Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
190
Реніш. Мысалы, күні бойы еш демалмастан үйдің
шаруасын жасап жүріп, шаршап кетесіз де,
күйеуіңізге қарасаңыз, рахаттанып телефон қарап
жатыр. Ішіңізден «мен таңнан кешке дейін бір тынбай
үйдің шаруасын жасап жүрмін, бір дем алмадым, не
дұрыс тамақтанбадым. Ал
ол болса көмектесейін
деген ойы да болған жоқ» деген қатты реніш сезімі
болды. Осы уақытта қандай әрекетке бардыңыз?
Іштей тындыңыз ба немесе күйеуіңізбен сөйлеспей
қойдыңыз ба соның барлығын дәптерге түсіріңіз.
Ашу мен ыза. Мысалы, күйеуіңіз кешке достарымен
кездесіп, 10- да келемін деді. Бірақ сағат 10- да
келмеді, телефоныңызды алмады. Таңғы сағат 4-те
келді, әрі көп ішіп масайып қалған.
Сіздің ашуыңыз
келіп бір жаққа кетіп қалдыңыз немесе тамағын
дайындап бермей қоясыз. Дәл осылай күйеуіңіздің
қандай әрекетінен кейін ашуыңыз келіп,
сіз не
істегеніңізді толықтай жазасыз.
Уайым. Күйеуіңіз сізге ескертпей 1 күн бойы
хабарсыз кетті. Сіз уайымдап оның жұмыстас,
достарының барлығына хабарласып жатырсыз.
Осылай дәптерге жаза бересіз.
Бір апта бойы әр туындаған эмоция мен әрекетіңізді
жазып жүрсеңіз, алдағы уақытта өзіңізді түсіне
бастайсыз. Сізде пайда болған эмоция орынды ма
орынсыз емес пе, сол
эмоцияның жетегінде жасаған
әрекетіңіз дұрыс болды ма немесе эмоцияңыз
басылғанын күтіп басқаша әрекет етсеңіз дұрыс болар
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
191
ме еді, адамға тәуелді болғандықтан сізде сол эмоция
пайда болды ма немесе сіздегі эмоция қалыпты ма,
осының барлығын түсініп, эмоцияңызды бақылап
үйренетін боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: