КІРІСПЕ
Жобаның мақсат-міндетері. Алдымызға
қойып отырған
негізгі мақсатымыз – Қазақстанда және көршілес елдерде мекен
еткен савромат-сармат тайпаларының орналасқан ескерткіштері
туралы
материалдар, деректер жинақтау арқылы бұл тайпалардың
археологиялық тұрғыда мәдениетіне айрықша көңіл бөле отырып
зерттеу.
Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей
міндеттерді шешу алға қойылды:
1.Савромат – сармат тайпалары туралы
антикалық деректерді
қамту.
2.Зерттеуші ғалымдардың теориялық ойларын қарастыру.
3.Савромат – сармат тайпаларының қалалары мен қоныстарына
байланысты материалдарды қарастыру.
4.
Батыс Қазақстанды мекендеген савромат-сармат тайпаларының
археологиялық ескерткіштеріне сипаттама беру.
Жобаның өзектілігі. Сарматтар деген халық атауы б.з.б ІІІ
ғасырдан, яғни олардың скифтерді жаулап алуынан басталады.
Б.з.б. ІҮ ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Омбыға
дейінгі
жерлерді алып жатты. Төл деректеріміздің бірегейі болып
табылатын савромат-сармат
тайпаларының археологиялық
ескерткіштерін зерттеп, зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Осынау уақытта бұл жерде
мәдениеттің екі басты бағыты құрылып қалыптасты. Олар:
Прохоров мәдениеті және Суслов мәдениеті.
Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі
аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі
аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з ІІ-ІҮ ғасыр
кезеңі.
Сармат тайпаларының пайда болуы туралы нақты пікір
қалыптаса қойған жоқ. Археологиялық
зерттеулерге қарағанда
савромат, сармат тайпаларының шыққан тегі андрон және қима
мәдениетінің кезіндегі рулардың жалғасы деген пікір бар.
Қазіргі таңда сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар.
Көрсетілген дәуірлердегі обаларға тән қасиет олардың сыртқы
көріністерінің бір – біріне ұқсас келуі. Сондықтан да
аталмыш
тақырып өзекті де, зерттеуге тұрарлық тақырыпқа да жатады деп
толығымен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: