Оқу бағдарламасымен байланысы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата01.05.2024
өлшемі1.18 Mb.
#500247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
TS OSH IA aza - debieti 11

Максималды балл
40 балл 
 
2.1 Бағалау міндеттері 
 
 
 
 
 
1-БМ 
Білу және түсіну 
Білім алушы: 
• өткен тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды 
және әдеби теориялық түсініктерді білуі;
• шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың 
авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы 
негізгі деректерді білуі; 
• көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер 
жиынтығын, шығармадағы автордың ұстанымын; көркем 
шығармалардың 
бейнелеу 
табиғатын 
және 
жасырын 
мағынасын түсінуі тиіс. 



 
 
 
 
 
2-БМ 
Қолдану және жоғары деңгей дағдылары
Білім алушы: 
• шығарманың 
мазмұнына 
талдау 
жасау 
барысында 
әдебиеттанудың түсінікті тілін қолдануы; 
• әдеби шығармаларды сыни тұрғыдан көркем түрде жазбаша 
түсіндіре алуы;
• сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш 
құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері 
мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдай алуы 
тиіс. 
 
2.2 Балдардың үлестірілуі 
 
Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі. 
Бөлімдер 
Бағалау міндеттері
Балл 
1-бөлім 
1-БМ 
12 
2-бөлім 
2-БМ 
28 
Барлығы 
40 
2.3 Емтиханды өткізу тілі 
Емтихан қазақ тілінде өтеді. 

Емтиханды өткізу үдерісін басқару 
Емтихан «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық 
және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 
Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың 
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидаларына сәйкес өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет