ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі –
уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір
жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман
ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады.
Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық
сәулетшісі атағын алған
жалғыз маман. Онымен үзеңгілес жүріп, кеңестік сәулет өнері саласында күш-
жігерлерін шыңдаған ірі сәулетшілер өздерінен кейін қосылған Қалдыбайдың дарынды-
лығын мойындады. Ал сол кәсіби сәулетшілердің ішінен өткен ғасырдың жетпісінші
жылдарының бас кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен,
талай тай жарысында
оза шауып жүріп, әрқашан бәйгелі болып көзге түскен жас сәулетші Қалдыбай
Монтахаев 80-90-жылдары сәулетшілер (қалалық, республикалық,
мемлекетаралық
және т.б.) арасындағы додаларда талай әйгілі мамандардан қара үзіп, алға шығып, қазақ
сәулет өнерінің құлагері атанды. Осы орайда сәулет академигі Тоқтар Ералиевтің “Бү-
гінде “ХХ ғасыр соңындағы қазақстандық сәулет өнері” дегенде, ойымызға Монтахаев
келеді” дегені кездейсоқ емес. Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағының
президенті Василис Сгутас “Сіз және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына
қосқан орасан үлесіңіздің арқасында бүгінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем
біледі” десе, сәулет өнерінің белгілі академигі И.Н. Воскресенский “Қалдыбай Жұмаға-
лиұлы, сіз сөзсіз кәсіби еңбектері мен қызметтері ХХ ғасыр
сәулет өнерінің тарихына
кіретін сәулет өнері таланттарының бірі болып табыласыз” деп бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: