Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет28/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

МАЗМ¥НЫ
КІРІСПЕ 
..............................................................................................3
1 ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕН ОНЫҢ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ ........................................................................... 4
1.1 
Яссауи ілімінің зерттелу тарихы .....................................................4
1.2 
Яссауи хәл іліміндегі философиялық ойлар ............................... 1
2 ЯССАУИ ІЛІМІНДЕГІ ҮЛТТЫҚ ДӘСТҮР МЕН
ДІН САБАҚТАСТЫ ҒЫ .............................................................................. 8
2.1 «Диуани хикмет» пен халық дәстүрінің ұш тасуы ............................8
2.2 Яссауи дәстүрі - қазақ дәстүрімен үйлесім тапқан
рухани құбылыс............................................................................................ 10
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................ 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ................................................... 13
ҚОСЫМША 
............................................................................................. 14
/
 
Практикалық тапсырма
1) 
Төмендегі ғылыми жоба тақырыптарына жоспар 
(// М  Му 
қүрыңыз
1. Интернет желісі қарым-қатынасындағы тіл мәдениеті.
2. Қазақ тіліндегі өлшем 
(ұзындық, 
келем, 
салмақ, 
уақыт) 
мағыналы фразеологизмдердің ұлттық-танымдық 
ерекшеліктері.
3. Абай шығармалары тілінің танымдық-философиялық мәні
4. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі әдет-ғұрып лексикасы
2) Өз ғылыми жобаңыздың жоспарын құрыңыз.
36


2.6 Зерттеу жұмысының материалын жинау
Енді зерттеудің материалын жинау жұмысына 
келейік. 
Материал 
ретінде зерттеу мәселесімен 
байланысты деректер, идеялар, мысалдар, бақылау 
нәтижелері және т.б. түсініледі. Зерттеу тақырыбына 
қатысты белгілі қор жинақгалмаса, жазбаша жұмысыңыз 
ғылыми жақтан шынайы, дәл емес, құр сөзге құрылған, 
қызықсыз еңбек болып шығады. Ақпарат жинауға 
жіберілген уақытыңызды босқа кеткен уақыт деп есептемеңіз. Алдын ала 
жасалған жоспарыңызға сәйкес жиналған материалыңыз неғұрлым көп 
болса, жұмысыңыз соғұрлым ғылыми тұрғыдан дәйекті, дәлелді еңбек 
болады.
Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де электронды қорлардан 
бастаған дұрыс. Сіз жаңадан Америка ашып жатқан жоқсыз, сіздің зерттеу 
мәселеңіз бұрын-соңды, сізге дейін де жанама, ішінара түрде болса 
да, басқа авторлардың еңбектерінде сөз болмауы мүмкін емес. Олай 
болса, сізге дейін осы мәселе турасында зерттеулер жүргізген, сіздің 
зерттеу мәселеңізге ұқсас тақырып бойынша еңбек жазған адамдардың 
жұмыстарымен танысуыңыз міндетті. 
Ең алдымен, 
кітапхананың 
каталогімен (карточкалық немесе компьютерлік) танысыңыз. Каталогте 
көрсетілген әдебиеттерді жинап алып, қайсысын толық оқып шығасыз
қайсысын тек қарап шығатыныңызды анықтаңыз. Бұл үшін кітаптың 
аңдатпасын, 
мазмұнын, 
түрлі 
тараулардан 
бірнеше 
абзацтар, 
пайдаланылған әдебиеттерін қарап шығыңыз. Бұдан соң барлық 
дереккөзді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет