22 тақырып.
ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері.
2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері. Құқық-
шығармашылық – бұл құзіретті
органдардың заң нормаларын
қабылдауға, өзгертуге жəне жоюға байланысты арнайы қызметі.
Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:
- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
- оның негізгі өнімі – нормативтік актілерден көрініс тапқан заң
нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму
бағдараламасы
қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қа-
былданады;
- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мəдениеті, қабылдан-
ған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігі
мен демократиялылығының көрсеткіші.
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түр-
лерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің маңызды мə-
селелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін – референдум –
жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың
тікелей құқықорнықты-
рушы қызметі;
3) əдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар
қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.
Достарыңызбен бөлісу: