Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет66/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Болатбекқызы Аймерей 
Жетекші: Бекетаева Гүлшарат Жолайқызы 
Тəуелсіздік – кез-келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Тəуелсіздік 
деген кезде маған көк туы желбіреген, тыныш өзімнің елім ойыма келеді. Өйткені, біздің 
еліміздей ел жоқ дер едім. Сондай- ақ, мен өз елімнің патриотымын. Менің кішкентай ғана 
жүрегім елім, жерім деп соғады. Кез- келген адам өз елін туған жерін ерекше махаббатпен 
жақсы көрі керек деп ойлаймын. 
Мектеп табалдырығын аттаған сəттен бастап «Тəуелсіздік» деген атауды жиі естіп 
келемін. Бұл ұғымның мəнін мектепте апайым, үйде ата- анам үнемі түсіндіріп отырады. 
Бұрын біздің аталарымыз тəуелсіз халық болуды аңсаған. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Оңғар Ақниет 
Жетекші: Абшекенова Асем Рысбаевна 
Тəуелсіздік- ұлттың, тілдің, дəстүрдің, салт- сананың тірегі, күші, халқымыздың бақ 
жұлдызы. Тəуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға 
қазақ халқы да қол жеткізді. Қазақстан – тəуелсіз ел! 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміздің 
Қазақстан деген атпен бүкіл əлемге алғаш қадам басқан жыл. Міне, биыл тəуелсіздік 
алғанымызға 32 жыл толып отыр. Осы 32 жылдың ішінде мемлекетіміз көптеген 
экономикалық саяси жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде, қазақ жастарының жақсы 
білім алып, дамуына ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі Қазақстан əлем сахнасында 
мақтанарлықтай беделге ие!
Тəуелсіздік күні – барлық қазақ халқы үшін ерекше қасиетті күн. Бірлік, 
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Еліміздің тəуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың 
бақыты. Еліміздің тəуелсіздігі, ұлан байтақ жеріміздің кеңдігі ата- бабамыздан қалған баға 
жетпес байлық. Тəуелсіздік бізге аманат етілді. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай 
отырып, аманатымызға адал болайық! 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Асанова Русалина 
Жетекші: Абдримова Арзигуль Зунунова 
Əрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық. 
Отан үшін отқа түс күймейсің – деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жаныңды 
қисаң, ол үлкен абырой. Өзі өлсе де, аты ешқашан өлмейді. Тарихта мəңгі қалады. Отан 
деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер. Отанға деген сүйіспеншілік анаға деген 
махаббатпен тең. 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 65 - 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. 
Қазақстандай елім болғанына мақтанамын. Қазақстанда 150 - ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір 
сүреді. Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігімен, ынтымағымен 
жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Менің мамам айтады: «біз ұйғыр халқына еш бір 
жерде Қазақстан сияқты мүмкіндік жаратпаған: ана тіліңде оқисың, ана тіліңде театрға 
барасың, газет оқисың. Бізге осындай елде тұрып жатқанымызға қазақ халқына рахмет», - 
деп.
Əркімнің туған жері өзіне ыстық демекші, менің екінші Отаным ол туылып өскен 
ауылым-Малыбай ауылы. Осында тұрамын, осында менің əкем, анам, барлық туыстарым 
тұрады. Біздің ауыл шағын, бірақ бəрі бар: балабақша, мектеп, дүкен. Ауылымызда 
мəдениет үйі, кітапхана, ауыл амбулаториясы жұмыс жасап тұр. Орталықта мешіт 
орналасқан. Ауылымның тұрғындары таныс, көшелері таза. Ауылымызда Ұлы Отан 
соғысының ардагерлері де бар. Соның қатарында менің атам бар, өз атам жайлы сіздерге 
айтқым келіп тұр. 
Менің атам- Сидиров Турсун Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1944 жылы 
Финляндия жерінде жəне Германия территориясында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ұлы 
Отан соғыс уақытында бір аяғына оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Ұлы Отан соғысы жеңіс пен 
аяқталғаннан кейін,1946-жылы жаз мезгілінде ауылымызға аман-есен келеді. Атам көп 
ерлік көрсеткені үшін көптеген медальдармен марапатталған. Мен Атамның ерліктерін, 
өмір жолын əрқашан мақтан етемін. 
Мен келешекте дəрігер болып, өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. 
«Ауылымның гүлденгені – Қазақ елінің гүлденгені» – деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет