Дос
болғым
келеді
Үзіліс және
түскі
ас
кезінде
Танымал
оқушылар
Ақылды
оқушы
біргемін
«А»
«В»
«С»
"Сoциoгрaммa" сayалнамаcының қopытындыcы бoйыншa «А»cыныптағы «ең
танымал» және «eң ақылды» oқушылардың бірі болса, «В» «Ең танымал»
оқушылардың қатарында болды. Ал «С» бірге жүріп, асханада бірге
отыратындардың қатарында болды.
Енді осы оқушылардың білім деңгейін, сабақ барысындағы белсенділіктері мен
қызығушылықтарын бақылауды ӛзіміздің тізбектелген сабағымызда
жалғастыруды жӛн кӛрдік.LESSON STUDY сабақты зерттеу тәсілдерінің бірі
болғандықтан, тәжірибемізді 8Б сыныбының тарих сабағынан бастауды
ұйғардық.
Зерттеу сабағын зерттеуге қатысатын пән мұғалімдері бірлесе отырып
жасадық, мақсатымыз Дарынды балалардың оқу үдерісіндегі жұмысын дамыту.
Сабақтың тақырыбы «ХҮІІІ ғасырдағы халық ауыз әдебиеті». Зерттеу сұрағы:
ХҮІІІ ғасырда ақын – жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай
кӛрініс тапқан? Сабақта оқушылар 4 топқа бӛлініп, Диологтік оқыту әдісімен
зерттеу сабағын жүргізді. ДЖИКСО әдісімен үй тапсырмасын сұрады. Жаңа
сабақты топқа бӛліп берді, әр топ берілген тапсырманы қорғады, сынып қызу
жұмыс жасады, зерттеудегі үш оқушы ӛздерінің бүгінгі сабақта
дайындықтарының жоғары екенін кӛрсетті. «А» деңгейлі оқушымыз топ ішінде
белсенділік кӛрсетті, ӛзінің ойын анық жеткізе алады ӛзіне-ӛзі сенімді. «В»
деңгейлі оқушымыз да белсенді, «С»деңгейлі оқушы да сабаққа қатысып
отырды, ӛз ойын анық жеткізе алмайды, қызығушылығы бар, тақырыпты біледі.
Сабақ аяқталысымен талқылау жүргіздік. Жоспар бойынша келесі зерттеу
сабағы география пәні бойынша болады . Сабақ барысы:
Оқу үрдісінің сапасын арттыру мақсатында және таңдап алынған оқушылардың
бүгінгі сабақтағы үлгерімі және ӛзгерістері туралы бақылаудың қорытындысы:
«А» оқушы –Албан Назүл
«Б» оқушы – Әбдібек Бірханым
«С» оқушы – Талапты Даниял
Сабақтың ӛтілген мерзімі: 06.11.2019 ж
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера және оның құрамдас бӛліктері
Сабақтың мақсаты: 7.3.2.1.Атмосфера құрамын сипаттайды.
Бағалау критерий:
1.Атмосфераның құрамдас бӛлігін ажыратады және үлесін диаграмма түрінде
кӛрсетеді.
2.Атмосфераның әр қабатының ерекшелігін талдайды, тропосферадағы болып
жатқан үрдістерді анықтайды.
«А» оқушы – Албан Назгүл
Назгүл оқу жылының басында сабаққа белсенді қатыспайтын, тек ӛзің
сұрасаң ғана жауап беретін. Салыстырмалы түрде қазір кӛбірек қол кӛтереді.
Бүгінгі сабақтың «Мені тап!» бӛлімінде ӛте жақсы деңгейде қатысып отырды.
Атмосфера құрамын толық сипаттап берді. Үйге алдын-ала берілген зерттеу
жұмысында Атмосфера және оның құрамдас бӛліктері туралы материалдар
алып келіп, оқушыларға біраз мәлімет берді.Назгүлдегі ӛзгеріс: оқу жылының
басындағыдай ӛз білімін тек мұғалім сұрағанда ғана кӛрсетіп отырмайды, қазір
сабаққа кӛбірек қатысып отырады. Мүмкіндігінше ӛз ойымен бӛліседі, топтық
жұмыста жұмыстарын бӛлісу кезінде кӛшбасшылық әрекетке ат салысады,
бірақ толық міндетін әлі алған жоқ. Алдағы уақытта бұдан әрі ашылып ӛзін
жан-жақты кӛрсете алады деп ойлаймын. Ӛйткені Назүлде білім бар.
Теориялық білімін ӛмірмен байланыстыра біледі. Тек тұйықталмау керек. Ол
үшін бұл оқушымен диалогтік әңгімені, іздену, зерттеу жұмыстарын кӛбірек
орындату қажет.
«Б» оқушы – Әбдібек Бірханым.
Бірханым сабаққа жүйелі дайындалмайды. Ал дайындалып келсе, ӛте жақсы
да жауап береді. Кӛбіне жетелеуді жақсы пайдаланады. Оқулықты бірнеше
қайтара оқымайтын тәрізді, ӛйткені географиялық терминдерді нақты айтпай,
баламалап түсіндіріп кетеді. Бүгінгі сабақта Атмосфера және оның құрамдас
бӛліктерін түсіндіру кезінде факторларды түгел атаған жоқ, мұғалімнің кӛмегін
пайдаланып түсіндірді, яғни жетелеу сұрақтарын беріп отырды. Бірханым
сабаққа үнемі дайындалып келуі үшін мүмкіндігінше аз сұраққа болса да жауап
беруін талап етілді. Теориялық білімін практикада қолдануда жылдам жауап
бере алмай қалады, ойлануға кӛбірек уақытты қажет етеді.
Бірханымдағы ӛзгеріс: Сабақ сайын ӛзінен сұрап жүргендіктен күнделікті
сабақты оқып келіп жүр. Бірақ бүгінгі зерттеудің тапсырмасына материал
дайындамаған. Дегенмен, күнделікті дайындалып келуге тӛселіп келеді. Алдағы
уақытта ӛзіне жеке тапсырмалар беріп, сабақ сайын жауап беруге
дағдыландыру керек.
«С» оқушы – Талапты Даниял
География пәнінен былтырғы оқу жылында Даниял бір тоқсанда «5» шыққан
болатын. Биылғы оқу жылында «5» жоқ. «4»-к бағаның ӛзіне қосымша
тапсырма орындап жетті.
Оқу жылының басында сабақты айту кезінде ӛте баяу болды. Жетелеу
сұрақтарын қойып барып жауап алуға тура келген. Бірақ тест сұрақтарына
жақсы жауап беріп жүрді. Сондықтан сыни ойлау сұрақтарын кӛбірек беруге
тырыстық. Даниялдағы кемшілік бұрынғыдай сабаққа кӛп ат салыспай жүрді.
Сондықтан сұрақ-жауап кезінде неғұрлым Даниядан кӛп сұрауға, неғұрлым
кӛбірек сӛйлетуге әрекет жасадық. Бүгінгі сабақта Атмосфера құрамын
сипаттады. Сабақты еркін емес, ойланып, аздап кекештеніп жеткізді. Дегенмен
зерттеу жұмысында ӛз ойымен бӛлісті. Қазіргі кездегі Даниялдағы ӛзгеріс:
бұрынғыдай сабаққа кӛбірек қатысуға талаптануда. Тақтаға фамилиясын
атағанда ғана шығып қоймай, ӛзі қол кӛтеріп шығуға ұмтылып жүр. Бірақ
номенклатурасы аздап ақсап тұр. Сондықтан мұғалім картадан кӛбірек
тапсырма беруді қолға алды.
Келесі зерттеу қазақ әдебиеті сабағында болды.Қазақ әдебиетінен ӛткен
сабақтың тақырыбы: «Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы».
Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бӛлдім. Қызығушылықты ояту
мақсатында пазлдарда берілген сӛздерден сӛйлем құрастыру тапсырдым. Әр
топ ӛз алдарындағы пазлдардан сӛйлем құрастыра бастады. Осы тапсырмада-ақ
«А», «В» деңгейлі оқушылар жылдамдық танытып, сӛйлемді құрастыруға
атсалысты. Келесі Шортанбайдың ӛмірі мен шығармашылығы бойынша әр
топқа тапсырма бердім. Оқушылар постер қорғау керек.1-топқа
Шортанбайдың
ӛмірі,
2-топқа
Шортанбайдың
ақындығы,
3-топқа
Шортанбайдың айтыскерлігі, 4-топқа Шортанбайдың толғаулары берілді. Топта
оқушылар ұйымшылдықпен ӛз тапсырмалары бойынша постерлерін жасауға
кірісті. «А», «В» деңгейлі оқушылар оқушылар тапсырманы орындауда
белсенділік танытуда. «С» деңгейлі оқушы да қарап отырған жоқ. Ол да басқа
оқушылардан қалғысы келмей, ӛз ойын білдіріп, атсалысуда. «А» деңгейлі
оқушының тобы тапсырманы бұрын орындап, белгі кӛрсету арқылы дайын
екендіктерін кӛрсетті. Топтан үш оқушы тақырып бойынша постер қорғады.
Басқа оқушыларға қарағанда «А» деңгейлі оқушының жауабы нақтырақ болды.
Ол Шортанбайдың айтыскерлігін қазіргі ӛмірмен байланыстырып, қазіргі
айтыстың тақырыбымен, айтыскер ақындардың есімімен таныстырды.
Шортанбайдың атын ӛшірмей, ізін жалғастырушы жастардың мол екендігін
айтылды.
«В» деңгейлі оқушы отырған топ Шортанбайдың толғаулары туралы сӛйледі.
Толғауларын талдап, үзінділер оқыды. «С» деңгейлі оқушы «Зар заман »
толғауынан үзінді оқып, ӛмірмен байланыстыруда қиналыңқырап қалды.
«С» деңгейлі оқушы да бұл сабақта қатарынан қалғысы келмей,
Шортанбайдың ӛмірінен мәліметтер айтты. Ел арасында ақындығымнен,
шешендігімен танылған тӛкпе ақын екендігін айтты. Сабақта оқушы алдыңғы
сабаққа қарағанда топта жұмыс жасауға бейімделе бастағанын, сабақ айтуға
ұмтылғанын байқадым. Ӛлеңдерін мәнерлеп оқуда да «А» деңгейлі оқушының
кӛш ілгері екендігі, «В» деңгейлі оқушының ӛз деңгейінде сӛйлейтіндігі, «С»
деңгейлі оқушының қарап отырмай, топпен бірге жұмыс жасай алғандығы
кӛрініс тапты.
Қорытындылай келе, оқушыларды бақылай отырып ең қажетті әдіс-тәсілдерді,
атап айтсам, диалогтік әңгімені, жеке жұмысты кӛбірек пайдалану керек деп
ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |