Динаева б. Б., Сапина с. М


Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру



Pdf көрінісі
бет102/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

2. Диссертацияларға қойылатын (Ғылыми дәрежелер беру 
Ережелерінің 8-10-тармағында және ғылыми қызметкерлердің тиісті 
мамандықтарының төлқұжаттарында) талап деңгейіндегі ғылыми 
нәтижелері.
Диссертация құрылымы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан 
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиет тізімі берілген. Жұмыстың 
тараулары 
мен 
бөлімдеріндегі 
нәтижелерді 
жинақтап 
айтқанда, 
М.С.Баймаханованың «Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік 
дәстүр жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» атты диссертациялық 
зерттеуінің қорытындысы бойынша мынадай ғылыми нәтижелерге қол 
жеткізілген:
1. Абай мен Шәкәрім шығармаларының үлттық таным мен ұлттық 
құндылықтар жүйесін танытатын тілдік көріністері нақты тілдік деректермен 
дәлелденген.
2. Абай мен Шәкәрім шығармаларына ортақ негізгі концептілер жүйесі 
анықталған.
3. Абай мен Шәкарім шығармаларындағы әлемнің тілдік бейнесінің 
сипаты тірек концептілер аясында қарастырыл ып, олардың тілдік моделіне 
талдау жасалған.
174


Бұлар жұмысть - қол жеткен табыстарын танытып, докторлық 
диссертацияға қойылатын талаптардың деңгейіне сәйкестігін көрсетеді.
3. Ізденушінін диссертацияда тұжырымдалған әрбір нәтижесінің, 
тұжырымдары мен қорытындыларының негізделу және шынайылық 
дәрежесі.
«Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығы 
(когнитивтік аспектіде)» тақырыбындағы зерттеу нақты тілдік деректер 
мен теориялық еңбектерге негізделген.
Атап айтқанда, зерттеу еңбектегі бірінші нәтиже аталмыш мәселе 
туралы жазылған, жарық көрген арнаулы әдебиеттерді пайдалана отырып, 
поэтикалық мәтін тілін когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеудің 
теориялық негізін анықтауға арналған тілдік материалдарға қажетті 
ғылыми әдістер негізінде алынған.
Қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы толыққанды нысан ретінде 
зерттелмеген Абай мен Шәкәрім шығармаларына ортақ негізгі концептілер 
жүйесін саралап жіктеуі ізденушініңзерттеу қорытындысынан алған екінші 
нәтижесі болып табылады.
Диссертация тақырыбының көкейкесті мәселесі болып табылатын 
үшінші нәтиже қазақ тіл біліміндегі таным - мәдениет - тіл үштігінің 
қағидалары негізінде қос ақын шығармаларындағы әлемнің тілдік 
бейнесінің көріністеріне тілдік деректер арқылы когнитивтік құрылым 
тұрғысында ғылыми талдау жасауы диссертанттың жинаған тілдік 
материалдарға жасаған өзіндікғылыми жіктемесінің негізінде түйінделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет