«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 67 -
күрескен батыр ұлдарымыз бен қыздарымызды атап өтпеу мүмкін емес.
Асанова Ляззат
Алтынайқызы, Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат
Рысқұлбеков сияқты батыр ұлдар мен қыздарымыздың ерліктері жас ұрпақ біздің есімізде
мəңгі қалады. «Қазақтар кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді!!!
Біз еліміз
Тəуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана, азат бола аламыз»- деп ұранмен шыққанда осы
батырларымыз болатын.
Желтоқсанның ызғарлы желі қазақ халқының мəңгі есінде. Сол оқиғаның ызғарлы
желі алдымен ақындардың жүрегін қарып өткен еді. Ақын жазушыларымыз желтоқсан желі
туралы өз өлең жырларын жырлады.
Сəл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт
намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер…
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт- деп Мұхтар Шаханов атамыз
жырлағандай желтоқсан оқиғасы əр қазақтың жүрегінде мұз боп қатып қалғандай көрінеді.
Келешек ұрпақ желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіштерді айналып өтпей, тағзым ету
керек екенін жазған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының дамуына үлкен үлес қосқан бірінші елбасы
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастауымен елімізде түрлі іс-шаралар, саяси,
экономикалық, əлеуметтік реформалар жүзеге асты. 1991 жылы 1
желтоқсанда халық
болып, қазақ елі өз президентін сайлады. Елбасымыз қазақ елінің дамуына көп үлес қосты
жəне еңбектері өте көп болып табылады.
Мен тəуелсіз елдің ұланымын. Өйткені мен тəуелсіз мемлекетте өмір сүріп
жатырмын. Жердің де, елдің де иесі өзіміз екенін ұмытпауымыз керек! Тəуелсіздік алу- бұл
тек бастапқы қадам. Отанымыздың болашағы біздің қолымызда. Тəуелсіздік тұғырым!
Достарыңызбен бөлісу: