Тағы да бір техника бар. Кішкентай қыздың
техникасы деп аталады. Жұмыстан күйеуіңіз келді дейік.
Сіздің түріңіз ойланып тұрған сияқты, ойға шомылып
тұрған сияқты болу керек. Күйеуіңіз сізден:
-Не болып қалды,неге ойға кіріп кеттің,-деп міндетті түрде
сұрайды. Ол сұрайды, сіз жауап бересіз.
-Өз-өзіме ашуым келіп тұр.
-Неге ашулысың?
-Менің мына нәрсені алғым келіп тұр, білемін,
жағдайымыз оған келмейтінін, әзір оған мүмкіндігіміз жоқ
екенін білемін. Бірақ алғым келіп тұр және сол үшін өз-
өзіме ашуланып тұрмын,- деп айтасыз.
Ер адамда автоматты түрде сіздің өтінішіңізді орындағысы
келетін рефлекс пайда болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
118
Енді жалпы адамға дұрыс өтініш білдірудің
технологиясын оқыңыз.
Егер сіз адамға өтініш жасаған кезде, ол адам бас
тартса, сіз оған ренжіп, одан кейін ол сізге ренжіп, ақыр
аяғында конфликтке түсіп қалсаңыздар, бұл жаман. Сіз
коммуникацияны дұрыс құра алмадыңыз деген сөз.
Өтінішті дұрыс білдірмедіңіз немесе дұрыс білдірсеңіз де
адам бас тартқан кезде ол адамға дұрыс «подход» таба
алмадыңыз, тіл табыса алмадыңыз. Ал егер бір адамның
тілін таба алмасаңыз, басқа адамдармен де тіл табыса
алмайсыз деген сөз. Ал тіл табыса білу коммуникациядағы
ең қажет құрал. Бұның да себептері бала кезден басталады.
Қазақтардың «ұят болады» деген стереотиппен өсуінен
басталады.
Сонымен адамға ойыңызды дұрыс жеткізудің, дұрыс
өтініш айтудың формуласы:
1. Фактілер келтіру. Қашан, қай жерде, қалай істегенін
нақты факт келтіріп айту керексіз
2. Эмоция. Сол әрекетін жасаған кезде өзіңізді қалай
сезінгеніңізді айтасыз.
3. Ол адам не үшін өзі қалағандай емес, сіздікін жасауы
керектігін дәлелдеңіз.
4. Өтініш. Ешқандай намексыз, тіке өтініш білдіресіз.
Әдетте, бізге бірдеңе ұнамаса, сыртқа барлығын
жайып, эмоцияңызды шығарып тастағыңыз келетіндей
қажеттілік туындайды. Эмоциямен барлығын жеткізіп
тастаймыз. Ал адамнан қорқатын болсақ, сол жағдай
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
119
жайлы толық жеткізе алмаймыз. Оның орнына үндемей
қаламыз немесе басын бастап, соңын айтпай қоямыз.
Сонда екінші тарап нақты не қалап тұрғаныңызды
түсінбейді. Ал егер екінші тараптан қорықпасақ, бірақ
жақтырмау сезімі болса, бүкіл негативті ойланбай бетіне
айтып тастаймыз.
Мысалы, сіздің анаңыз сіз телефонмен сөйлесіп
жатқаныңызда бөлмеңізге рұқсатсыз, әрі айқайлап кірді.
Үш рет. Егер сіз алғашқы екі рет кіргенінде ештеңе демей,
үшіншісінде бүкіл эмоцияңызды шығаратын болсаңыз,
анаңыз сізді дұрыс түсінбей, араларыңызда дұрыс
коммуникация құрылтын болады. Солай болмауы үшін
жоғарыдағы формула бойынша әрекет етуіңіз керек.
1. Факт: Мама, сіз «Сабо, шай іш, Сабо, тамағың суып
қалды, Сабо, тасташы ана телефонды» деп айқайлап 3
рет кірдіңіз.
2. Эмоция: Сол кезде досымнан қатты ұялдым. Мамасы
ұрыса береді екен деп ойлап қалады деп жерге кіріп
кете жаздадым.
3. Қажеттілік: Мен енді ересек адаммын ғой, мені ересек
адам сияқты көріп, сыйластық танытқаныңызды
қалаймын.
4. Өтініш: Өтінем, келесіде мен телефонмен сөйлесіп
жатқан кезде маған сөйлемей тұра тұрыңызшы,
немесе қатты сөйлемей, жәй құлағыма келіп
айтыңызшы.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
120
Не үшін формуланы сақтап айту керек? Себебі біз
формуланы сақтамай айтатын болсақ, барлығы араласып,
қарсы тарапқа түсініксіз болып қалады. Критика, эмоция,
өткен шақ, қателіктер, өтініш, барлығы араласып кетеді.
Фактілерді не үшін міндетті түрде айту керек? Себебі факт
айтсаңыз, адамға нақты не жайлы айтып жатқаныңыз
түсінікті болады. Мысалы, күйеуіңіз сізге дөрекі сөйлеп
қойды да, сіз ренжіп қалдыңыз. Енді өтініш айтатын кезде
факт келтірмей жалпылама айтатын болсаңыз, «сен үнемі
осылай дөрекілік көрсетесің» десеңіз, күйеуіңізге бұл әсер
етпейді. Нақты қай сөзді, қашан айтқанын фактпен
айтуыңыз керек. Ең бастысы жыламай, истерика көтермей,
айқайламай сабырлы тонда айтыңыз.
Эмоцияны
не үшін айтуымыз керек? Егер
эмоцияңызды сөзбен «мен ашуланып тұрмын» немесе
«менің көңіл-күйім түсіп тұр» деп айтпай, тек қана
вербальды емес түрде, яғни жылап, жұлқынып,
қолыңыздағы затты лақтырып көрсететін болсаңыз екінші
тарап не үшін эмоцияға беріліп жатқаныңызды түсінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |