Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет42/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. 
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев- Алматы 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том, 
30.10.2019 
2. 
Айқын Республикалық қоғамдық саяси газет 13.08.2015ж. 
 
ӘОЖ 343.4 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН 
КҮРЕСІ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ 
 
Кулчыкова Қ. студент
Ғылыми жетекшісі: Косымбаева Ш.И. 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен 
күресудің шетелдік тәжірибесімен, онымен күресу жолдарын жаксартуына арналған. 


123 
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, мемлекет, заңнама. 
Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді 
қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, 
бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. 
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси 
дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін 
жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас 
жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың 
құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси 
және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі 
қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі 
сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 
заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде 
немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет 
атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық 
өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке 
басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың 
көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен 
сатып алуы» [1]. 
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет 
дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі 
пара алу не беру болып табылады. 
Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті? 
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін 
пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады: 
- «Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір 
қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім». 
- «Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан 
кімге жаман болды?» 
Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін 
қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және 
саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін. 
Қазақстанда жемқорлық деңгейі өте көп салалар Бизнес жүргізудегі бірінші 
кезектегі проблема. Білім беру саласы. Бұл бағытта ешкімді жауапқа тартпайды. 
Денсаулық сақтау саласында да заңнама реттелмеген. Сыбайласқан жемқорлық болса 
да өз қызметін пайдалану фактілер көп. Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты да 
шағым жиі түседі. Соттардағы және кедендегі сыбайласқан жемқорлық деңгейі әлі 
жоғары. 
Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік 
маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік 
қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана 
қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең 
ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. 
Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні 
даусыз. 
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, 
жер участкесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, 


124 
яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат 
қылықтар әлі де орын алуда. 
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында 
ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы 
жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты 
құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының 
түрлері анықталды. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене 
атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы 
жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы 
жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс [2]. 
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әлемдік «үздік тәжірибелері» Transparency 
International ұйымының жариялаған мәліметтері бойынша Сингапур Азия өңіріндегі ең 
«таза» мемлекеттердің қатарында. Индексі - 9,2 балл. Сыбайлас жемқорлықты 
қабылдау индексі бойынша ең төменгі елдер 1952 жылы құрылған сыбайлас 
жемқорлық жағдайларын тергеу Бюросының арнайы органының үздіксіз жұмыс жасап 
келеді. Басты идеясы: «жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекет 
жасауға мүмкіндіктерін, жағдайларын болдырмауға мейлінше тырысу» [3]. 
Біз осындай дәрежеге жету үшін,сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін 
халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі 
мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне 
қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл 
қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. 
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық 
институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны 
тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл 
құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет