К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет48/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Тапсырмалар:
6.1. Мәтінді оқыңыз.
6.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз. 
6.3. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
 Көлік қатынасы туралы не білесіз? Оның түрлерін атаңыз. 


60 
 Көлік логистикасының міндеттері қандай? 
 Көлік жүйесін дамыту үшін қандай шаралар қажет? 
6.4. Келесі сөз тіркестерінен бірнеше сөйлем құраңыз: көлік құралдары
жүк тасу, көлік логистикасы, тасымалданатын өнімдер, мүлік сапасы, 
жеткізу мерзімі. 
6.5. Мәтіннен мекен үстеулері мен көмекші есімдерді тауып, сөйлем 
құрастырыңыздар. 
6.6. Қазақстандағы көлік жүйесі туралы әңгімелеңіз. 
6.7. Жол, көлік туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріңіз. Бір мақалдың 
мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
Желді қуған жоғалар
Жолды қуған оңалар. 
 Жолаушыға жолдан жолдас қосылар. 
 Жолаушыны жол асырайды, 
Өнерпазды қол асырайды. 
 Жол болмайды асусыз, 
Той болмайды шашусыз. 
 Жолға шықпас бұрын жолдасыңды сайла
Үй салмас бұрын көршіңді сайла. 
 
 
7 Тәуелсіз елдің экономикасы. Себеп, қарсылықты, ыңғайлас 
жалғаулықтар. 
 
Тәуелсіз елдің экономикасы 
 
 
Тәуелсіз ел болудың маңызды бір шарты – өз экономикаңды өзің 
басқару. Өзінің ішкі және сыртқы есебін өзі қадағаламаған елдің тәуелсіз 
болуы қиын.
Қазақстанның экономикасы нарықтық экономикаға құрылған. Ел 
экономикасының жетекші саласына түсті және қара металлургия жатады. 
Біздің жердің мысының, қорғасынының, мырышының сапасы жоғары. 
Сондықтан әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазақстанның стратегиялық мақсаты – 2050 жылға қарай әлемдегі 
дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 2014 жылы «Нұрлы жол» кешенді 
бағдарламасы, 2015 жылы «100 нақты қадам» деген ұлт жоспары жарияланды. 
2010 жылы іске қосылған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы 2025 
жылға дейін ұзартылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған 
стратегиялық бағдарламалар, бірнеше жобалар бар. Олардың қай-қайсысы 
болмасын мемлекет экономикасын дамытып, елдің әлеуметтік жағдайын 
түзеуге бағытталған. Олардың қатарына «Дипломмен ауылға», «2019 жыл – 
жастар жылы», «Нұрлы жер», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», Қытаймен 


61 
қарым-қатынасқа негізделген «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы, «Рухани 
жаңғыру» бағдарламасы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, т.б. жатады.
2018 жылдың 5-қазанында Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын 
жолдады. Жолдау «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен 
тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Аталған жолдауда Елбасы алдағы 
жоспарларға тоқтала келіп, «Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз 
мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу
бағынбайтын белес болмайды» деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет