Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет321/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

 
Асалы-Көкетай күмбезі 
Бейнеу ауданында Асалы-Кӛкетай күмбезі деген сәулет ескерткішінен тҧратын 
жер атауы бар. Кҥмбез қуғыншылар қолынан қаза тауып, арманда кеткен екі ғашыққа 
арналған. Кӛкетай байдың сҧлу қызы да, Асалы – сол байдың жылқышысы, жарлы 
жігіт. Сӛз байласқан екеуі Асалының Жем бойында отырған ағайындарына қашады. 
Асалы қуғыншылар қолынан қаза табады, ал қыз ӛзіне қанжар салады. 
 
Әбіл төрткіл мен Түлкілі Бөкенбай
Аңызда: «Атағозы, Бердібектің балалары Әбіл мен Бӛкенбай маңайласқан 
тҥрікменнің жылқысынан арғымақ қҧлынды «тҥбінде айғыр қыламыз» деп, сайдың 
бойымен алып бара жатқан. Бҧларды тҥрікмендер кӛріп қалып, екі балаға қуып жетеді, 
біреуін сайдың бойында, екіншісін тӛрткілдің басына қашып шығып кеткен жерінен 
ӛлтіреді. Ол жерлер қазір де: «Әбілтӛрткіл, Түлкілі Бӛкенбай» деп аталады. 
Балалардың ӛлігін кӛріп, жылқышылар ауылға қайтып келеді. Ауылда Бердібек пен 
Атақозы жорықта ма, әлде жоқ қарап кетті ма ол жағы белгісіз, ауылда жоқ болады. 
Содан Бегейдің екі батыры – Ӛмір мен Темір Тҥлкілі Бӛкенбай мен одан бір кӛштік 
жердегі Қошаққа дейінгі аралықтағы, теңіз жағалауында отырған тҥрікменді тегіс 
қырған екен дейді. Сол жер «Тҥрікмен сҥйек» деп аталады (Ж.Дҥйсенбаева, 2002, 52). 
 
Балаәулие 
Балааулие – Маңғыстау ауданындағы мола. Қырықкез қырғыны тҧсында шабылған 
басын кӛйлегінің етегіне орай сала жҥгірген баланың келіп, жеткен жері екен делінеді. 
Бала жҥрегі жеті кҥн бойына соғып жатыпты-мыс. Жҧртшылық сол баланың денесін 
жатқан жеріне арулап жерлейді. Кейін бейіт басынан от шығып, ерекше қасиет белгісін 
таныта бастайды. Жергілікті тҧрғындар бала әулие деп атап кеткен» (Маңғыстау 
энциклопедиясы, 1997, 176). 
Дөңқара 
Ҥстірт жазығында биік тастардан қаланған тӛрт бҧрышты пирамида тәрізді 
ескерткіш бар, Ол Дӛңқара моласы. Дӛңқара деген қазақтың ер тҧлғалы, қайсар, бірақ 
аңшылықтан ӛзге кәсібі жоқ, жалғыз атынан басқа малы жоқ қазақтың бір кедей жігіті. 


Бозашыдағы тҥрікмен ауылының атақты бір байдың сҧлу қызын жақсы кӛріп, қыз да 
ӛзінің атастырылып қойылған елінің барына қарамастан қалауы осы жігітке тҥсіп, екеуі 
сӛз байласып, елден қашып, Дӛңқараның нағашысына барып паналамақ болады. Бірақ 
бҧл ойларын біліп қойған қыздың жағы Қаработаны байлап, жібермей және қыз болып 
белгі беріп Дӛңқараны да қолға тҥсіріп ӛлтіріп тынады. Бірнеше кҥн ӛткен соң арыстың 
денесін ел тауып, теңіз тҧсындағы тау басына жерлейді. Аңыз бойынша жерлеуге келген 
елден жер қайысыпты, күн құлақтанып ай тұтылыпты. Аспанды қара бұлт торлап
жылқы жусауын доғарған екен. Түйе біткен азынап, жұрттың кӛз жасынан кӛл тұрып, 
жағасына құрақ шыққан екен.
Ел болып кӛтеріліп еңселі ескеркіш тҧрғызылған екен. Қаработа да сҥйгені жатқан 
жерді кӛрмекші болып бір кҥні аңдушыларынан қашып осы ҥстіртке кӛтерілгенде 
қуғыншылар оны да бауыздап ӛлтіріпті. Және денесін теңізден ары асырып жерлепті. 
Кейіннен Қаработа сҧлудың қаны тамған тақыр жерден ҥш ағаш ӛсіп шығыпты дейді. 
Аңыз ҥш ағаштың екеуін Қаработа мен Дӛңқараның, ал ортасындағы жіңішкесін ана 
қҧрсағындағы нәрестелерінің рухтары дейді (Ә. Спан, 2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет