А
3
– нысанаға тек үш оқтың тиюі,
А
4
– нысанаға тек төрт оқтың тию болса, онда А
0
+ А
1
+ А
2
оқиғасы оқтың тию саны екіден аспайтын оқиға болады.
Анықтама. А және В оқиғаларының көбейтіндісі деп осы екі оқиғаның
бірге көрінуінен тұратын оқиғаны айтамыз. Бұл оқиғаны АВ деп белгілейміз.
Сонымен АВ оқиғасы көріну үшін А және В оқиғалары бірге көрінуі керек.
Сол секілді А, В, ...,С оқиғаларының көбейтіндісі деп осы оқиғалардың бірге
көрінуінен тұратын оқиғаны айтамыз. Бұл оқиғаны АВ ...С деп белгілейміз.
Яғни, АВ ...С оқиғасы көріну үшін А,В,...,С оқиғалары қатар көрінуі керек.
Ескерту. Егер А және В оқиғалары сиымсыз оқиғалар болса, онда АВ
оқиғасы мүмкін емес оқиға болады, яғни АВ = Ø
Қосу және көбейту амалдарына мысалдар қарастырамыз:
1-мысалдағы оқиғалардың көбейтіндісін
қарастырсақ мынадай
теңдіктерге келеміз:
АВ =Ø, АС =Е, Е={2,4}, BC = F6 F={1,3}, AΩ =A, AØ=Ø т.с.с.
Есеп 3. Сүңгуір қайықты іздеп табудың ықтималдығы 0,8, ал оның
жойып жіберудің ықтималдығы 0,6-ға тең. Іздеп табылған сүңгуір қайықты
жойып жіберудің ықтималдығы қандай?
Шешуі: А-оқиғасы сүңгуір қайықты іздеп тауып алуды білдіреді. В-
сүңгуір қайықты жойып жіберуді білдіреді. Сонда Р(А) = 0,8; Р(В) =0,6.
Есептің шарты бойынша іздеп табылған қайықты жойып жіберудің
ықтималдығын
табу керек, яғни Р
А
(В) ықтималдығын табу керек.
Р(В) = Р(А) · Р
А
(В)
Сонда
Р
А
(В) = Р(В)/ Р(А) =0,6/0,8 = 0,75
Достарыңызбен бөлісу: