БІЛІМ - ОБРАЗОВАНИЕ, ISSN 1607-2790
№3, 2020
ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС / НАУЧНЫЙ ПОИСК / SCIENTIFIC SEARCH
56
Р.Готьоның «түркі бітіг жазуының пайда
болуы көне соғды жазуынан» - деген
пікірін қолдайды [12, 51б.].
НӘТИЖЕЛЕРІ
Белгілі түріктанушы С.Г. Кляштор-
ный Орхон алфавиті Орта Азияға ара-
мей жазуын қолданған иран тілдес көр-
шілерінен түріктерге ауысуы ықтимал
дей келе, түркі жазулары көне соғды
жұртының ежелгі алфавиті негізінде
пайда болған деген пікірді қуаттай-
ды Бұл
пікірдің дұрыстығы мынадан
көрінеді. Ерте орта ғасырдағы түркі ха-
лықтары өздерінің төл жазуымен бір-
ге, соғды жазуын да пайдалана білген.
Соғды жазуы мен соғды тілі ақсүйектер
арасында түсінікті болған. Мұны соғды
көпесі Маниахтың Византияға барған
елшілігінен (568 ж.) он бес жыл кейін
қойылған Махантегін құлпытасынан
көруге болады. Ол Бұғыты (Моңғолия)
аңғарынан табылған. Онда Түркі қаған-
дығының алғашқы отыз жылғы халі соғ-
ды жазуымен соғды тілінде баяндалған
[13, 101 б.] А.Н.Подушкин Күлтөбе қа-
ласына (Арыс өзені бойында) зерттеу
жұмыстарын жүргізу барысында 26
және 30 таңбалары бар күйдірілген
кірпіштердің 2 дана сынығын табады.
В.А. Лифшиц және С.Г. Кляшторный бұл
жазуды тексеру нәтижесінде Күлтө-
бе қаласының жазуы алфавиттік және
арамей жазуының негізінде жасалған -
деген пікір білдіреді [14, 217б.].
С. В. Киселев VI—VII ғасырларда ба-
тыс туг-ю арамей алфавитін түркі сөз-
деріне қолданған деп болжам жасады.
Енисейді жайлаған түркі халықтары-
ның жазу ескерткіштерінің көнелігіне
дәлелдер келтірді. Өйткені бұл арадағы
жартастар мен әдейі орнатқан тас баға-
наларда соғысты, аңшылықты, елдің қо-
ныстанғанын не
басқа жаққа ауғанын
көрсететін суреттердің дүниеге кел-
геніне ең кемі екі мың жылдай уақыт
болған. Көптеген шартты белгілер
символдық, әсіресе, космогониялық
(әлемнің, соның ішінде күннің, жердің,
ай мен жұлдыздардың қайдан шыққа-
ны туралы) сипатты байқатады. Жұлдыз,
қисық, әртүрлі шаршылар мен дөңге-
лектер, түзу крестер т. б. белгілер қарасу
заманында пайда болған. Б.з. д. VII—II
ғасырларға жататын тагар дәуірінде
шартты белгілер көбейе түскен, оған әр
түрлі таңбалар қосылған. Таштың зама-
нында (б. з.д. I ғ.– б.з. V ғ.) таңбалармен
қоса санды білдіретін белгілер шыққан.
Мұндай көнелік, шартты белгілердің
көбейіп, дамып отыруы, қырғыз мемле-
кеті құрылған кезде, олар өзінің мен-
шікті жазуын шығаруға талпынған. Уй-
бат чаатасындағы
қырғыз қорғанынан
табылған қыш құмырадағы әр түрлі
шаршы, крест таңбаларымен бейнелен-
ген жазу бұған дәлел бола алады. Та-
былып жатқан осындай жазуларға сүй-
ене отырып, түркі халықтарының көне
жазуларындағы таңбалардың бәрін тү-
гелдей арамей алфавитінің жүйесінен
шығаруға болмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің заманымызға дейінгі III ға-
сырда арамей алфавитінің негізінде
«шаршы еврей жазуы» («квадратное
еврейское письмо») дамыған дейді.
Парсы-арамей жазуы кейде Индия-
ның буын жуйелі кхарошти жазуының
шығуына негіз болды деген де пікір-
лерде бар [2, 87-88бб.]. Бұл мәселе әлі
де көптеген зерттеулерді талап етеді.