Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет75/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Оразғали Ардақ 
Жетекші: Рахимова Газиза Гиндуллаевна 
 
Қазақстан - тəуелсіз мемлекет. Осы бір қасиетті де қастерлі ұғымға тұнып тұрған 
киелі атауды ата-бабаларымыз қаншама жылдар, жылдар емес-ау, ғасырлар бойы аңсады 
десеңізші. 
Өзіңдікі-Елің де, 
Өзіңдікі-Жерің де. 
Өзіңді өзің еткен бақ 
Тəуелсіздік-төріңде! 
Асқар тау да-сенікі
Бақша-бау да-сенікі. 
Қалтқысыз дос пенен 
Қатал жау да сенікі. 
Өзіңдікі-Туың да, 
От пен ауа, суың да 
Жаса, Қазақстаным 
Белді бекем буын да! 
“Тəуелсіздік“ деп аталатын бұл өлеңінде арқалы ақын Иран-Ғайып осылай тереңнен 
сыр толғаса, ол сыр менің, сенің-баршамыздың сырымыз, жырымыз, мұңымыз, үкілі 
үмітіміз екені ақиқат емес пе?! 
Тəуелсіз ел атанып, өз алдымызға жеке мемлекет болып, туған тілімізді
мемлекеттік тіл ретінде көкке көтергенімізге де, міне, 25жыл! 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1991 жығы 16 желтоқсанда Қазақстанды 
Тəуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз елу жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс 
жылдан астам Кеңес өкіметінің тас бұғауында болған Қазақстан егемен ел мəртебесінен ие 
болды. Бұл күн - ел тарихына Тəуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алын 
əріптермен жазылды. 
Біздің қиналмай өмір сүруіміз, мектепте білім алуымыз – Тəуелсіздіктің арқасы. Əр 
күнім мен тəуелсіздікті сезінгенімде жүрегімді қуаныш жайлайды. Өскенде мен де 
тəуелсіздігіміздің нығайуына өз үлесімді қоссам деймін. Қазірше сабақты беске оқып, 
спортпен шұғылданып азда болса үлес қосқандаймын. 
Елбасымыз бізге сенеді. Біз сенімді ақтаймыз. Барша қазақ халқы бізге үміт артады, 
сондықтан үміттерін ақтауымыз керек. Бүгін оқушы болсақ, ертең ел үшін еңбек ететін 
азамат боламыз. Сонда тəуелсіздігіміз тұғыры тағы да нығая түседі. Мен оған сенемін. 
Мағжан атамыз айтқанындай, ол кісінің бізге деген сеніміне лайық болуымыз керек. 
Мен «Жас қыран мүшесімін» болашақта нағыз қыранға айналып тəуелсіздік аспанында 
қалықтаймын, елімді қорғаймын. Қанатын кере қалықтаған қыран бейнеленген туымыздың 
ешқашан төмен түспеуіне уəде беремін. Өйткені мен тəуелсіз елдің Ұланымын, қазақ 
батырларының жалғасымын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет