Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет48/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

БАУЫРБАС (Бауырбас) – тҧз. қ, орпа, Маңғыстау ауданы. Атау бауыр (зат есім) 
және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Бауыр деп – таудың, қыратты 
жерлердің сырт жағына қарама-қарсы ой жағын, ық жерін айтамыз (ҚТТС, 2 том, 11). 
Атаудың мағынасы: «қыратты жерлердің сырт жағына қарама-қарсы ойдан қазылған 
сулы қҧдық». 
БАУЫРҚҦМАҚ (Бауыркумак) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау бауыр (зат есім) 
және қҧмақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қыратты 
жерлердің сырт жағына қарама-қарсы ойдағы ӛсімдік басқан қҧмдар». 
БАЯНДЫ (Баянды) – а., Мҧнайлы ауданы. Ә.Кекілбайҧлы Баянды атауын: «Ұзын 
Хасанға қараған баяндүрлар жайлаған мекен» деп түсіндіреді.
БАЯУ (Баяу) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қонысы орташа, шӛбі шамалы 
жер».
БӘЖІ (Бажи) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Адайдың Жеменей 
руының ӛкілі Туашҧлы Бәжінің моласы. 
БӘЙГЕЛТӚБЕ (Байгельтобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Этноороним. Мағынасы: 
Бәйгел руының қонысы.
БӘЙГЕТӚБЕ (Байгетобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау бәйге (зат есім) және тӛбе 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ат жарысы болып тҧратын 
тӛбе». 
БӘЙДЕЙДІҢ 
ҤШСУЫ 
(Байдейдын 
ушсуы) 
– 
қ., 
Қарақия 
ауданы. 
Антропогидроним. Мағынасы: «Бәйдейдің ҥш қҧдығы». 


БӘЙКҤШІК (Байкушик) – қ., Маңғыстау ауданы, Орталық Ҥстіртте. Этногидроним. 
БӘЙТЕ ҒИБАДАТХАНАСЫ (Байте гибадатханасы) – тарихи еск. Маңғыстау ауд-
дағы сарматтар заманынан сақталған тарихи ескерткіш, киелі орын. Этнонекроним. 
БӘЙТЕ-ҚИЯТ ШЫМЫРАУЫ (Байте-Кият шымырауы)  – қ., Маңғыстау ауданы. 
Этногидроним.
БӘКІШҚАЗҒАН (Бакишказган) – қ., Ҥстіртте. Атау Бәкіш (зат есім) және қазған 
(етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Бәкіш қазған қҧдық». 
БЕГЕЙ (Бегей) – қора, Тҥпқараған ауданы. Геноойконим.  Бегей – Адай тайпасының 
Тобыштан ӛрбігін аталарының бірі. Мағынасы: «Бегей руының қонысы, қорасы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет