Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті. Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы»


«КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ, БОЛ, АҚЫН...»



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.05.2024
өлшемі186.63 Kb.
#500789
түріСабақ
1   2   3
Ахметова Б.Б. 1

«КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ, БОЛ, АҚЫН...»- М. Ю. Лермонтовтың 
«Еврейская мелодия»атты өлеңінің 1892 жылы Абайтәржімелеген туындысы. Көлемі 8 
жол. Абай түпнұсқаның: 
«Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей! 
Вот арфа золотая: 
Пускай персты твои, промчавшися по ней
Пробудят в струнах звуки рая. 
И если не навек надежды рок унес, 
Они в груди моей проснутся
И если есть в очах застывших капля слез - 
Они растают и прольются...»
деген алғашқы сегіз жолын ғана тәржімелеген. Лермонтов өлеңі Байрон шығармасының 
ізіменжазылған. ТақырыбыТаураттаналынған («Саул патшаның Дәуітке айтқаны»). 
Өлеңнің «Еврей сарыны» («Еврейская мелодия») деп аталуыда сондықтан. Түп нұсқаға 
сай «бейістің үні шығар» деген сөз де діни сарынға байланысты. Ал шығарманың басты 
идеясы – ақынныңөлеңді кеудегетолғанқайғыны, зардыжас етіп төгіп, бойды жеңілдетіп, 
сенген үмітті қайта тұтандыратын зор қуат-күші бар деп қарауы –өлең сөзді қастерлеуі. 
Туынды 11 буынды кара өлең ұйқасы өрнегімен кестеленген.
III. Ойтолғаныс сатысы 

Ақын өлеңін оқу және талдау. 

Сөздікпен жұмыс 
Дж. Байрон — М. Ю. Лермонтовтан 
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын! 
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын. 
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?! 

Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру. 
Білетінім V 
Үйренгенім + 
Үйренгім келеді?
Сабақты қорыту.
Ақынның өмірі 
1. Абайдың әкесі кім? 
А) Өскенбай
В) Ырғызбай
С) Кененбай
Д) Құнанбай 
2. Абай қай жылдары өмір сүрді? 
А) 1845-1904
В) 1845-1905
С) 1846-1905


Д) 1946-1906 
3. Семейдегі алғашқы сабақ берген молдасы кім? 
А) Әбдіжаппар
В) Ғабулжаппар
С) Ахмет-Риза
Д) Әбдірахман 
4. Абай болыс блды ма? 
А) Жоқ
В) Иә
С) мүлдем
Д) ешқашан 
5. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының 
авторы кім? 
А) М.Жұмабаев
В) С.Сейфуллин
С) М.Әуезов
Д) І.Жансүгіров
Үйге тапсырма:«Көңілім менің қараңғы» өлеңін жаттау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет