Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет10/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Мемлекеттің мəні. Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет 
жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табы-
лады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын
қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл 
түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси 
ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар 
бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұ-
тастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынас-
тарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар не-гізінде 
қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан 
бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, 
қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты,
бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анық-
тайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарас-
тыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор: 
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы 
екендігі; 
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет 
ететіндігі. 
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге 
болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік 


құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады; 
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар 
мен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасай-
тын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көме-
гімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамта-
масыз етуден көрінеді.


№ 6 кесте 
Мемлекет – басқару мен мəжбүрлеуді жүзеге асыратын арнайы аппараты бар. 
Жария биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Бұл ұйым қоғамды білдіре 
отырып, заңдардың көмегімен осы қоғамды басқарады жəне оның интеграциясын 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет