Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет41/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
11-жаттығу. Мына сөздерді күрделі атаулар етіп жазыңыздар, емлесіне 
көңіл бөліңіз. 
МХР, БҰҰ, ТМД, КХР, ҚХР, БХР, ҚазТАГ. 
 
 
5-тақырып. Шылау мен одағай сөздер 
Жоспары:
1 Шылау сөздердің жазылуы.
2 Одағайлардың жазылуы.
3 Бас әріптің қолданылуы. 
4 Тасымал. 
Шылаулардың жазылуы. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, 
қарындаш та үстел үстінде жатыр. Қалам мен карындаш үстел үстінде жатыр. 
Мен әрі қаламмен, әрі қарындашпен жазамын. Бөлек жазылатын шылаулар 
мыналар (алфавит тәртібімен): ал, алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, 
бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі, ғана (қана), ғой, дағы (сен дағы), да (де, та, 
те), дегенмен, дейін, және, жуық (жүзге жуық), екеш (бала екеш бала да 


42 
түсінеді), кейін, қабат, қарай, қаралы (жүз қаралы), қатар, құй, құйт, ма (ме, 
ба, бе, па, пе), мен (бен, пен), менен (бенен, пенен), мейлі, не болмаса, немесе, 
онда да, өйткені, сайын, себепті, сондықтан, сияқты (секілді, сықылды), сон, 
сынды, туралы, түгіл, шақты, шамалы, ше, шейін, үшін, я, я болмаса, яки. 
Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда, әйтсе, сөйтсе, 
және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда, олардан бөлек 
жазылады: бірақ та; әлі де (болса), тағы да (айтарым), сондықтан да, сонда да, 
әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә да, бұл сөзіңіз естен кетпес. 
М.Әуезов).
Сұраулық ше шылауы шы, ші болып айтылғанмен, ше түрінде жазылады: 
Мен он төрттемін, ал сен ше? (айтылуы – сен ші). Үлкендер жиналып болды, ал 
балалар ше? (айтылуы – балалар шы).
Ақ, ай, ау, мыс (міс), ды (ді, ты, ті) шылаулары өзінен бұрынғы сөзбен 
дефис арқылы жазылады: жақсы-ақ, жүрісін-ай, қарағым-ау, айтыпты-мыс, 
келіпті-міс, болған-ды, келген-ді. Ойпырай, ойпырмай, япырау, япырмай, 
япырмау сияқты одағайлардың құрамындағы ай, ау шылаулары сөзбен бірге 
жазылады.
Әдетте шылаулар жалғаулардан кейін келеді: Сен үйде қаласың ба, әлде 
киноға барасың ба? Әңгімені келістіріп айтасың-ақ. Мен осы үйдің ұлымын да, 
кызымын да. Ма (ме, па, пе, ба, бе) сұраулық шылаулары және ақ, да 
шылаулары кейде жалғаулардан бұрын келеді. Ондайда бұл шылаулар қосылып 
жазылады. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі болып 
өзгереді: Сен үйде қаламысың, әлде киноға барамысың. Әңгімені келістіріп 
айтадыақсың. Мен әңгіме айтуға жоқақпын. Мен осы үйдің ұлыдамын, 
қызыдамын. 
Да (де, та, те) шылауын осы тұлғалас септіктің жалғауымен; ма (ме, ба, бе, 
па, пе) шылауын осы тұлғалас болымсыздықты білдіретін жұрнақпен; мен (бен, 
пен) шылауын осы тұлғалас көмектес септік жалғауымен; ше шылауын 
үстеудің осы тұлғалас жұрнағымен шатастырмау керек: да (де, та, те) тұлғасы 
жалғанып тұрған сөз кімде? неде? қайда? қашан? қайткенде? неткенде? деген 
сұрақтарға жауап берсе, жалғау болады да, сөзбен бірге жазылады. Басқа 
жағдайда шылау болады. Шылауды түсіріп айтқанмен, сөйлемнің жалпы 
мағынасы бұзылмайды. Жалғауды түсіріп айтып көргенде, сөйлем түсініксіз 
болып шығады. Мысалы: Ол менің жанымда (қасымда) келе жатыр (қайда келе 
жатыр? – жанымда). Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді (Жамбыл). Не 
гүлдеді? – жаным гүлдеді. Ал алдыңғы сөйлемді Ол менің жаным келе жатыр 
деп, да тұлғасын түсіріп айтуға болмайды. Ма (ме, ба, бе, па, пе) тұлғасы бар 
сөйлем ішінде сұраулық мән болса, ол тұлға шылау болады. Бұл шылау 
есімдермен де, етістікпен де, үстеумен де қолданыла береді: Мынау тау ма, төбе 
ме ? Бүгін күн жылы ма, суық па? Сен мына кітапты оқыдың ба? Оның келер 
күні ертең бе? Ал ма (ме, ба, бе, па, пе) тұлғасы тек қана етістіктермен тіркесіп, 
болымсыздық мағына беріп тұрса, ол жұрнақ болады да, сөзбен бірге 
жазылады: Жалған сөзді айтпа. Сен бүгін киноға барма. Мен (бен, пен) 
тұлғасын және деген сөзбен алмастырғаннан (сөйлемдегі сөздердің орнын 
қозғамай) немесе мүлде алып тастағаннан сөйлем мағынасы бұзылмаса, ол 


43 
шылау болады: Қалам мен қағаз үстел үстінде жатыр – Қалам және қағаз үстел 
үстінде жатыр – Қағаз, қалам үстел үстінде жатыр. Бұл тұлғаны алып тастауға 
немесе оны және шылауымен алмастыруға болмайтын болса, ол жалғау болады: 
Ол қаламмен жазды – Ол қалам жазды немесе Ол қалам және жазды деуге 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет