Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


адамдығы, адамшылық, адамшылығының кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы



Pdf көрінісі
бет47/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

адамдығы, адамшылық, адамшылығының кәмалаттығы, пенделіктің кәмалаттығы, 
инсанияттың кәмаләттығы т.б. терминдік мәні бар сөздердің бәрі де толық адам жайлы 
пікірлерімен сабақтасып жатады.
  


54 
2. Абайдағы жүрек культі - толық адамның елеулі сипаты  
Мұсылмандық шығыс поэзиясында құстың қос қанатындай қанат қағып келе жатқан 
жүректі мадақтау (жүрек култі) мен ақылдың култін дәріптеу көрінісі айқын аңғарылып тұрады. 
Осы тұрғыдан келіп классикалық сопылық поэзияда имани ақыл (ибн Сина) мен иманигүл 
(Абайда) танымы ғасырлар бойы жырланып үзеңгі қағысып келеді.
Абайдың жүрек туралы танымы бізде поэтикалық тіл тұрғысынан зерттелсе де (проф. Қ. 
Жұмалиев), бірақ гуманистік болмысына мән берілмей келгенін Абай «...Біздің қазақтың 
жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Одан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды», 
- деп тыңдаушыларының жүрек табиғатын тану өрісі төмендігіне реніш білдіретіні бар.
Абай жүректі - рахым, шапағаттың қайнар көзінің баламасы ретінде қарайды. 1886 жылдан 
бастап жүректің сырына үңіліп, ол жайлы таным түсініктерін жыл өткен сайын тереңдетіп
шығармаларында жүйелі түрде насихаттап таратып отырады. Осы ерекшелікті сезген М.Әуезов 
Абайтанудан 1943 жылы оқыған дәрісінде: «17-сөзі Адамның адамгершілігі неден құралады 
дегенде: қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын 
береді. Бірінші жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көрегендік. Олай болса ақыл байқағанды 
жүрек сезеді. Абай өлеңінде де, қара сөзінде де шабыттың адамы, сондықтан жүрек сезімі 
күшті» (ЛММА архиві, 331 папкі, 173 бет), – деп Абайдағы жүрек мәселесіне ерекше мән береді.
Абайдағы жүректің орны жайлы ой толғаныстарын оның «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» 
(1884), «Кейде есер көңіл құрғырың» (1890), «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» (1896), 
«Алла деген сөз жеңіл» (1896) деген өлеңдері мен «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» (1897), 
«Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» (1899) деген аудармаларында тұжырымдап берген 
болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет