Некеден кейін әйел бақыты


Бірінші қорқыныш-ақша табудың амалын таба алмау



Pdf көрінісі
бет132/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

Бірінші қорқыныш-ақша табудың амалын таба алмау
Неге бір адам бір салада ақша таба алады, ал екінші адам 
сол саладан түк таппайды? 
1. Ақша көп табатын адам сол саладан ақша табуға 
тырыспай тұрып, өте көп ізденіп, сол саланың 
адамдарынан ілім алады. Өтірік ілім емес, шынайы, 
бар ынтасымен алынған ілім. Өзін «новичок» 
сезінбеуі үшін ақшасын аямай, сол салада біраз 
нәрсені үйрену үшін «вложение» жасайды. Бұл бір 
себеп. Екінші себеп- адамның сол саладағы ақша 
табудың ниеті. Яғни жәй ақша үшін ғана жұмыс 
істегісі келсе, онда адамның миы оған көп ақша табуға 
мүмкіндік бермейді, және ешқандай жолдарын 
көрсетпейтін болады. Неге? Себебі ақша-бейсана 
үшін тек қана қағаз, жәй ғана құрал. Ал жәй қағаз үшін 
бейсанамыз адамға не күш, не мотивация, не 
энергения бергісі келмейді. Тіпті ақша табу жолдарын 
көрсетудің орнына тек сылтаулар тауып беріп 
отырады. Біз бейсананың бұл процесін еріншектік деп 
айтамыз. Шынымен де, адамда мотивация болмаса, 
еріншектік пайда бола бастайды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
276 
Миымыз ақша табуға ерінбеу үшін не істеу керек? 
 
Жұмысты істегендегі ниетіңіз тек қана ақша болмау 
керек. Миды көндіру үшін, ол көзбен көріп, қолмен ұстай 
алатын нәрсе үшін жұмыс жасайтынын білу керек. Ол үшін 
бірінші ниет-өзге адамдарға көмек бере алуың болу керек. 
Басқа адамға көмектесе алу-керемет ниет. Ал екінші ниет-
сол ақшаға сатып алғыңыз келетін затты ойлау керек. 
Мысалы, көлік, көйлек, үй, иіс су, шетелге шығу т.б. ақша 
табудың себебі кредиттен құтылу, қарызды жабу, аренда 
төлеу болмау керек. Себебі проблеманы ойлаған кезде де 
мидың мотивацияға бөлетін энергиясы болмайды. Адамда 
мотивация болу үшін дофамин гормоны бөліну қажет, ал 
дофамин тек қуанышта бөлінеді. Ал миыңызды қуанышты 
ниет үшін ақша тапқыңыз келетініне көндіру үшін, сіз сол 
картинаны өте жиі елестету керексіз. Қазір оны 
визуализация деп айтады. Визуализацияны біреулер шегі 
жоқ армандаумен жасайды, менің миым шексіз арманға 
сенбейді, сол үшін орындауға болатындай арманды 
елестетемін. Мысалы, Араб еліне саяхаттауды ниетке 
қойсам, менің сол арманымды орындау үшін жұмыс 
істеуім керек, ақша жинауым керек. Ол үшін менде 
еріншектік болмау керек. Ал ерінбеу үшін мен не істейміз 
дедім? Арманымызды миымызға көрсетеміз. Араб еліне 
саяхаттың бағасын біліп алам, билетін сұраймын, 
видеоларын көремін, және сол арманымды суретіне қарап 
елестетемін. Күнделікті елестетемін. Бұл шынымен де 
көмектеседі. 
Неге бірінші адам көп ақша табатынын, ал екінші адам 
ақша таба алмайтынын түсіндіңіз ба? Екінші адам «ақша 
тапқым келеді» дейді де, өзінің ақшасын оқуға, үйренуге 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
277 
қимайды, мүмкіндік шығып тұрса, мың толғанып ойланып, 
уақытын созады. Ал сол саладан ақша табуды үйреніп 
бастаса, берілген құралдарды толық қолданбайды, яғни 
бар күш жігерін салмайды. Әрине, содан кейін нәтиже де 
керемет болмайды. 
Ақша табу қиын деп ойлайтын адам - өз өзінің жолын 
кесетін адам. 
Үйде отырып, көрші дүкендерге бәліштер, тәттілер
булочка, нан пісіріп тапсыруға да болады. Бұл жайлы да 
интернетен оқып алуға болады. 
Үйде отырып, қолмен киім тігуге, тоқуға, тапсырыстар 
алуға болады. 
Олх деген сайт жақсы, көп әйел өз қаласында 
тапсырысқа тамақ пісіреді. Самса, пирог, бауырсақ, торт, 
т.б. 
Немесе инстаграмды ашсаң, интернет магазин ашуды 
үйрететін парақшалар көп. Соны үйреніп алып, Ресей, 
Туркия, Қытайдан киім, ойыншық, орамалдар, ыдыс, 
косметика, кез-келген затты алып, оны екі есе қымбатқа 
сатуға болады. Не сатарыңды білмесең, бірінші, 
айналаңыздағы адамдардан сұрап шығуға болады,, не алар 
едіңіз менен деп. Негізі, ақша таба алмаймын деп айту-тек 
қана сылтау. 
Алғашқы ақшаны анаңыздан, күйеуден, біреулерден 
көмек ретінде ала тұруға да болады. Адам ауырғанда өлмеу 
үшін, емделем деп ақша табады ғой. Бұл ситуацияда да 
ақша тауып, керек жұмысты үйреніп алуға болады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
278 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет