Пұттар
Меккеге ең алғаш пұтты әкелген - Амр ибн Лухай есімді араб.
Амр Шамға барған бір сапарында Ма'аб деген мекенге жолай соғады.
Осы жерде Нұх пайғамбардың ұрпағы саналатын бір тайпаның пұттарға
табынғанын көреді. Қызығушылық жеңіп, сұрастыра келе жергілікті
халықтан: "Біз осы пұттардан көмек сұраймыз, сұрағанымызға ие боламыз.
Жаңбыр тілесек, жауынға қарық боламыз" деген жауап алады.
Мұнан соң Амр пенделігі ұстап, Меккеге алып кетуге пұт сұрайды.
Ма'абтықтар оның сөзін жерге тастамай, Хубәл атты пұтты сыйлайды.
Амр Хубәлді Меккеге алып келіп, орнатады. Надан халық бұрын-соңды
болмаған әдетті қызық көріп, соған иланып (тілеуіңді орындайды десе илана
кететін қара халықтың әдеті емес пе?), пұтқа табына бастайды.
Осыдан бастап пұтқа табынушылық Меккеде кеңінен тарайды. Әр
тайпаның өзіне тән пұты болатын.
Достарыңызбен бөлісу: