Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы


Ойлаған əрбір ойыңды іске асырып, жайландыр



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата09.08.2024
өлшемі470.02 Kb.
#503137
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Аманжол Рысмендиев Кәсіпкерлік құпиясы

Ойлаған əрбір ойыңды іске асырып, жайландыр,
Əрекетті істеген – əдетіңе айналдыр.
Əдетің мен мінезің қалыптасып өседі,
Қалыптасқан мінезің тағдырыңды шешеді, -- дегендей, ойды
түзеу керек, ол əрекетке айналады, жақсы əрекет – жақсы əдеттің
бастауы. Ал үнемі жақсы істер істеуге əдеттенген адамның жақсы
нəтижеге жететіні ғылымда дəлелденген.
Жолы болмағыштар уақытты бағаламайды. Кез келген табысты
адам сізге уақыттың ең құнды ресурс екенін айтады. Тіпті жетістікке
жеткен адамдар уақытты ақшадан жоғары қояды.
Ал сіз немен айналысасыз? Twitter-дегі лентаны оқыдыңыз,
«Facebook» пен «ВКонтактеде» суреттерге лайк бастыңыз. Осылайша
алтын уақытыңызды болмашы дүниедерге сарп еттіңіз.


Бірақ əр жыл сайын өзіңізге жоспар құрасыз. Əр жыл сайын
өзіңізге «осы жылы жұмыс жасап, жағдайым жасап аламын» деп уəде
бересіз. Əр жыл сайын əртүрлі арман. Сіздің жоспарыңыз ешқашан
орындалмайды. Өйткені, орындалуы тиіс міндеттерге қажетті уақыт
бөлмейсіз. Уақытты басқаруды үйреніңіз, «жоқ» деп айтуды үйреніңіз
— бұл сіздің өміріңіздегі кез келген ортада жетістікке бастаушы сəтті
қадамдардың бірі болмақ. Ештеңені ертеңге қалдырмаңыз, əрбір сəтті,
уақытты бағалай біліңіз!
Жалқаулыққа жоқ дейік!
Жалқаулықты жеңіп жəне өміріңізді өзгерткіңіз келсе, жалқау
екендігіңізді мойындаңыз. Егер логикалық жағынан қарасақ,
жалқаулық деген шынымен жоқ, өйткені біз ұзақ уақыт жай жата
алмаймыз, ол мүмкін емес. Өйткені біз жүреміз, тамақ ішеміз,
демаламыз, ойлаймыз, бұны жалқаулық деп айтуға болмас.
Шынымен жалқаулық дегеніміз, адамның мақсатына жетуге
бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа жəне нəтижеге жету үшін өз
ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету үшін өз
ісіңізбен айналысқаныңыз жөн.
Өз еркіңді жеңу өте қиын. Яғни, қаламай тұрған істі істеу
немесе қалап тұрған нəрседен өзіңді тию тек ерік-күшін басқара
алатын адамдардың ғана қолынан келеді. Мəселен,
алдыңызға арықтаймын деп мақсат қойдыңыз, бірақ, еркіңізді жеңе
алмай «бүгінше жей тұрайын, ертеңнен бастап диетаға отырамын»
дейсіз. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дегендей ертеңіне тағы да


осылай жалғаса береді. Бірақ, қанша уақыт сырғып өтсе де дегеніңізге
жете алмайсыз.
Өйткені, сіз жалқаусыз. Өз денеңізді өзіңіз басқара алмайсыз.
Біліп қойыңыз, мұндай адам еш жетістіктерге жете алмайды. Ал ерік-
күшін жеңе алатын, өзінің бойын да, ойын да басқара алатындар
уақытты ерттеп мініп алады да мақсатына жетіп, айналасындағыларды
таң қалдырады. Ерік-жігерді қалай бағындыруға болады?
Жалқаулықтан арылу үшін, өзіндік даму ғылымын жетік
меңгерген, қайыршыдан миллионер болған Алекс Яновскийдің
айтуынша, ең алдымен, бүгін жаасайтын шаруаңды ешқашан ертеңге
қалдырмау қажет. Тіпті, уақытыңыз болмай, басқа шаруалар киіп кетіп
жатса да, бүгінгі ісіңізді міндетті түрде бүгін істеп машықтаныңыз. Бұл –
жалқаулықты жеңудің бірінші жəне негізгі тəсілі.
Екіншіден, арнайы блокнот сатып алыңыз. Сөйтіп, кешкілік
ертеңгі күнге жоспар құрып жазыңыз. Не істеу керек, қайда баруыңыз
қажет, кімге қалай сөйлегеніңіз дұрыс, үстіңізге не киесіз? Таңертең
үйіңізден шыққаннан кейін кешке үйіңізге келгенге дейін бəрі-бəрі
жоспарлы болуы керек. Жəне блокнотыңызда жазылғандардың
барлығын рет-ретімен орындауға өзіңізді мəжбүрлеңіз. Кежегіңіз кейін
тартса да бүгінгі атқарылуы керек жұмысты ертеңге қалдырмаңыз.
Мұны күнделікті берік əдетке айналдырыңыз.
Міне, қарапайым осы екі жаттығу арқылы сіз жалқаулықтан жүз
пайыз болмаса да, 90 пайыз көлемінде құтыла аласыз. Бұны жүзеге
асыру сізден ақшалай шығынды, көп күш-қуат немесе уақыт жұмсауды
қажет етпейді. Тек ниет пен ынта болса болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет