Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет62/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Сəулебек Санжар 
Жетекші: Мылтықбай Назерке 
Көзі ашық, көкірегі ояу əрбір адамзаттың ойлайтыны – əлемнің тыныштығы, туған 
жұртының тəуелсіз өмір сүруі. Осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан Қазақстан жері – 
асыл бабалардың сақтап, бізге қалдырған баға жетпес мұрасы. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы 
– бүгінгі жастар. Сол жастарымыздың өне бойындағы туған жерге деген құрмет пен 
сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Біз өз елімізді, жерімізді, тілімізді 
қадірлеп, құрметтеп, қастерлеп биікке көтерер болсақ, ұлтымыз да жоғалмайды. Мен 
Қазақстанның болашағын қалай елестетемін? 
Біріншіден, ел тарихы мен əдебиетінен ойып тұрып орын алар ақын-жазушылардың 
шығармаларын оқып, оны ұрпақ тəрбиесінде тілге тиек етіп, санадан сызып тастамай, есте 
сақтап жүру керек деп есептеймін. Тіл байлығы – əрбір ұлттың мақтанышы. Ақиық ақын 
Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің. Тілімді тас жүрекпен тілімдедім, 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім» – деп жырлап кеткен. 
Ақиық ақынымыз тіл қадірін терең ұғынып, ұрпағына жеткізгісі келсе керек. Біз жастар 
қауымы өскелең ұрпақтың ана тілін жоғалтпауына септігімізді тигізіп, тілге деген құрметті 
саналарына сіңіргеніміз жөн. Сонда ғана жарқын болашақтың негізін қалауға қадам баса 
аламыз. 
Екіншіден, тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» 
- деп алға қарай ұмтылуымыз керек. Мемлекет басшысы қазақ елін əлемдегі интеллект
білім мен біліктілік бəсекесіне бейімдеп отыр. Қазіргі заманның талабы да – зияткерлік пен 
жаңашылдыққа бет бұру. Мұның өзі XXI ғасырдағы барлық табысты қоғамдардың 
қалыптасуы мен дамуының негізі деп ойлаймын. Бүгінде əлемде орасан зор технологиялық 
өзгерістер адам сенгісіз жылдамдықпен орын алуда. Біз жастар заман талабына сай кез 
келген технологияны қарқынды түрде игере білуіміз тиіс. Сонымен қатар көзі ашық, 
көкірегі ояу, өз болашағына сеніммен қарайтын, еңбекқор болуымыз керек. Осы орайда 
«Тірі қалсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – деп Əлихан атамыз айтқан рухты сөзі 
ойға оралады. Əр қазақ баласы қазақ жеріне қызмет етсе, болашағымыздың жарқын болары 
анық. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 61 - 
Қорытындылай келе, еліміздің бірлігі берік, берекелі болсын десек жұртымыздың 
жүгін жұмыла көтеріп, жұдырық болайық. Береке мен ауызбіршілігі жоқ мемлекеттің жеке 
мемлекет болып дамуы қиын. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына қазақ жері мен елдігінің 
іргесін сөкпей сақтаудың бірден-бір жолы – оған адал қызмет етіп, ел дамуына өз үлесімізді 
қосу. Ұрпағы өз ұлтының тілінде сөйлеп, өз ұлтының қамын жеп, төрт құбыласын түгел 
ұстағанда ғана елдің болашағы жарқын, кемел болмақ! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет