Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет14/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

АЙЫМБЕТ (Айымбет) – қ., мола, Тҥпқараған ауданы. Антропотопоним. 
АЙЫРТАМ (Айыртам) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. Атау айыр (сын есім) және 
там (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Екі жол айрығындағы там (бейіт)».
АЙЫРТАУ (Айыртау) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау айыр (сын есім) және тау (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «екіге айырылған немесе екі бӛлек 
тау».
АЙЫРШАҒЫЛ (Айыршагыл) – қ., тӛбе, Қарақҧмның оңт. бӛлігінде. Бейнеу ауданы. 
Атау айыр (сын есім) және шағыл (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шағыл – 
қҧм, қиыршық тас қҧм. Атаудың топонимдік мағынасы: «екі бӛлек, екі салалы 
қиыршық тасты тӛбедегі қҧдық». 
АҚАДЫР (Акадыр) – тҧз. қ., Маңғыстау ауданы. Атау ақ (сын есім) және адыр (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «тасы мен топырағы ақ тҥсті 
адырдың маңындағы қҧдық». 
АҚАН (Акан) – шатқ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «ақ топырақты тӛбелі шатқал». 
АҚАЯҚ (Акаяк) – дӛң, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және аяқ (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау «дӛң тҥсінің ақтығына, тасы мен топырағының 
алыстан ағарып кӛрінуіне» байланысты, «тӛменгі жақтағы ақ дӛң» деген мән беретін 
тәрізді. 
АҚАЯН (Акаян) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
АҚБАЙ (Акбай) – қ., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және бай (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. Татар гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова бай - «ӛзен, қҧрғақ 
арна», ал Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ арна» «сусыз аңғар» мағынасында 
қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). Сонда атаудың мағынасы: «ҧсақ, ақ
шағыл тасты сусыз арнаның табанынан қазылған қҧдық» мәнін білдіреді. 
АҚӘУЛИЕ (Акаулие) – қор., Мҧнайлы ауданы. Ақ (сын есім) және әулие (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Ақ сӛзі – «киелі, қасиетті» деген мағыналарда 
қолданылып, «киелі әулие немесе қасиетті әулие адам жерленген қорым» деген мән 
береді.
АҚБАЛА (Акбала) – тӛбе, м., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және бала (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Парсы-тәжік тілдерінде бала «жоғары, биік» деген 


мағынада қолданылатыны кездеседі (Атаниязов, 1970, 57). Соған байланысты атау 1) 
«ақ биік тӛбе» деген мағынада қолданылуы не 2) кісі есімінен қойылуы мҥмкін. 
АҚБАС (Акбас) – қ., Кендірлі-Қиясай Ҥстіртінің шығыс бӛлігінде. Қарақия ауданы. 
Ақ (сын есім) және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «таза, 
мӛлдір, мол сулы қҧдық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет