Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет64/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Ұзақбай Нұрислам Абайұлы 
Жетекші: Жанабаева Бижамал Мамаевна 
Тəуелсіздік - ата-бабамыздың маңдай терімен, қасық қанмен келген үлкен 
мирасымыз. Оның бір дəлелі 1986 жылы болған оқиға. Қанша аға- апаларымыз келешек 
ұрпақ үшін отаны үшін өз өмірлерін қиып, біздің осындай тыныш, тəуелсіз, əдемі заманда 
өмір сүруімізге өз үлестерін қосты. 
Тəуелсіздігіміздің нышандарының бірі ту, елтаңба, əнұран. Сонымен қатар өзіміздің 
тіліміз, валютамыз бар. Бұның барлығы еліміздің баға жетпес құндылықтары. Біз тəуелсіз 
ел тұғырмыз. Осындай елде, жерде туып, өскеніме мақтан етемін. Ендігі кезек біз секілді 
жас буындардың қолында деп ойлаймын. Əр бала сабағын жақсы оқып, мектеп ережесіне 
бағынып, туған жерін, табиғатын қастерлеп білсе тəуелсіздік ақтау үшін үлес қосқан болып 
есептеледі деп санаймын. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Бөкенбай Айлина Асланқызы 
Жетекші: Туребаева Лаура Амангельдиевна 
Мен бақытты баламын! 
Себебі, менің туған жерім, туған елім – тəуелсіз Қазақстан. «Отансыз адам, армансыз 
бұлбұл» дегендей Отанымызды қастерлеу- əр адамның міндеті. Мен де туған жерімнің
туған елімнің тау- тасын, өзен- көлін, табиғатын ерекше жақсы көремін, қастерлеймін. 
Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс. Сондықтан əр Қазақстан азаматы өз 
Отанын қорғауы керек. Себебі, Қазақстан- біздің Отанымыз! 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Кубеева Гүлмарс 
Жетекші: Туребаева Лаура Амангельдиевна 
Тəуелсіздік – біздің еліміздің баға жетпес байлығы. 1991 жылы 16 желтоқсан күні 
əлемде жаңа жас ел пайда болады. Ол біздің қазіргі тəуелсіз Қазақстан Республикамыз. 
Тəуелсіздікті біздің ата- бабаларымыз көп армандаған. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін 
көптеген жұмыстар атқарылған. Қазақстанның көптеген қалаларында əдемі үйлер, көркем 
ғимараттар салынып бастайды. Жыл сайын тəуелсіз еліміздің жер жерінен біз сияқты 
оқушыларға, кішкентай бүлдіршіндерге арналып үлкен ғажап мектептер мен бала- 
бақшалар ашылғанын естігенде мен қатты қуандым. Өйткені қаншама балалар білім алып, 
ақылдарын шыңдайтын болады.


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 63 - 
Біз тəуелсіз Қазақстанның балаларымыз. Тəуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін 
өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз. Болашақта осы тұғырлы тəуелсіз елімізді қорғау 
біздің басты парызымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет