Динаева б. Б., Сапина с. М


-тақырып. ҒЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?



Pdf көрінісі
бет6/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

1-тақырып. ҒЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Ғылым» деп адамның білім алуын, жүйелеу және 
тексерубағытындағықызметініңтүрінайтамыз. Білімніңбәрі 
ғылыми білімге жатпайды, олардыңжақсы тексерілгендері 
мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім кәдімгі 
қарапайым білімді теріске шығармайды, олардың екеуі 
де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана 
ғылыми білімге айналады.
Ғылым дегеніміз - адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы 
туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы.
Ғылымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау 
заңдылықтары мен танымның объективтік заңдылықтарын ашу.
Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда 
болды. ¥зақ уақыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек Х\/І-Х\/І1 
ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым қуатты күшке айналып, 
индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септігін тигізді. Содан бері 
ғылым практикамен тығыз байланыста дамып келеді. Сол кезеңнен бүгінгі 
ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне 
қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның 
тікелей ендіргіш күшіне айналып отыр.
1.1 Ғылымның қоғамдағы рөлі
Ғылым 
-
білім 
алуға 
бағытталған, 
білімнің 
жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның 
шығармашылык қызметі және сол қызметтің нәтижесі. 
Ғылым 
қарапайым 
тәжірибенің тарихи 
дамуында 
жинақталған ақпараттардың, 
сілтемелердің, 
қызмет 
пен пәнге берілетін нұсқаулардың жиынтығы болып 
табылатын 
стихиялы, 
тәжірибелік 
білімдермен 
салыстырғанда, 
жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым табиғат (материалдық) дүниесі мен 
қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді.
Ғылым біртұтас бола тұра, жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар 
білім салаларына жіктеледі. Олай беліну бізді қоршаған дүниенің 
көптүрлілігінен болар, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы 
қызметтің белгілі бір жақтарын зерттейді. Осыған орай табиғат туралы 
ғылымдар - жаратылыстану, қоғам туралы - қоғамтану (әлеуметтік 
және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы - логика
геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке 
бір саланы кұрайды. Математика - өзі бір арнайы ғылым.
9


Ғылым 
салаларының 
өздері 
жеке 
ғылымдарға 
белінеді. 
Жаратылыстану ғылымдарының күрамына - механика, физика, химия, 
биология; қоғамтану ғылымдарына - тарих, экономика, құқықтану
психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар 
ғылыми пәндерді құрайды. Мысалы, физика оптикаға, қатты денелер 
физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінің пәніне орай философия 
барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық 
кезеңцерінде өзін көрсетеді.
Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін 
төрт қажетті элементтен тұрады:
• 
ғылым субъектісі - ғалым. Ғылым субъектісі жеке адам немесе 
ғылыми ұжым болуы мүмкін;
объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми 
пәннің зерттейтін нысаны;
• 
ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен 
тәсілдер жүйесі;
• 
табиғи немесе жасанды, езіндік қолтаңбалы тіл (белгілер, 
терминдер, символдар, химиялық формулалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет