Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет23/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Абай өлеңдерімен поэмаларын өзбек оқырмандарына таныстыруда Міртемір (19101978) 
ерекше еңбек етті. Алғаш 1945 жылы «Абай өлеңдері» атты жинағын жарыққа шығарды. Бұл 
өзбек тіліндегі жинаққа Абайдың 33 өлеңімен «Масғұт» (өзбек ақыны Ұйғынмен бірге) 
дастанын аударып бастырады.  
Қазақ - қарақалпақ тілдері түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең жақын тілдердің бірі. Тек тілі 
ғана емес руханият жазба жәдігерлері жағынан да, ауыз әдебиеті үлгілеріндегі кейіпкерлердің бір 
болып келуі, жырлау дәстүрлерінің ұқсастығы да сөзімізге дәлел бола алады. Екі халықтада
айтыс, терме, күй жанрларының бүгінге дейін өз мінін жоғалтпай келуі етене жақын екендігін 
көрсетсе керек. Мысалы: Қарақалпақтың «Қырық қыз» эпикалық дастанындағы батыр қыз 
бейнесі Гүлайымның Түркістаннан шығуы, Хорезімнің батыры Арыстанға ғашық болуы 
Шыршық өзенінің аталуы халықтар арасындағы байланыстарын білдірсе керек. Екінші бір 
дастан «Мақпал» жырында Сырдың бойында мекендеген Мақпал есімді қызға Сегіз деген жігіт 
ғашық болып қалады. Елді мекенге жұт болып Сегіз Арқаға малдарын айдап кеткенде, 
қарақалпақ елінің қыз таңдап жүрген батыры Жабы деген жігіт Мақпалды көріп, әкесіне қалың 
малды төлеп алып кете барады. Соңынан қуған Сегіз, Жабы екеуі алысып Сегіз Жабыны 
жығады. Мақпалды алған Сегіз, Жабыға өзінің қарындасын беріп мәңгі дос болып кетеді. Бұл 
дастан екі халықта да жырланады.
Қарақалпақ әдебиетін саңлақ ақындары Бердақ (1827-1900) «Айдос би» дастанын қазақша 
жазса, Әжінияз Қосымбай ұлы (1824-1874) бір қатар өлең – жырларын қазақша 
жазғандығынан Абайды түп нұсқада оқыған деп түсіну қиын емес.  
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып
Қу тілмен қулық сауған зақы құрсын, - деп қазақ – қарақалпақты басқару жүйесінің өзгеруі 
өзге халықтың ұлықтары мен өз елінің атқамінерлерінің жеке мүддесі үшін жасаған әрекетін 
Қарақалпақ ақыны Әжінияздың «Ала құс» өлеңімен әшкерелейді.
Аспанда жүр ала-ала көрініп
Жерге түссе құйрығынан сүрініп
Елге ауыр түссе керек салмағы
Сондай беймаза ала құс – деген сатира жанырында бұл жазылған өлеңі бейнелі түрде ала құс 
арқылы ел арасындаға алалықты жаңа басқарудың қонымсыздығын айтып отыр. Абай үстемтап 


36 
өкілдерінің зорлықшыл әрекетін «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» т.б. 
өлеңдерінде батыл, астарламай тура табиғи қалпымен жеткізген.
Болыс болдым мінеки
Бар малымды шығындап.
Сөйтсе дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап – Абай өлеңінде өз пікірін болыстың монологы арқылы берсе, 
Әжінияз астарлай «ала құсты» бейнелі түрде беріп отыр.
Қарақалпақ негізін салушылардың бірі аудармашы Абатд Әлиев (1915) қарақалпақ тілінде 1990 
жылы шыққан жинағына Абайдың 32 қара сөзін аударып ендірген. С.Бекмұратов (1910) 
қарақалпақ ақыны әрі аудармашы, Абайдың бірнеше өлеңдерін аударып 1925 жылғы мектеп 
оқулығына ендірсе, 1955 жылы Нүкісте жарық көрген «Абай Құнанбаев» атты кітабына 
толық аудармалары қамтылған. Осы жылы ақын, аудармашы, зерттеуші ғалым Б.Исмайлов 
(1926-1985) өзі аударған Абай өлеңдерін 9-класқа арналған «қарақалпақ әдебиеті» оқулығына 
ендірді Т.Жұмамұрадов (1915-1990) ақын драммашы: «Қазақ досым» атты өлеңінде Абай. 
Жамбыл. М.Әуезов, С.Мұханов сынды зиялылар туралы сөз етеді «Абай ескерткіштеріне» деген 
жыр толғауы қазақтың бір туар ақынын ұстазым деп тәу етуі халыққа әрі Абайға деген құрмет 
деп түсінуіміз керек.
Қырғыз бен қазақтың төскейде малы, төсекте басы қосылған түбі бір түркі халықтар арасындағы 
ең жақын екендігі, ес білмеген ескі заманнан белгілі. Туысқандығы жарасқан рухани қазына 
көздері бүгінгі әдебиеті мен мәдениетті, өнері мен тарихы бірге дамып келе жатқаны белгілі. 
Абай шығармашылығының қырғыз ақындарына еткен әсері мол екендігі қазіргі қырғыз 
әдебиетінің даму барысында айқындалып отырғандай. Адамзаттың Манасына айналған 
қырғыздың эпостық дастанын алғаш 1856 жылы қашқарлықтардың аузынан жазып алып келген 
Шоқан болса, М.Әуезов шовенизм шырмауынан шешімін тауып шық жұқтырмай тап – таза 
күйінде алып шығып берді. Абайдың замандасы қырғыз халық ақыны Тоғолоқ Молдо (1860-1942) 
мысал жанры бойынша жаңашыл ақын әрі жыршы. «Түлкі мен тырна», «Есек пен бұлбұл», 
атты мысал өлеңдерінде, «Құстардың әңгімесі» (1908) атты поэмасында әлеументтік өмір 
қайшылықтарын образды түрде астарлай ұғыммен суреттеуі Абай аудармаларындағы сатира 
мен үндес жатқандығын байқау қиын емес кейіннен бірнеше шығармалары жаңа өмірге 
бейімделген. Өлеңдерінің дені Абайдың сегіз тармақтан тұратын «Сегіз аяқ» өлең үлгісінде 
жазылған.  
 Абай үлгісінде жазған қырғыз елінің халық ақыны Аалы Тоқомбаев (1904-1988) Абай өлеңдері 
мен поэмалары қырғыз тіліне аударып 1954 жылы қазақ елінің ұлы ақыны деген атпен жинақ 
етіп жариялады. Абайдың «Бойы бұлған» А.Тоқомбаевтың «Тұтқын Марақ» өлеңдерінде 
идеялық жақындастықтары бар екендігі байқалады. Абайдың 54 өлеңін және «Ескендір» 
дастанын аударып, алғаш 1954 жылы Бішкекте «Абай жырлары» деген атпен жеке кітап етіп 
шығарды.  
Татар халқымен қазақтардың бір тұтас ел екендігі тілдік жақындығынан-ақ мен мұндалап 
тұрады, Ғабдолла Тоқай Татар халқының ұлы ақыны қазақ жерінде өсіп ер жетіп, Орал өңірін 
өзінің отаны есебінде көп жырлаған ақын. Ғ.Ибрагимов (1887-1938) қазақ ауылында мұғалімдік 
қызметін атқарған қазақ тілін толық игерген Ғ.Ибрагимов «Қазақ қызы» романын жазды. 1923-
24 жылдар арасында Түркістан АССР-інде шығып тұрған «Сана» журналының 5 санында Абай 


37 
шығармашылығы туралы және қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің рухани қазына туралы 
басылған. Ш.Бабич, Ғ.Баширов, М.Ғайнуллин, С.Хаким т.б. татардың ақын жазушылары мен 
зерттеуші ғалымдарының шығармашылығына Абайдың ықпалы болған деп айта аламыз.  
 Түркімен тіліне Абай шығармалары 50 жылдардан аударыла бастады Абайдың қайтыс 
болуына байланысты 1954 жылы 50 жылдығына орай түркімен ақындары М.Сейдов К.Эзизов, 
С.Ураев, А.Баймурадов, А.Оразтағанов Абай шығармашылығын түркімен оқырмандарына 
таныстырды. А.Баймұратов өзінің 1974 жылы жазылған «Поэзиямыздағы Абай дәстүрінің 
жалғасуы» деген мақаласында, Абай поэзиясынан үлгі алған түркімен ақындарының 
шығармашылықтарын сөз етеді.Түркімен әебиетінің заңғар жазушысы Б.Кербабаев (18941974) 
Абай мұрасын жоғары бағалаған.  
 Ұйғырдың елді мекені көршілес Қытайдағы Шынжан өлкесі, туын тіккен отаны болып 
саналады. XV ғасырдан Жетісуға аударып бүгінде Алматы аймағына орналасқан. Абайдың 
«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде ұйғыр тарихы туралы да 
мәліметтер айтады.  
 Абай өлеңдерін 1930 жылдардан ақ ұйғыр тіліне аударма жасап жүрген И.Саттаров «Бойы 
бұлғаң» өлең үлгісін ұйғыр поэзиясына қалыптастырды. Ұйғырдың бір қатар классик ақындары 
Абай лирикасы мен қара сөздерін және поэмаларын аударып ұйғыр оқырмандарына жеткізді.  
 Д.Ясенов (1938 ж.т.) І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері Абай өлеңдері поэмаларын 
аударып 1972 жылы «Көзимниң қарачуғи» («Көзімнің қарасы») деген атпен кітабы жарық 
көрді.  
 Башқұрт әдебиетін негізін салушы халық ақыны Сәйфи Құдаш (1894 ж.т.) Абай туралы 
мақалалаларына қосып, зерттеу еңбектерінде Абай өлеңдерінен үзінділер келтіріп отырған 
Абайды ұстаз санағандығы 1966 жылы қазақ тілінде аударылған «Жастықшақтың ізімен» 
естелік кітабынан көруге болады. Абайды ұлы ақын деп бағалаған. Башқұрт ақыны Ш.Бабич 
(1895-1969) 1913 жылы «Мен Құнанбаев жырларынан керім әсемдікті, абзал сұлулықты көрем 
де, рахат сезімге бөленем» - деген екен  
Шығыс пен батысты төл емген қазақтың ұлы ақыны Абай өзінен алдыңғы ойшылдардан алған 
білім нәрін кейінгі келе жатқан ұрпаққа сарқи берді. Абайды ұстаз тұтқан түркі халықтарының 
ақындары «Солай жазсам деп арман еткен».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет