Динаева б. Б., Сапина с. М


«Қазақ тілі және аударма мәселелері», «Қазіргі қоғам талабы -



Pdf көрінісі
бет26/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

«Қазақ тілі және аударма мәселелері», «Қазіргі қоғам талабы -  
мемлекеттік тілді білу», «Абай - қазақ халқының улы ақыны» 
сияқты тақырыптар да сәтсіз таңдалған тақырыптар қатарына жатады.
Соңғы талап - тақырыптың тілдің стильдік нормасына сай құрылуы, 
яғни атауда бірдей сөз тұлғасының қайталанбауы, изафеттіктіркестердің 
дұрыс құрылуы, сөздер мен сөз тіркестері грамматикалық заңдылыққа 
сәйкес байланысуы тиіс. Бұл айтылғандарға зерттеу жұмысының тілін 
талдау кезінде қайта ораламыз.
Практикалық тапсырма.
1. 
Оқытушы мен студент арасындағы тақырып 
таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай 
аяқтар едіңіз? Неге?
Оқытушы: Қандай тақырыпты таңдадыңыз?
Студент: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым 
келеді.
Оқытушы: Неліктен дәл осы тақырыпты таңдадыңыз?
Студент: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі 
орындағанстуденттөмеқалкөшіргенстудентжоғары бағаалыпжататыны 
жасырын емес. Студенттердің барлығы академиялық адалдықты сақтау 
керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неге?
Оқытушы: Бұны білу сізге не үшін қажет?
Студент: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы біздің 
университетте нормаға айналып кете ме деп қорқамын. Олай болса
студент оқу бітіргеннен кейінгі ересек емірінде да осылай жасауы мүмкін 
ғой.
Оқытушы: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз 
келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық 
қағидаттарын 
тиімді 
енгізудің 
жолдары 
қандай? 
Студенттердің 
академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай?
Студент: ..., се б е б і....
33


2) Сәтсіз қүрылған тақырыптарды көрсетіңіз, ойыңызды дәлелдеңіз, 
ез нұсқаңызды ұсыныңыз.
«Мемлекет пен діннің арақатынасы»
«Лаңкестікпен күрес»
«Халықаралық келісімшарттардың релі»
«Жайсаңбек Молдағалиевтің шығармашылық жолы»
«Мемлекет имиджін қалыптастырудың кейбір мәселелері» 
«Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы концепт аясы»
«Италияның Орта Азия елдерімен екіжақты келісімдері»
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы үшінші мыңжылдықта пайда 
болған ең жас өңірлік халықаралық ұйымдардың бірі ретінде»
3) Мына тақырып атауларын қос нүкте, жақша белгілерін 
пайдаланып, қысқартыңыз
а)«Араб, ивриттілдерінеортақдінижәнеклассикалықесімдердің 
ағылшын антропонимдерінің қорында алатын орны мен олардың 
қазақ антропонимдерінің қатарындағы көрінісі»
ә) «Әлемдік сараптамалық талдау орталықтарының рейтингіне 
салыстырмалы талдау жүргізу негізіндегі сараптамалық талдау 
орталықтарының бүгінгі даму үрдісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет