Зерт т еудің т е о р и я л ы қ м ә н і автордың жаңалығы
бар теориялық
түжырымдары мен ережелерінің маңыздылығын айқындау жолымен
анықталады. Зерттеу нәтижелерін болашақта ғылымның нақты бір
саласында қолдануға мүмкіндік беретін тұжырым ретінде беріледі.
Зерт т еудің п р а кт и ка л ы қ м ә н і автордың ұсынған практикалық
ұсынымдарын қолдануға мүмкіндік беретін нұсқаулық ретінде беріледі.
Практикалық тапсырма.
1) Төмендегі мақала тақырыбының өзектілігін
анықтаңыз.
«ТҮРКІСТАН УӘЛАЯТЫ ГАЗЕТІНДЕГІ»
БАҒ АЛАУЫШТЫҚ ЛЕКСИКА
Газеттің әсер ету қызметі бағалауыштық категориясымен тығыз
байланысты.
Бағалауыштық - логикалық, философиялық ұғым.
Адам айналадағы өмірді тіл арқылы таниды, тілдің көмегімен
бейнелейді, ой ойлайды. Адамның әлем туралы пайымдаулары
дескриптивті
немесе
аксиологиялық
тұрғыдан
тұжырымдалады.
Басқаша айтсақ, адам өзін қоршаған құбылыстарды тек сипаттайды
және хабарлайды немесе бұл құбылыстарға баға береді. Баға объективті
және субъективті тұрғыдан беріледі. Объективті
баға - әрбір қоғамдағы
моральдық-этикалық ұстанымдарға сәйкес, қоғам дұрыс деп қабылдаған
немесе жалпы адамзаттық нормалар тұрғысынан берілетін баға. Ап
субъективті баға дегеніміз - әлемге деген оң немесе теріс бағаланған
өзінің жеке көзқарасы арқылы ақпарат қабылдаушыға белгілі дәрежеде
әсер етуге қол жеткізу. Мысалы, оң және теріс бағалауышты екі қатарды
алайық:
әдемі, керкем, сүлу, періштедей, хор қызындай және
ақылсыз,
ақымақ мисыз, тауықтың миындай миы жоқ есектің миын жеген. Бұл
сөздердегі әлдебір адамға берілген мінездемеде үдемелі экспрессия анық
көрініп тұр. Апғашқы (әдемі, көркем, сұлу, ақылсыз, ақымақ) сөздерден
бұл сөздерді айтып отырған адамның объективтілігі туралы әсер туады,
яғни автор тек хабарлап отырған сияқты, ал періштедей, хор қызындай,
мисыз, тауықтың миындай миы жоқ, есектің миын жеген сөздері автордың
жақсы көруін және/немесе жек көруін бейнелі түрде беріп,
оның сөйлесім
(говорение) сәтіндегі эмоционалдық жағдайын көрсетіп тұр.
Бағалауыштық орыс тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді
(А.А.Ивин, Е.М.Вольф, Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Ю.Д.Апресян т.б.). Газет
тіліндегі бағалауыштық лексика терминін қазақ тіл білімінде Н.Уәлиев,
А.Алдашева, Б.Момынова, Г.Смағұлова, О.Бүркітов, Ф.Жақсыбаевалар ез
еңбектерінде қолданған.
Тілдік құралдағы бағалауыштық компонент адам ойымен, санасымен
тығыз байланысты. Кез келген бағада объектілі- субъектілі қатынас
24
болады. Бұл қатынас бағаның құрылымымен анықталады. Субъект
бағалауыштық бірлік (единица) арқылы объектіге белгілі бір жағынан баға
береді. Е.М.Вольф бағаны модальды құрылым ретінде танып, ашық немесе
жасырын түрде келетін баға субьектісін (жеке тұлға немесе социум), баға
обьектісін (адам, зат немесе оқиға), бағалау элементін және бағалау шегін
оны құрайтын элементтер ретінде керсетеді [1,8]. А.А.Ивиннің
айтуы
бойынша, бағаның компоненттері - субьект, пән (предмет), характер, негіз
(основание) [2, 21].
Қазақ газеттері лексикасын зерттеуші Б.Момынова бағалауыштық
лексика туралы, оның әлеуметтілігі мен бағалауыштық лексика
элементтерінің жүйесі туралы айта келіп, бағалаушы субьектінің үш түрлі
қызметін көрсетеді:
1) бағалап отырған затты, процесті, құбылысты танып білу арқылы
іске асатын танымдық функция;
2) өз тарапынан баға беру функциясы;
3) прагматикалық әрекетпен байланысты
эмотивті-квалификативті
функциясы [3, 133].
Ғалым сөздердің баға берудегі мүмкіндіктеріне қарай мағынаның
аясында оң және/немесе теріс бағалауыштық қасиеті бар сөздерді
актуалды бағалауыш сөздер, ал белгілі контексте жүйелі түрде қолданыла
келе бағалауыштық сипат алатын сездерді әлеуетті (потенциалды)
бағалауыш сөздер деп атайды [2,134].
Ф.Жақсыбаева езінің «Газет мәтінінің прагматикалық функциясы
(Қазақ
тілінде
шығатын
газет
материалдары
бойынша)»
атты
кандидаттық
диссертациясында
бағалауыштық
лексиканы
газет
мәтінінде прагматикалық қызмет атқаратын макрокомпоненттердің
бірі ретінде көрсетеді. Баға беруде прагматиканың маңызы зор. Газет
тілінде қолданылатын
бағалауыштық лексика әлеуметті, яғни қоғамдағы
құндылықтар шкаласының өзгеруіне байланысты баға да өзгермелі
сипатқа ие,
Бағалауыштық - қазақ тіл білімінде әлі де жан-жақты, терең зерттеуді
күтіп тұрған күрделі категория. Біз өзжұмысымызда
бағалауыштық
тілдік
Достарыңызбен бөлісу: